Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәжікен Есенұлы Бутин"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:38, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Мәжікен Есенұлы Бутин (17 қаңтар 1910 жылы, Орал облысы Жаңақала ауданында туған — 18 қазан 1974 жылы, Алматыда қайтыс болған) — ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1967).
Биографиясы
Ленинград (Санкт-Петербург) тұтыну кооперациясы институтын (1931), Мәскеу экономика және тауартану институтының аспирантурасын (1933) бітірген. 1933 — 40 жылы Алматы, Челябі қалаларының жоғары оқу орындарында, 1941 — 43 жылы КСРО Ішкі істер халкомы жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. 1943 — 45 жылдары Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрінің орынбасары, 1945 — 54 жылдары Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрі, 1954 — 57 жылдары Целиноград (қазіргі Астана) облаткомының төрағасы, 1957 — 67 жылдары ҚазМУ-дің, Алматы халық шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі болды. 1957 жылы ҚазМУ-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырды. 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрінің 1-орынбасары болып істеді. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты — бухгалтерлік есеп, эконономика талдау салаларының теориялық және практикалық негіздері. Бутин, әсіресе, бухгалтерлік есеп саласының республикада орнығуына, бухгалтер мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Осы сала бойынша 50-ден астам еңбектің авторы. Кеңес Одағының ордендері және медальдерімен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Шығармалары
1. "Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік сараптау"; 2. “Қазақстан тамақ өнеркәсібінің экономикасы“;
Сілтемелер
1. «Мәжікен Бутинге арналды» 2. ««Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми форумы»
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәжікен Есенұлы Бутин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}