Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Серіккүл Көпешбайқызы Сәтенова"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Серіккүл Көпешбайқызы Сәтенова — филология ғылымының докторы, профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған.
Қызылорда педагогикалық институтын (1982, қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті), Тіл білімі институтының аспирантурасын (1989) және докторантурасын (1997) бітірген.
1982-84, 1990-94 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1998-2005 жылдары қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі, декан, 2005-09 жылдары Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 2009 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – фразеология, салғастырмалы тіл білімі, этнолингвистика, лингвомәдениеттану.
"Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 3 оқулық, оқу құралы мен әдістемелік құралдың авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі (2010);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2012);
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2015);
- "Лев Гумилев" медалі (2018).<ref>Сәтенова Серіккүл Көпешбаевна.</ref>