Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қоңыртөбе қалашығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
()
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі түзету

Үлгі:Көне қалашық Қоңыртөбе қалашығы (X-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Жетібай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4,5 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашып, зерттеді. 1988 жылы Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-дың тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов, П.Е. Қаратаев), 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.

Сипаты

Қалажұрт екі бөліктен – қамал және шахирстаннан тұрады. Қамалдың солтүстік бөлігі, жоспарда ромб тәрізді, өлшемі – 90х90 м, биіктігі – 6 м. Оған оңтүстіктен шахристан жапсарласады. Шахристан тікбұрышты алаң түрінде сақталған, өлшемі – 160х150 м, биіктігі – 3-4 м. Ескерткіш қабырғалары дүниенің тараптарына бағытталған. Төбенің бұрыштары мен жандарының орталарында мұнаралардың орындары байқалады. Қалажұрттың үстінде әртүрлі көлемдегі төбешік түріндегі құрылыстардың қалдықтары аңғарылады. Шахристанның солтүстік-батыс бөлігінде өлшемі – 20х10 м, тереңдігі 1,5 м шұқыр қазылған.
Үстінен шарықта жасалған, сапасы жақсы, сырсыз қыш ыдыстардың сынықтары, қыш шлактары мен темір хрицтер сияқты материалдар жиналып алынған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер