Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қармақкөл"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көл Қармақкөл – Торғай алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 75 м биіктікте.
Гидрографикасы
Аумағы 8,5 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 1,8 км. Ендік бағытта созылып жатқан Қармақкөл оңтүстігіндегі Байтақкөлмен ұзындығы 1 км болатын қыларнамен жалғасқан. Көлді Бөкенкөл, Жаркөл, Байтақкөл, т.б. шағын көлдер қоршап жатыр. Негізінен Торғай өзенінің суымен және жауын-шашынмен толысады.
Жағалау сипаты
Жағалауында қамыс, құрақ қалың өскен. Мұнда жыл құстары ұя салады. Суында балық бар. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>