Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қауынды"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ойпат Қауынды – Маңғыстау үстіртінің оңтүстігіндегі ойыс.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Каспий теңізінен 30 км жерде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ауданы 390 км2, ұзындығы 37 км, ені 17 км. Ойыс табаны теңіз деңгейінен 57 м төмен жатыр. Кемерлі шыңы көбіне әктастан түзілген және сай-жыралармен терең тілімденген. Ойыстың солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 115 м қалдық төбе бар, шет жақтарында суы тұзды құдықтар (Сарышоқы, т.б.) кездеседі. Мұнда су 6 – 10 м тереңдікте жатыр. Ойыс табанында жусан, сораң шөптер өседі. Қауындының солтүстік-батыс тұсынан мұнай, газ құбырлары өтеді.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>