Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жалманқұлақ"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Гидрографикасы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көл Жалманқұлақ, ЖаманқұлақТеңіз-Қорғалжын алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде. Теңіз-Қорғалжын ойысының солтүстік жағында, теңіз деңгейінен 336,4 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Аумағы 15,43 км2, ұзындығы 5,2 км, ені 4,2 км. Қар, жер асты және көршілес жатқан Қожакөл жайылма суымен толысады. Жағасы, негізінен, тік жарлы (3-4 м), шығыс жағалауы жайпақ. Қарашасәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұзды, көктемде мал ішуге жарамды. Алабында қамыс өседі, құс ұя салады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер