Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жамал Әд-Дин Саид ат-Түркістани"
ш (±Санат:Орталық Азия математиктері→Санат:Туған жылы белгісіздер; ±Санат:14 ғ.→Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер (HotCat...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:16, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Жамал Әд-Дин Әаид ат-Түркістани, Жамал әд-дин Саид ибн Мұхаммед ибн Мосаддық ас-Соғди ат-Түркістани (т.-ө.ж. белгісіз, шамамен 14 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген) — Қазақстан мен Орта Азия өлкесінен шыққан математик. Ол Түркістан қ-нда білім алып, Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. “Китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабы”) трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медреселерде кеңінен пайдаланылған. “Китаб әл-Алаийя” еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан “Шарх китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабына түсініктеме”) атты түсініктеме жазып өңдеген. Түсініктеменің арабша қолжазбасы Ресейдің Шығыстану ин-ты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітапханасында сақтаулы тұр. <ref>Матвиевская Г.П., Розенфельд Б.А., Математики и астрономы мусульманского средневековья и их труды (8 — 17 вв.), М., 1983, кн. 2, с. 453; Дербісәлиев Ә., Қазақ даласының жұлдыздары, А., 1995.</ref>