Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (→Өмірбаяны: clean up, replaced: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті → Марат Оспанов атынд using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков (17.3.1931 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1980), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003).
Өмірбаяны
- Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1958).
- Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1958–1971)
- Ақтөбе медицина институтында жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі (1971–1974).
- Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1974–90)
- Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (1990–1995) кафедра меңгерушісі.
- 1995 жылдан Шымкент медицина институтының кәсіби аурулар мен жалпы гигиена кафедраларының меңгерушісі болды.
Еңбектері
Негізгі еңбектері еңбек гигиенасы мен адам физиологиясы, эргономика, кәсіби патология, әлеуметтік гигиена мәселелеріне арналған.
- Семей ядролық полигонының және антропогендік экологияның сол аймаққа тигізіп отырған зардаптарын да зерттеген.
- Ол еңбек гигиенасымен шұғылданушылардың қазақстандық мектебінің негізін қалады.
Марапаттары
«Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 17 наурызда туғандар
- 1931 жылы туғандар
- Алматыда туғандар
- Қазақстан гигиенологтары
- Медицина ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қарағанды мемлекеттік медицина институты түлектері
- Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының профессорлары