Жасқайрат (Қызылқоға ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЖасқайратАтырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауыл. Ойыл ауылдық округінің орталығы.

Аудан орталығы — Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. Тайсойған құмынан ағып өтетін Ойыл өзенінің жайылмасы бойындағы ұсақ көлдердің солтүстік жағасында, шөлейт белдемде орналасқан.

Іргесі 1930 жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1963 жылы ұсақ ұжымшарлар негізінде құрылған “Қызылту” қаракөл қой кеңшарының орталығына айналды. Оның негізінде 1998 жылдан “Жасқайрат” акционерлік қоғамы, 4 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Жасқайратта орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, емхана бар. Тұрғындары аудан орталығымен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Халқы

2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 2026 адам тұрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қызылқоға ауданы елді мекендері