Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Балайым Туғанбайқызы Кесебаева"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(removed AMP tracking from URLs (details) (report error) v2.2.7r tf_sq) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Балайым Туғанбайқызы Кесебаева (23 сәуір 1966, Жамбыл, Түркістан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер,мәжіліс төрағасының орынбасары (2021—2023).
Өмірбаяны
1966 жылы 23 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Жамбыл колхозында (қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы) дүниеге келді.
Білімі
1988 жылы Талдықорған заң колледжін, 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және 2012 жыды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін тәмамдады.
Мансабы
- 1985—1988 — Шымкент облыстық атқарушы комитетінің әділет бөлімінің құжатнама меңгерушісі;
- 1993—1994 — Алматы қаласының архитекторлық-проекттық кооперативінің іс-жүргізушісі;
- 1994—1994 — Қазақстан әділет министрлігінің конституциялық заңнамасы басқармасының 1 санатының кеңесшісі;
- 1994—1995 — Қазақстан әділет министрлігі шаруашылық қызметі басқармасының жетекші маманы;
- 1995—1997 — Қазақстан әділет министрлігінің заңнамасы бойынша Бас басқармасының бас кеңесшісі;
- 1997—1997 — Қазақстан әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің бас маманы;
- 1997—1998 — Қазақстан әділет министрлігінің халықаралық құқық заңнамасы департаментінің бас маманы;
- 1998—1999 — Қазақстан әділет министрлігінің халықаралық құқық және Заң департаментінің нормативтық актілерді жүйелі және кодификаттау бөлімінің бастығы;
- 1999—2002 — Қызылорда облысының әділет басқармасы бастығының орынбасары;
- 2002—2004 — Маңғыстау облысының әділет басқармасының бастығы;
- 2004—2004 — Маңғыстау облысының әділет департаментінің бастығы;
- 2004—2009 — Қазақстан әділет министрлігінің ішкі әкімшілік департаментінің директоры;
- 2009—2013 — Маңғыстау облысының Әділет департаментінің бастығы;
- 2013—2016 — Қызылорда облысы әділет департаментінің басшысы;
- 2016—2021 — Қазақстан парламенті мәжілісінің VI сайланым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2021—2023 — Қазақстан парламенті мәжілісінің VII сайланым депутаты, төрағасының орынбасары;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2023 — Алматы қаласы Әділет департаменті басшысы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Тұрмыста, 2 бала тәрбиелеуде.
Марапаттары мен атақтары
- Құрмет ордені;
- Парасат ордені;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі;
- Ерен еңбегі үшін медалі;
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі;
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі;
- Әділет органдарын дамытуға қосқан үлесі үшін медалі;
- Әділет органдарының құрметті қызметкері.
Дереккөздер
Санат:
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағасының орынбасарлары
- Қазақстан заңгерлері
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Аманат партиясының мүшелері