Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ертіс полиметалл кен орны"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Ертіс полиметалл кен орны - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 55 км жерде орналасқан. 1958 жылы ашылып, 1967 жылға дейін барланған.

Геологиялық құрылымы

Кен орны девонның жанартаулық-шөгінді жыныстарынан (кварцты-серицитті тақтатас пен микрокварциттер) құралған. Кен шоғырлары қатты тотығып, гидротермальдық өзгерістерге ұшыраған тау жыныстарында орналасқан.

Жатыс сипаты, құрамы

Кен денелері солтүстік-батысқа қарай бағытталған, жалпы ұзындығы 8 км, ені 150-200 м-дей линза пішіндес қабаттар. Кентас құрамына қарай күкірт-колчеданды, мыс-колчеданды, полиметалды болып бөлінеді. Негізгі кен минералдары: пирит, халькопирит, сфалерит, галенит. Кен орны көлемі жағынан орта кен орындарына жатады. Алынатын пайдалы компоненттер: қорғасын, мыс, мырыш. Ертіс полиметалл кенінің негізінде кеніш және Ертіс полиметалл комбинаты жұмыс істейді. <ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub