Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айғыз өзені"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Аягөз ауданы географиясы» деген санатты аластады; «Аягөз ауданы өзендері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Айғыз – Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен. Ұзындығы 81 км, су жинау алабының ауданы 865 км2. Көпжылдық орташа су шығыны 0,3 м3/сек.
Бастауы
Шыңғыстауындағы Ақшатау жотасының оңтүстігінде баурайынан басталып, Аягөз өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Өзен тік беткейлі, тар терең шатқалмен ағып, жазыққа шыққан соң ағысы баяуланады. Бұл тұста аңғарының ені 100-150 метрге кеңейеді. Айғыздың суы атмосфералық жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көктемде тасиды, суы егін және мал суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>