Жаркөл (көл, Ақтөбе облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ЖаркөлТорғай алабында орналасқан тұзды көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде.

Гидрографикасы

Аумағы 14,1 км2, ұзындығы 9,5 км, енді жері 2,8 км. Жағалау бойының ұзындығы 30 км. Байтақкөл көлінің батысында, теңіз деңгейінен 76 м биіктікте жатыр. Солтүстік-шығысында Бөкенкөл көлі орналасқан, батысынан Сарыөзек өзені ағып өтеді. Суы қарашаның аяғында қатып, наурызда ериді. Суының тұздылығы жоғары, сілтілігі орташа.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер