Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жүсіп ата кесенесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Сипаттамасына ақпарат қосылды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Жүсіп ата кесенесіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан оңтүстік бөлігінде орналасқан. Кесене ауыл ортасындағы ортағасырлық Иқан қалашығы қирандысынан 500 м оңтүстік-шығыстағы көлемі үлкен қоныста (ХІІ-ХІХ ғасырлар) орналасқан.

Сипаты

Ескерткіштің шығыс бетінде Алматы – Самара тас жолы жатыр. Ескерткіш молалар арасында орналасқан. Ол жерге ең соңғы рет 2000 жылдай бұрын жерленген. Саман құрылыстың солтүстік жағы бүлінген. Кесене тікбұрышты 2–камералы құрылыс. Гурхананың сақталған бөлігі бір қабатты күмбезбен жабылған.

Портал солтүстіктен 40 градус еңкейіп Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бағытталған. Кесене 500 жылдай уақыт бойы өмірінде негізгі доменттарын жоғалтқан – яғни, Портал мен Зиаратхана қабырғалары бүлініп, біркелкі 3 метрдей биіктікте ғана сақталған. Ғимарат едені мүлде сақталмаған, оның орнына шөп өсіп кеткен. Гурханаға кіре беріс екі шетінде кейіннен жерленген қабірлер бар. Гурхана кіреберіс өзінің алғашқы қалпын жоғалтпаған. Есік жақтаулары мен темір торлар кейіннен қойылған. Қазіргі уақытта гурханада 8 қабір бар.<ref>Жүсіп ата кесенесі Үлгі:Webarchive</ref>

Ол туралы деректер көп сақталмаған. Аңыз, әпсаналар мен жергілікті көнекөз қариялардың айтуы бойынша Жүсіп атаны жергілікті халық «Ғашық Жүсіп» деп атаған, оның мәнісі «Аллаға ғашық» дегенді білдіреді. Иқан ауылының жергілікті тұрғыны Сайдалим Иулдаш Нұршиддинұлының жеке мұрағатынан Жүсіп ата туралы бірқатар деректер табылған. Бұл деректерге сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи сол заманда Ясы қаласының әкімі қызметін атқарған екен. Әкімнің бұйрығымен Жүсіп ата Иқан ауылына өкіл болып жіберіліпті. Ол кезде Жүсіп ата өзінің жүзімдерімен барлық елге танымал болған. Ахмет Ясауи Иқанға келгенде Жүсіп ата оған жүзімнің он екі түрінен дәм татқызған екен. Жүсіп ата сопылық ілімді толығымен меңгеріп, жоғарғы кемел дәрежесіне жетіп, әулие атанған. Жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша Жүсіп ата кесенесінде діни кітаптар өте көп болған. Өкінішке орай, Кеңес үкіметі орнағаннан соң біршама кітаптар өртеніп кеткен. Бірақ кесене ішінде жерленген тұлғалардың құлпытастары толық сақталған. Олар: Сабыр ата, Құрбан ата, Халил ата (Жүсіп атаның ұлы), Жүсіп ата, Ибраһим ата, Әбдіжалил ата, Асан ата, Әбді Әзиз ата құлпытастары. 2007 жылы археолог Марат Тұяқбаевтың жетекшілігімен археологиялық зерттеулер жүргізіліп, кесененің ХV ғасырда салынғандығы анықталды. Мешіт бөлмесінің күмбез жабыны, пештақ қақпасы археологиялық зерттеулер нәтижесінде толық қайта қалпына келтірілді.<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 40 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>

Кесененің бастапқыда Қабірхана мен Жамағатхана бөлмелері ғана болған, кейіннен ХХ ғасырдың басында жергілікті тұрғындар Асхана бөлмесін тұрғызған. Жамағатхана бөлмесінің күмбезі де, төбе жабыны да бізге дейін түпнұсқа күйінде жетпеген, тек Қабірхана бөлмесі ғана бүтін жеткен. Кесененің негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетас ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы жағдайда.  Жүсіп ата кесенесі қабірхана, жамағатхана бөлмелерінен тұрады және екі бөлме де күмбезделіп жабылған. Құрылыстың жалпы ұзындығы 14,2 м, ені 12,8 м, биіктігі 13,5 м. 2008-2010 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан Жүсіп ата кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.<ref name=":0" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері