Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Лаура Ғибратқызы Ерекешева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(→‎)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Лаура Ғибратқызы Ерекешева (3 тамыз 1966) — тарих ғылымының докторы (2009), доцент (2007), профессор.

Білімі, еңбек жолдары

ҚазМУ-ды (1989, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Үндістан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академиясын (1992, Дели, Үндістан), Мəскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия жəне Африка елдері институтының аспирантурасын (1990-97) бітірген.
ҚазМУ-да ассистент, оқытушы, аға оқытушы (1989-2001), ҚР Президенті жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылыми қызметкер (2000-01), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы істер жəне талдау орталығында сарапшы (2001-02), Еуразия экономикалық қауымдастығында бас маман (2004-05), 2002 жылдан ҚР БҒМҒК Шығыстану институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер.

Ғылыми еңбектері

"Религия и социо-культурные системы в истории Центральной Азии" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Марапаттары

  • "Үндістанның мәдени байланыстар кеңесінің зерттеуші сыйлығы" медалі (2016);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудағы қызметі үшін" төсбелгісі (2017);
  • "Қазақстан Республикасының үздік ғылыми қызметкері" республикалық байқауының жеңімпазы (2022).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер