Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарасай үңгірі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Жаңа бетте: {{Үңгір |Атауы = Қарасай үңгірі |Төл атауы = |Сурет = |Сурет тақырыбы = |Координаттары = 43/29/6/N/68/36/46) |
(Жаңа бетте: {{Үңгір |Атауы = Қарасай үңгірі |Төл атауы = |Сурет = |Сурет тақырыбы = |Координаттары = 43/29/6/N/68/36/46) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
12:51, 2023 ж. қаңтардың 30 кезіндегі түзету
Үлгі:Үңгір Қарасай үңгірі – Қаратау жотасының оңтүстік беткейіндегі карсты үңгірлердің бірі.
Географиялық орны
Түркістан облысының Бәйдібек ауданы жерінде, Кентау қаласының оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан.
Сипаты
Үңгірдің ұзындығы 200 м, ені 15 м, биіктігі 20 м. Ортаңғы палеозой дәуірінің әктасты қабатты судың шаюынан пайда болған. Мұнда бірнеше бүйірлік үңгір, тармақталған қуыстар және әр түрлі бейнедегі сүңгілер (сталактиттер) бар. Туристік экскурсия жасауға, сондай-ақ спелеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы орын.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>