Жамал Әд-Дин Саид ат-Түркістани

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамал Әд-Дин Әаид ат-Түркістани, Жамал әд-дин Саид ибн Мұхаммед ибн Мосаддық ас-Соғди ат-Түркістани (т.-ө.ж. белгісіз, шамамен 14 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген) — Қазақстан мен Орта Азия өлкесінен шыққан математик. Ол Түркістан қ-нда білім алып, Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. “Китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабы”) трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медреселерде кеңінен пайдаланылған. “Китаб әл-Алаийя” еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан “Шарх китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабына түсініктеме”) атты түсініктеме жазып өңдеген. Түсініктеменің арабша қолжазбасы Ресейдің Шығыстану ин-ты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітапханасында сақтаулы тұр. <ref>Матвиевская Г.П., Розенфельд Б.А., Математики и астрономы мусульманского средневековья и их труды (8 — 17 вв.), М., 1983, кн. 2, с. 453; Дербісәлиев Ә., Қазақ даласының жұлдыздары, А., 1995.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}