Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құздықара (өзен, Атырау облысы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен Құздықара, Көздіқара, ҚоңқаОйыл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км.

Бастауы

Бастауын Жасқайрат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде Ойыл өзенінен бөлініп шығып, Байтақ, Қаттыкөл көлдеріне құяды. Жоғары ағысында Орлы көлі орналасқан.

Гидрологиясы

Жоғарғы және орта ағысы сортаңды шалғынды жазық жермен ағады. Қосқұлақ қыстауынан төменде құмтөбелер арқылы өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Сағасына таяу жерде бірнеше шағын тұзды көлдер жатыр. Арна суы Ойыл өзеніне тікелей байланысты. Жағалау бойы, әсіресе төменгі және жоғарғы ағысы шабындыққа пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер