Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәния Мәдиқызы Еспаева"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Дәния Мәдиқызы Еспаева (5 наурыз 1961, Жайсаң, Мәртөк ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2026 жылдан бастап «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы. 2016–2026 жылдары Мәжіліс депутаты және 2023–2026 жылдары Мәжіліс төрағасының орынбасары.
Мазмұны
Өмірбаяны
1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң ауылдық округінде дүниеге келді. Кіші жүздің Табын руының Жетіру тайпасынан шыққан.
Білімі
1982 жылы Алматы есеп және несие колледжін және 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “экономист” мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы
Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық басқармасының несиелеу бөлімінің экономисі қызметінен бастап, бұл қызметте 1986 жылға дейін болды. 1987 жылы аға экономисі болып тағайындалды.
Әрі қарай 1988—1991 жылдары Промстройбанк облыстық басқармасының ақша айналымы бөлімінің аға экономисі болды.
1992 жылы «Тұран» бірлескен кәсіпорны Ақтөбе филиалының бас есепшісі;
1992—1995 — «Тұран» бірлескен кәсіпорны Ақтөбе филиалы директорының орынбасары;
1995—1997 жылдары Alem Bank Kazakhstan Ақтөбе облыстық департаментінің несиелеу бөлімінің басшысы, бас маманы, басшының орынбасары қызметтерінде болды.
1998—2005 — БТА Банкі директорының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары;
2006—2014 — БТА Банкі Ақтөбе филиалының директоры;
2008—2016 — Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі;
2014—2016 — Казкоммерцбанк Ақтөбе филиалының директоры;
2016 жылы 5 ақпанда Ақ жол демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаты және Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі атанды.
2021 жылы Ақ жол демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаты және 2022 жылы “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының мүшесі атанып, өкілеттілігі 2023 жылдың 28 наурызына дейін созылды.
2023 жылғы 28 наурызда тағы да Ақ жол демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаты, ал келесі күні Мәжіліс төрағасының орынбасары атанды.
2026 жылғы 13 маусымда «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.<ref>Дәния Еспаева "Ақ жол" партиясының жаңа төрайымы болды</ref>
Президенттікке үміткерлігі
2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасынан кейін Ақ жол демократиялық партиясының 6 мүшесі президентікке үміткерлікке үміт білдіретіні жария болды. Партия төрағасы Азат Перуашевтың ұсынысымен жасырын сайлау арқылы 6 мүшенің ішінен 1 адам үміткерлікке сайланды, ол — Еспаева болды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша партия съезіне қатысқан 170 делегат Еспаеваның кандидатурасын қолдаса, 15-і қарсы болып, ақырында 24 сәуірде кандидатурасы ұсынылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
25 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
26 сәуірде Еспаева қазақ тілінен міндетті емтиханды сәтті тапсырып<ref>Үлгі:Cite web</ref>, келесі күні Орталық сайлау комиссиясы Еспаеваның кандидатурасы сайлау талаптарына толық сәйкес келетінін хабарлады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 10 маусымда жариялаған нәтижесі бойынша Еспаеваға 465 714 адам дауыс беріп, ол 5,05 % жинады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Қоғамдық көзқарасы
Еспаева өз еңбек жолында сексизммен күресті. Мысалы, 2019 жылғы 24 сәуірде Ақ жол партиясының XV съезінде жасырын дауыс беру кезінде өзінің сайлауалды үгітінде кәсіпкер әйелдердің құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты жойып, үлкен сыбайлас жемқорлық дауларына ерлердің үнемі араласатынын айтты.Үлгі:Start citation Пленумда кейбір ер-азаматтарымыздың аузынан қазақта әйел озық емес, әйел өз орнын білу керек деген сөз естілді. Бұл маған шынымен де әсер етті. Қазақстан халқының 52 пайызын әйелдер құрайды. Негізгі мәселе неде? Ана мен көп балалы отбасы мәселесі. Ал мен әйел, ана ретінде бұл мәселені жан-жақты түсініп, нақты, дұрыс шешімдер таба аламын деп ойлаймын. Үлгі:End citation<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Ажырасқан, екі баласы және екі немересі бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>