Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жалпақсу"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Жалпақсу – Қазақстандағы ежелгі палеолит ескерткіші.
Орналасқан жері
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Адай бөлімшесінен оңтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан.
Сипаты
Қаржантау қыраттарынан солтүстік-батыс беткейінен ағып шығатын шағын тау суларының бірігуінен құралатын Жалпақсу өзенінен 1,5 шақырым жерде орналасқан. Осы жерден 1973 жылы мустьелік ескерткіштің орны анықталды. Ескерткіштен шағын дөңгелек нуклеус, бірнеше үшбұрышты, кремнилі профириттен жасалған тас сынықтары және басқа тас бұйымдар табылды. Бұл ескерткіштердің барлығында мустьелік өңдеу техникасының белгілері сақталған.<ref name="test">Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X</ref>