Шонкинит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШОНКИНИТ (АҚШ-тағы Шонкин өзені атымен аталған) – сілтілі габброидтарға жататын интрузиялық тау жынысы. Ол ортоклаз (35 – 40%) бен моноклиндік пироксен-авгит (60 – 65%), эгирин-авгиттен тұрады. Қосымша минералдарына: биотит, оливин, сілтілі амфибол, плагиоклаз, нефелин, содалит, ал акцессор минералдарына: апатит, магнетит, сфен жатады. Бітімі шомбал, құрылымы орта, ірі түйірлі. Шонкинит басқа да сілтілі плутониттермен бірге кездесіп, штоктар, лополиттер, сақина тәрізді денелер құрайды. Шонкинит массивтері Орталық және Оңтүстік Қазақстанда бар. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шонкинит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}