Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сайлаукүл Жаппарқызы Барақова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(→‎Кіріспе бөлімін өңдеді)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Сайлаукүл Жаппарқызы Барақова (16.2.1947 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – ұстаз, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (1997 – 2002).

  • Түркістан педагогикалық училищесін (1964) бітірген.
  • Шымкент педагогика институтын (1972) бітірген.
  • Алматы партия мектебін (1987) бітірген.
  • 1964 – 2004 жылдары Сарыағаш ауданы «Сырдария» орта мектебінде мұғалім, аудандық мектеп бөлімінің меңгерушісі, аудандық, облыстық Жастар одағы комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Келес ауданы комитетінің, Шымкент қалалық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілігінде халыққа білім беру басқармасының бастығы (1992 – 97)
  • әкімнің орынбасары – білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.
  • 2001 жылдан облыс білім беру департаментінің бастығы.

«Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub