Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көкбай Жанатайұлы"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
||
| (басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Көкбай Жанатайұлы''' ([[1861]], [[Шығыс Қазақстан облысы]] Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – [[1925]], сонда) – ақын, ағартушы, [[Абай]] | + | [[Сурет:Kazakh intelligentsia (1918).jpg|thumb|280px|1918 жылғы фотода Көкбай ортада отыр]] |
| + | '''Көкбай Жанатайұлы''' ([[1861]], [[Шығыс Қазақстан облысы]] Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – [[1925]], сонда) – ақын, ағартушы, [[Абай Құнанбайұлы|Абайдың]] әрі шәкірті, әрі інісі. Абайдың “Жаз”, “Күлембайға” деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен [[1888]] – 89 ж. “Дала уалаяты газетінде” жарияланды. Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали қазірет медресесінде, уездік училищеде оқиды. Елге келген соң үнемі Абайдың жанында болады. [[1901]] ж. өз қаржысына [[медресе]] ашып, онда сол өңірдегі қазақ ауылдарының балаларын оқытады. Сабақ мұсылманша, орысша қатар жүрген. Оқулық ретінде шәкірттеріне “Араб тілінің қағидаларын” өлеңмен жазып шығады. Көкбай [[1908]] ж. қала тәртібімен биік мұнаралы [[мешіт]] салдырады. [[1913]] ж. [[Мекке]]ге барып, қажы атанады. Жаңаша оқу жүйесі шыққанда медресесін мұғалімдерге босатып береді. [[1921]] ж. ауруға шалдығып, [[Мәскеу]], [[Томск]], [[Санкт-Петербург]], [[Омбы]] сияқты қалаларға барып емделеді. Ауырғанына қарамастан [[1924]] ж. Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай [[Семей]]де өткен кешке қатысып, естелік әңгімесін айтады. [[1925]] ж. Мәскеуге емделуге бара жатқан сапарында дүниеден қайтады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref> | ||
==Шығармашылығы== | ==Шығармашылығы== | ||
| − | Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың [[Әріп (мұхамедғарып) Тәңірбергенұлы|Әріп]], [[Кемпірбай Бөгенбайұлы|Кемпірбай]], Жүнісхан, Жидебай, Саржан, Міржақыптармен айтыс, сөз қағысулары сақталған, әсіресе, нағашылы-жиенді Әріппен сөз сайыстары кең тараған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі [[Абылай хан]]ға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі [[Наурызбай батыр]] жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына [[М.Әуезов]] жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” ([[1985]]), “<ref>Бес ғасыр жырлайды</ref>” ([[1989]], т. 1), “Айтыс” ([[1988]], т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар “<ref>XX ғасырдағы қазақ ақындары</ref>” ұжымдық [[монография]]сы ( | + | Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың [[Әріп (мұхамедғарып) Тәңірбергенұлы|Әріп]], [[Кемпірбай Бөгенбайұлы|Кемпірбай]], Жүнісхан, Жидебай, Саржан, Міржақыптармен айтыс, сөз қағысулары сақталған, әсіресе, нағашылы-жиенді Әріппен сөз сайыстары кең тараған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі [[Абылай хан]]ға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі [[Наурызбай батыр]] жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына [[М.Әуезов]] жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” ([[1985]]), “<ref>Бес ғасыр жырлайды</ref>” ([[1989]], т. 1), “Айтыс” ([[1988]], т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар “<ref>XX ғасырдағы қазақ ақындары</ref>” ұжымдық [[монография]]сы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" кітабында (1994) жарияланды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref> |
| − | + | ||
| − | + | ||
| − | + | ||
| + | == Дереккөздер == | ||
| + | {{дереккөздер}} | ||
{{wikify}} | {{wikify}} | ||
| − | + | {{Kazakhstan-writer-stub}} | |
| − | {{ | + | |
[[Санат:Алаш қозғалысы]] | [[Санат:Алаш қозғалысы]] | ||
| − | |||
| − | |||
| − | |||
| − | |||
00:10, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Көкбай Жанатайұлы (1861, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – 1925, сонда) – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, әрі інісі. Абайдың “Жаз”, “Күлембайға” деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888 – 89 ж. “Дала уалаяты газетінде” жарияланды. Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали қазірет медресесінде, уездік училищеде оқиды. Елге келген соң үнемі Абайдың жанында болады. 1901 ж. өз қаржысына медресе ашып, онда сол өңірдегі қазақ ауылдарының балаларын оқытады. Сабақ мұсылманша, орысша қатар жүрген. Оқулық ретінде шәкірттеріне “Араб тілінің қағидаларын” өлеңмен жазып шығады. Көкбай 1908 ж. қала тәртібімен биік мұнаралы мешіт салдырады. 1913 ж. Меккеге барып, қажы атанады. Жаңаша оқу жүйесі шыққанда медресесін мұғалімдерге босатып береді. 1921 ж. ауруға шалдығып, Мәскеу, Томск, Санкт-Петербург, Омбы сияқты қалаларға барып емделеді. Ауырғанына қарамастан 1924 ж. Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай Семейде өткен кешке қатысып, естелік әңгімесін айтады. 1925 ж. Мәскеуге емделуге бара жатқан сапарында дүниеден қайтады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Шығармашылығы
Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың Әріп, Кемпірбай, Жүнісхан, Жидебай, Саржан, Міржақыптармен айтыс, сөз қағысулары сақталған, әсіресе, нағашылы-жиенді Әріппен сөз сайыстары кең тараған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі Абылай ханға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі Наурызбай батыр жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына М.Әуезов жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “<ref>Бес ғасыр жырлайды</ref>” (1989, т. 1), “Айтыс” (1988, т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар “<ref>XX ғасырдағы қазақ ақындары</ref>” ұжымдық монографиясы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" кітабында (1994) жарияланды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>