Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сарыөзен (өзен, Торғай алабы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Сарыөзен, ҚоңыраулыТорғай алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақмола облысының Жарқайың, Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 164 км. Су жиналатын алабы 10100 км2.

Бастауы

Сарыадыр қыратынан басталып, Саға ауылы тұсында Сарықопа көліне құяды.

Гидрографикасы

Суы мол жылдары Тәуіш өзені арқылы Торғай өзеніне жетеді. Ірі саласы — Үлкен Дәмді өзені. Арнасының ені 20 — 50 м, кей жерінде 160 м-ге жетеді. Жайылмасы 10 — 40 м, кейде 60 — 80 м-ге жетеді. Сарыөзен сәуір — мамыр айларында тасып, су деңгейі 2,5, кейде 4,8 м-ге дейін көтеріледі. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында 3,57 м2/с. Жазда иірім қарасуларға бөлінеді. Төменгі ағысындағы суы ауыз суға жарамды.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер