Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қусақ жер асты су кен орыны"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Қазақстан су шаруашылығы → Санат:Қазақстан гидрографиясы) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қусақ жер асты су кен орыны, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары жерлерінде орналасқан.
Кен орны Қусақ және Ақтайлақ, сондай-ақ Данабұлақ өзендері аңғары бойымен 55-70 км-ге созылып жатыр. неоген сазының құмындағы орта төрттік кезеңінің қазіргі аллювийлі шөгінділерінің сулы қабатында шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстары саздақ және сазды, сондайақ қиыршықтас аралас құмнан тұрады. Жер асты суы арынсыз, 2-6 м тереңдікте жатыр, оның орташа қалыңдығы 8-15 м. Ұңғымалар дебиті 5-26 л/с. Жер асты суының минералд. 1 г/л-ден аспайды. Құрамы жағынан суы гидрокарбонатты, гидокарбонатты-сульфатты калцийлі және сульфатты-натрийлі. Жер асты суы негізінен жауын-шашынның грунт қабатында сүзілуінен толығады. 1990 ж. кен орнында пайдаланылатын қоры қайта бекітілді. <ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>