Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жидебай батыр ескерткіші"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:00, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өнер туындысы Жидебай батыр ескерткіші Балқаш қаласында 2022 жылдың қазан айында бой көтерді.

Ескерткіштің ашылу салтанатында батырдың қазақ тарихында алар орны туралы деректер молынан баяндалды. Қазақ жерінің тұтастығын сақтауда асқан ерлігімен, табандылығымен танылған Жидебай Қожаназарұлы 1713-1813 жылдар аралығында өмір сүрген тұлға.<ref>Балқаш қаласында даңқты батыр Жидебай Қожаназарұлына ескерткіш ашылды — «Орталық Қазақстан», 07.10.2022.</ref>

Бес қаруын асынған батырдың алып бейнесін мүсінші Нұржан Биомаров жасап шыққан. Биіктігі 10 метр, ал салмағы 4 тонна. Қоладан құйылып, тұғыры мәрмәрмен қапталған.

Ұйымдастыру алқасының төрағасы Бақытжан Әрінов дегендей:<ref>Балқашта Жидебай батырға ескерткіш орнатылды Хабар 24, 18.10.2022.</ref>

Жидебай батыр туралы нақыл сөздер көп қалған. «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда» деген. Қаз дауысты Қазыбек би айтқан: «Замана өтпес болсайшы, Жидекем өлмес болсайшы» деп. Тағы да халықтың нақылы: «Ел шетіне жау келсе, атқа қонған Жидекем, ел ішіне дау келсе, таққа қонған Жидекем, қазағымның басына баққа қонған Жидекем» деп, бұл кісінің атына, сондай батырлығына ерлігіне үлкен баға берілген.

Сондай-ақ, Жидебай батырға арналған Нұрдос Кәрімнің сөзіне жазылған, сазгер Қуандық Сәденовтің әні «Баһадүр бабам, Жидекеңді» республикалық ән байқауларының жүлдегері Дәуренбек Әркенов нәшіне келтіре шырқады. Жиналғандар шашуын шашып, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер