Жайсаң (Ақтөбе облысы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Жайсаң — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Жайсаң ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Мәртөк ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, боз, селеу, көде айрауық өскен қызыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2719 адам (1290 ер адам және 1429 әйел адам) болса, 2009 жылы 2320 адамды (1107 ер адам және 1213 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2774 адамды (1384 ер адам және 1390 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Тарихы
Іргесі 1897 жылы қаланған. 1930 жылы Энгельс атындағы ұжымшардың орталығы, 1957 жылдан “Жайсаң” астық кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді жолы және темір жол арқылы қатынасады.