Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шонкинит"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Қазақ энциклопедиясы 9 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редак using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ШОНКИНИТ (АҚШ-тағы Шонкин өзені атымен аталған) – сілтілі габброидтарға жататын интрузиялық тау жынысы. Ол ортоклаз (35 – 40%) бен моноклиндік пироксен-авгит (60 – 65%), эгирин-авгиттен тұрады. Қосымша минералдарына: биотит, оливин, сілтілі амфибол, плагиоклаз, нефелин, содалит, ал акцессор минералдарына: апатит, магнетит, сфен жатады. Бітімі шомбал, құрылымы орта, ірі түйірлі. Шонкинит басқа да сілтілі плутониттермен бірге кездесіп, штоктар, лополиттер, сақина тәрізді денелер құрайды. Шонкинит массивтері Орталық және Оңтүстік Қазақстанда бар. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>
Дереккөздер
<references/>