Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ришат Мүкімұлы Абдуллин"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:15, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Музыкант Ришат Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен — 12 қараша 1988, Алматы) — қазақ кеңес әншісі (баритон), КСРО халық әртісі (1967).<ref>Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Өмірбаяны
Кәсіби музыка өнеріне көркемөнерпаздар үйірмесінен келді. 1933 жылы Алматы музыкалық техникумында, 1936 жылы Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясында оқыды. Профессор А.И.Вишневский класында әннен сабақ алды. 1939 жылдан Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. Қазақтың ұлттық опера өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. "Абай", "Травиата", "Даиси", "Демон", "Ер Тарғын", "Біржан-Сара", "Кармен" т. б. операларда басты партияларды айтып, Абай, Жермон, Онегин, Киэзо, Эскамильо т. б. кейіпкерлердің образын жасады. Концерттік программасы да жан-жақты. Репертуарында қазақтың жүздеген өндерінен басқа орыс, татар т. б. туысқан халықтардың әндері бар. Р.Абдуллин Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Отбасы
- Егіз ағасы - Мүсілім Абдуллин (1916-1996), опера әншісі. Қазақ КСР халық әртісі (1947).
- Жұбайы - Лямига Абдуллина.
- Ұлы - Зәуір Абдуллин, опера әншісі (баритон).
- Немересі - Карина Абдуллина (1976 жылы туған), әнші, актриса.
- Қызы - Зухра.
- Ұлы - Шәміл.