Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Римма Қалманбайқызы Ниязбекова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ()
 
ш ()
(айырмашылығы жоқ)

13:24, 2026 ж. сәуірдің 25 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Римма Қалманбайқызы Ниязбекова — техника ғылымының докторы (2007), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1960 жылы 13 қазанда қазіргі Түркістан облысында туған.

Қазақ химия-технология институтын (1983, қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті), Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасын (1988) бітірген.
Қазақ химия-технология институтында аға оқытушы, доцент (1988-93, 1996-2001), Қаратеңіз техникалық университетінде доцент, докторант (1993-96, Түркия), Ақмола технология және бизнес университетінде кафедра меңгерушісі, ғылыми орталықтың бастығы (2001-04) қызметтерін атқарған. 2004 жылдан Еуразия ұлттық университетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

2006 жылы "Индустрия қалдықтарының негізінде композициялық материалдарды әзірлеудің теоретикалық негіздері тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
180-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 2 электронды оқулық пен 10 оқу құралының авторы.

Марапаттары

  • Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
  • Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің грамотасы (2010 );
  • "Инновациялық Қазақстан" жобасы, "Ресурс сақтау" номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом (2012).<ref>Ниязбекова Римма Қалманбайқызы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Известные учёные.