Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жабай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен

ЖабайЕсіл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақмола облысы Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 196 км, су жиналатын алабы 8800 км2.

Бастауы

Бастауын Зеренді тауынан алып, Тимашевка ауылының (Атбасар ауданы) тұсында Есіл өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Төменгі арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 400 м-ге дейін жетеді, суы тұщы (тұздылығы 0,8 — 1,0 г/л). Салалары - Жыланды, Айдабол, Сарымсақты. Көп жылдық орташа ағыны 0,89 м3/с. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Қазан айының аяғында қатып, сәуірдің екінші жартысында мұзы ериді. Өзенде көкбас, шортан, табан балық, шабақ бар. Суы шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер