Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ащыкөл ойысы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ащыкөл ойысы – Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында жатқан ойыс. Ол Бетпақдаланың жазықты оңт.-батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км-дей. Өзендердің құмтасты-сазды және құмды аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Ойыстың орта тұсында Ақжайқын және Ащыкөл көлдері орналасқан. Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 27°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 мм. Сор, сортаң және шалғынды сортаң топырағында қамыс, айрауық, ажырық, боз жусан, теріскен және баялыш өседі. Үлгі:Суретсіз мақала