Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сарайшық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Зерттеулер)

ш (1 түзету)

(2 қатысушының арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:

{{мағына|Сарайшық (айрық)}}

{{мағына|Сарайшық (айрық)}}
'''Сарайшық''', '''Кіші Сарай''' — [[орта ғасырлар]]да [[Алтын Орда]]ның ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала [[Жайық]] өзенінің қазіргі [[Атырау]] қаласынан 50 км жоғары орналасқан.

[[Сурет:Сарайшық. Құрылыс қалдықтары қалған XIII–XVI ғ-ғы қалашық орны.jpg|thumb|right|250px|Сарайшық қалашығы. Құрылыс қалдықтары қалған XIII–XVI ғасырлардағы қалашық орны.]]
== Тарихы ==

'''Сарайшық''' — ортағасырлық қала, [[Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген археология ескерткіші. Бүгінде ол жерде "Сарайшық" сапар орталығы туристтерге қызмет көрсетіп келеді.
Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласын пайда болуын тарихшы ғалымдар [[13 ғ.]], [[Шыңғыс хан]] мен [[Бату хан]]ның шапқыншылығымен байланыстырады.

Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер [[14 ғ.]] алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

[[File: Saraishik.JPG|thumb|upright|Сарайшық ауылы (көне қала орны)]]

Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пиала) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.

Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп жатыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргенішке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғ.ғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды.

== Орналасқан жері ==
Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.

[[Атырау]] қаласынан солтүстікке 45 км жерде, [[Махамбет ауданы]], [[Сарайшық (ауыл)|Сарайшық]] ауылы маңында, [[Жайық]] өзенінің оң жағалауында орналасқан.

== Қала өмірінің кезеңдері ==

Сарайшық қаласының негізін [[Әбілғазы Баһадүр хан|Әбілғазы Бахадүр]] ханның деректеріне сүйенсек, [[Шыңғыс хан|Шыңғыс]] ханның немересі [[Бату хан|Бату]] хан қалаған екен. [[Алтын Орда|Жошы ұлысы]] империясындағы ірі қалалардың бірі болды. Мүнда ақсүйектерге арналған салтанатты сарайлар, әкімшілік үйлері салынған, оның айналасында қарапайым қала тұрғындардың, саудагерлер мен қолөнершілердің орамдары пайда болды. Қала [[Ұлы Жібек жолы]]мен жүрген сауда керуендері тоқтайтын ірі орталықтардың біріне айналды.

Қала өмірін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

=== Бірінші кезең ===

Біріншісі – XIII ғасыр ортасынан [[Өзбек хан]] билігіне, яғни [[1312 жыл|1312]] жылға дейін қаланың салына бастаған кезеңі. Сарайшық бейберекет емес, бірыңғай жоспар бойынша салынған қала. Үйлерінің сыртқы сәулеті мен ішкі интерьерінде Төменгі Еділ, Хорезм мен Сырдария бойындағы қалалардың архитектуралық дәстүрлері көрініс тапты. Үш-төрт бөлмеден тұратын үйлер негізінен шикі кірпіштен өрілген. Тұрғын үйлердің қабырғасының астыңғы жағына пеш түтіні жүретін айналма құбыр жүргізу арқылы жатын орын – сұпы жасалған. Археологиялық қазба кездерінде сұпылардың үстінен киіз қалдықтары табылды. Қабырғалары сыланып, ақталған. Үй ішінде әртүрлі заттар сақтайтын бөлмелер болған.

Тұрғындар қала төңірегін де игерген. Бұлақ суларының бойындағы елді мекендерде шығыр арқылы суарылатын егістіктер мен бау-бақшалар болғаны байқалады. Ол жерлерден қызғылт саздан жасалған құмыралар мен шығыр ыдыстары табылды. Үлкен ағаш дөңгелектен тұратын шығырға ыдыстар айналдыра бекітіледі. Оның төменгі бөлігі суға тигенде әлгі ыдысқа су құйылып, жоғары көтерілгенде ыдыстағы су ағаш науаға құйылады да әрі қарай арыққа қосылады.

=== Екінші кезең ===

Қала өмірінің екінші хронологиялық кезеңі XIV ғасырдың екінші ширегінде – Өзбек хан (1312–1342) кезіндегі империяның барынша тұрақты және гүлденген кезеңінде басталды. Ол кезде көптеген қалалар бой көтеріп, Сарайшық гүлденді. Бірақ Жайық өзені шектен тыс қатты тасыған шақтарда қала шетін су алып кетті де, қала Жайықтан оңтүстікке қарай шегініп, Сарайшық өзегінің қарсы бетіндегі төбеге қарай жылжыды. Бұрынғы құрылыстарды бұзып, қала тұрғындары сол жерге жаңа үйлер тұрғызды. Сонымен бір мезетте қала жоспары бойынша сол кез үшін кең көшелері (5 м) мен алаңдары бар бірқатар жақсы орамдар бой көтерді. Жаңа құрылыстар бұрынғыдан көп өзгерді. Көп бөлмелі шағындау үйлермен бірге бір шатырдың астында шаруашылық қора-жайлары бар көп бөлмелі түзу үйлер салынды.

Сарайшық пен өзеннің шеткі жарқабағынан монша қалдықтары табылды. Олар әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше бөлмеден тұрады. Қабырғалары шикі кірпіштен қаланғанымен артынан су өтпейтін сылақпен сыланып, сәнді тақталармен қапталған. Күйген кірпіштен қаланған еден астынан жылу жүргізілген. Су құбырлары мен су тұндыратын үлкен ыдыс-хумдар болғаны анықталды. Су үлкен шойын, қола қазандарда ысытылды. Бүкіл Алтын Ордадағы сияқты Сарайшықта да ақсүйектерге арналған және жалпы жұртшылыққа арналға моншалар болды.

Суды аулалардағы құдықтардан алған, кейде құмыраларды арбаға салып өзеннен тасыған.

Қала тұрғындары бұл кезде қала мен далаға қажетті әртүрлі тауарлар өндірді. Әсіресе қыш бұйымдарын шығаратын шеберханалар көп жұмыс істеді.

[[1950 жыл|1950]] жылы [[Әлкей Хақанұлы Марғұлан|Ә. Х. Марғұлан]] басқарған ғылыми археологиялық экспедиция Сарайшықтан кірпіш күйдіретін пештің орнын аршыды.

=== Үшінші кезең ===

Қала өмірінің үшінші хронологиялық кезеңі ([[1360 жыл|1360]]–[[1370 жыл|1370]]) Жошы ұлысындағы таққа талас кезеңді қамтиды. Күш-қуаты толысқан ақсүйектер билікке ұмтылды. Қалаларды және солардың иелігіне жататын жерлерді билейтін ірі феодалдар оларды өздеріне қорған қылды. Бұл уақытта Сарайшық Ақ Орда хандарының билігінде болды.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тиындарға қарағанда 1370-ші жылдары Сарайшықта үлкен ғимараттар салынғанын байқауға болады. Олардың бірі [[1997 жыл|1997]]–[[2000 жыл|2000]] жылдар аралығында зерттелді. "Хандар" сәулеттік жоспары сарай типіндегі құрылыс болды, ол құрметті қонақтар, көпестер, қажылар мен саяхатшылар үшін салынды. Олар XIV–XVII ғасырларда ислам әлеміне әйгілі болды. Ғимаратта 25 бөлме бар еді. Портал күйген кірпіштен қапталды және ақ алебастр декормен әшекейленді. Кірер есік алдында алаң болды. Осы құрылысты Жошының ұрпағы [[Ұрыс хан|Орыс хан]] салдырған деуге болады. Бұл кезде ол өз ұлысын күшейтіп, қаусаған империяны қайта қалпына келтіруге әрекеттенді. [[Сығанақ]]та резиденциясы бола тұрып, Сарайшықты да астанаға айналдырғысы келді. Өз атасы [[Ерзен хан|Ерзен]]нің үлгісі бойынша Орыс хан "үлкен бөлігін медресе, ханакалар, мешіт секілді басқа да құрылыстар" салып, қаланың орталық бөлігін абаттандырды.

[[1380 жыл|1380]] жылы [[Әмір Темір]]дің қолдауымен [[Тоқтамыс хан|Тоқтамыс]] Алтын Орда билігіне ие болды. Алайда оның Алтын Орданың мәртебесін көтермек болған талпынысы Темірге жақпай қалып, билік үшін жаңа күрес басталды. Темірдің өмірбаянын жазушы [[Ибн Арабшаһ|ибн Арабшах]] бұл жөнінде: "Оның әскерлері Азаққа дейін жетті де Сарай, Сарайшық, Хажытарханды мен осы өлкені түгел талқандады" деп жазды. Алайда жазба деректермен археологиялық материалдар Сарайшықтың өмірі бұдан кейін де тоқтап қалмағанын көрсетеді. Оның бір бөлігі қалпына келтірілді, ХV ғасыр басында қираған үйлердің орнына жаңа үйлер салынды.

=== Төртінші кезең ===

Қала өмірінің төртінші кезеңі XV–XVI ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Жайық өзені бойындағы үйлер босап қалды да, халық қаланың оңтүстік жағына, қазіргі Жайықтан бөлініп, қаланы батыс жағынан айнала ағатын Сарайшық өзегі бойына шоғырланды. Ағысы қатты Жайық өзенінің арнасы үнемі ауысып тұрады. Мүмкін, сол кезде де арнасын өзгерткен болар. Мәскеудегі Австрия елшісі Сигизмунд Герберштейн [[1549 жыл|1549]] жылы былай деп жазады: "Қазан татарларының арғы жағынан ноғай (Nagai) деп аталатын татарларды кезіктіреміз. Олардың патшалары жоқ, князьдары ғана бар. Біздің кезімізде ол князьдіктерді үш ағайынды адам теңдей үшке бөліп басқарды. Олардың біріншісі – Шидақ Сарайшық қаласын, Ра өзенінен ары шығысқа қарай Жайық өзеніне жанасып жатқан елдерді биледі…" Герберштейн өз картасында Сарайшықты Жайықтың сол жақ жағасына орналастырды. Оны [[1558 жыл|1558]] жылы осында келген ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон да солай көрсетті. Ноғай Ордасында билік құрған тайпа маңғыттар болатын. Олардан басқа да 20-дан астам найман, қыпшақ, алаш, қаңлы, алшын, қоңырат секілді тағыда басқа рулар мекендеді.

Сарайшық қаласы Жайық өзені арнасы мен одан ағып шыққан Сарайшық өзегінің табиғи жолмен жасап қойған үшбұрышты кеңістігіне орналасты. Қаланы барлық жағынан бекініс-қорғандар қоршап тұрды. Сарайшықтың бұл кезде бой көтерген үйлері көп бөлмелі болды. Бөлмеде дәстүрлі жатын орын - сұпы ([[Софа|суфа]]), тандыр пеш жағып, ішті кан арналары арқылы жылытатын жылу жүйесі бар. Бөлмелердің еденіне күйдірілген кірпіш төселді, жуынатын орын – ташнауы болды. Мұнда қыштан және тағы да басқа заттардан жасалған бұйымдармен қатар жергілікті және ортаазиялық тиындар, сондай-ақ Қырымнан келген күміс теңгелер табылды.

Қала тұрғындары тастап кеткен орамдар біртіндеп қасиетті қорымдарға айналды. Қаланың бос қалған бөліктерінде мыңдаған қабірлер пайда болды. Қабірлердің бірнешеуін қазған кезде бұл жерді мекендеген ру-тайпалардың салт-дәстүрлеріндегі айырмашылықта көзге түсті.

Отбасылық қабірлерге арналған көрхана ([[сағана]]) құрылысына ерекше мән берілгені аңғарылады. Зерттеушілер көрхананың алты түрін бөліп көрсетті. Олар қала мен даланың, ислам мен исламға дейінгі дәстүрлі наным-сенімнің, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік топтары арасындағы өзара қатынастарды байқауға мүмкіндік береді.

Кикілжіңдер мен әскери қақтығыстардан Сарайшық қаласы да құр қалмады. 1570-ші жылдар өте ауыр кезең болды, қаланы қарақшы [[казактар]] басып алып, тас-талқанын шығарды. Кезінде дүрілдеген қала уақыт өте шағын елді мекенге айналды. XVIII ғасырдан бастап күйген кірпіштен салынған құрылыстар бұзылып, кірпіштері Гурьев бекінісінің құрылыстарына пайдаланылды.

Сарайшық орны жергілікті халықтың да, зерттеушілердің де ұдайы назарында.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>

== Тарихи кезеңдер хронологиясы ==

Сарайшық үстімен Еуропа елдері мен Төменгі [[Еділ]] бойындағы Алтын Орда астаналарынан Хорезм қалаларына, сондай-ақ Үндістан, Қытайға басты құрлықтық керуен жолдары өткен. Бірқатар қолайлы жағдайлар салдарынан Сарайшық, көптеген талантты шеберлердің қолдарымен салынған салтанатты сарайлар, ақша сарайы, керуен-сарай, моншалар, мешіттер, медреселер мен басқа да әсем құрылыстарымен, тез арада Жошы Ұлысы империясының басты саяси, сауда-экономикалық және мәдени орталықтарының біріне айналған. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті. Сарайшық туралы алғашқы естеліктерді, Ұлысу (Жайық) өзеніндегі көпір туралы араб саудагер-саяхатшысы [[Ибн Баттута]] қалдырды. Ол бұл аймаққа 1333 (1334) жылы Өзбек ханның (1312-1342 ж.ж.) билігі тұсында келген. Сарайшықтың қарқынды дамуына [[Берке хан|Берке]] ханның (1257-1266 ж.ж.) жаңа дін – исламды қабылдауы да септігін тигізді. Кейіннен Өзбек ханның тұсында ислам - Алтын Орданың мемлекеттік дініне айналды, едәуір уақыт алшақтығына қарамастан, бұл екі тарихи оқиға да Сарайшық қаласында орын алған. Бұл Сарайшықтың ерекше маңызын, бүкіл Алтын Орданың рухани-идеялогиялық орталығы болғандығын көрсетеді.

Сарайшықта Алтын Орданың бірнеше хандары мен тарихи тұлғалары жерленген, оның ішінде Меңгі-Темір (1266-1281 ж.ж.), Тоқты (1280-1312 ж.ж.), Жәнібек (1342-1357 ж.ж.), Бердібек (1357-1359 ж.ж.), Тоқтамыс ханның басы (1380-1406 ж.ж.), Барақ (1423-1426 ж.ж.)''',''' және қазақ ханы Қасым (1511-1521 ж.ж.) бар.

Алтын Орданың ыдырауынан кейін Сарайшық XVI ғасырдың 40-жылдарына қарай біртұтас Ноғай Ордасы мемлекеті боп қалыптасқан Маңғыт жұртының астанасы болды. Атақты Қасым хан да (1511-1521 ж.ж.) Сарайшықты Қазақ мемлекетінің астанасы етеді. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының аумағы қазіргі Қазақстанның көлемінде кеңейеді, ал тұрғындар саны миллионнан асады. Бірақ, Қазақ хандығы тарихындағы шиеленісті жағдайлар нәтижесінде, Қасым хан мұрагерлері тұсындағы аумақ тұтастығын және ел тәуелсіздігін қорғауға байланысты, сансыз қақтығыстардың кесірінен Сарайшықтан уақытша айырылуға мәжбүр болды. Ақыры 1568 жылы Хақназар хан (1538-1580 ж.ж.) Қазақ хандығы құрамына Сарайшықты қайтарып алды.

Сарайшық қаласы 1580 жылы казактардың қарақшылық шабуылы нәтижесінде қиратылды. Дегенмен, даңқты қала ретінде дамуын жоғалтса да, өмір сүруін тоқтатпады.

== Зерттелуі ==

Ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихын зерттеу бастамасы ХVІІІ ғасырда қаланды деуімізге болады. Оның басында Орынбор әкімшілігінде жұмыс жасаған П.И. Рычков тұрды. Орыс шенеунігінің «Орынбор топографиясы» еңбегінде Сарайшықтың өз заманында ұлы қала болғаны, бүгінде ол қалада орыс казактардың форпосты тұрғаны, осында атақты адамдардың жерленгені анық жазылады. Кейін ол орыс зерттеушілері П.С. Паллас «бұрын халқы көп татар қаласы Сарайшықтың» болғанын, А.И. Левшин: «Сарайшық бекінісінен Хиуаға дейін Арал мен Каспий теңіздерін бөліп тұрған мойнақ арқылы өтетін бірнеше жол бар. Соның ішінде ең жақсысы – ескі Ноғай жолы» дегенін, К.Ф. Гебель ескі Сарайшықта қазба жүргізгенін жазады. Бір ерекшелігі олардың барлығы Сарайшық қаласының құландыларын өз көзімен көрді. ХХ ғасыр басында Сарайшық қаласы туралы жаңалықтар Орынбор Ғылыми Архивтік комиссиясының «Еңбектерінде» жарияланды. Мәселен, жергілікті пірәдар Лоскутовтің Сарайшықтан табылған үлкен құмыра туралы, В. Григорьевтің ескі сауда-саттық жолдары туралы хабарламалары қызықты.

К.Ф. Гебельден кейін қазба жүргізген зерттеуші, әскери топограф Алексей Ермолаевич Алексеев. Ол ескерткішке қазбаны 1861 жылы салды. Ол жергілікті қазақтардан ақылы жұмысшылар жалдап төбе үстіндегі құландыларды, склептерді қопарып, табылған бұйымдарды жинаумен айналысқан. Осы күнгі археологиялық методикамен алып қарағанда, бұл қазба «жабайы» сипатта болса да А.Алексеевтің қалдырған жазба мәліметтері, оның сызған қала орнының сызбасы өте құнды боп табылады. Сол кезде патшалы Ресейдің Сарайшық бекінісінде тұрған казактарда А.Алексеевтің жалдамалы жұмысшыларға жақсы ақша төлеп жатқанына қызығып, оларда қала орнының мәдени қабатын қопарып, тапқан бұйымдарын оған сатып отырған. А.Алексеев топырақ қабаттарын аршу барысында ашылған қыш кірпіштен тұрғызылған жерлеу құрылыстарын сипаттап жазады. Көне құлпытастардағы жазуларды жариялап, Мұхамед пайғамбардың ұрпақтары саналатын қожа-сейіттердің құлпытастарын тапқан. Қала орнынан табылған тиындардың басым көпшілігі Сарай-әл-Жәдид қаласында соғылғандықтан, А.Алексеев Сарайшық құландысын сол тиындардағы жазу бойынша «Сараиль Джадить» қаласы деп қате атаған. А.Алексеевтің сызбасында Сарайшықтың толық аумағы салынған, оңтүстік-батыс жағында орналасқан цитадель орны, көне жерленімдер көрсетілген. Сонымен бірге Жайық өзені мен оның Сарайшық саласы да бейнеленген.

Ортағасырлық Сарайшық қаласына іргелі археологиялық зерттеулер кеңестік заманда басталған. Оның бастамасын кәсіби археолог [[Н.К. Арзютов]] салып, 1937 жылы археологиялық қазба жұмысын жүргізеді. 1950 жылы академик [[Әлкей Хақанұлы Марғұлан|Ә.Х. Марғұлан]] да Сарайшыққа қазба салады. 1996-2008 жылдары Сарайшық қаласы орнына археолог [[З. Самашев|З. Самашевтың]] жетекшілігімен кең көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүрді. 2019 жылдан бастап «Сарайшық» музей-қорығының археологтары қала орнында тұрақты зерттеу жүргізуде.

«Сарайшық» музей-қорығы қаланы зерттеудің келелі мәселелеріне беделді ғалымдарды тартты. Зерттеу жұмыстарына белгілі археологтар З. Самашев, М. Елеуов, В. Плахов, ноғайтанушы А. Исин, ортағасырлық Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерттеуші маман Н. Атығаев, нумизмат П. Петров, реставратор Т. Крупа және т.б. қатысты.

Музей-қорық археологтары тарих ғылымдарының докторы Ә. Мұқтардың жетекшілігімен Сарайшық қаласы мен оның маңайында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, көптеген жаңа ескерткіштерді анықтады.

Музей-қорық археологтары А. Тұрарұлы, А. Жұмабаев, Ж. Байғалиев 2020–2021 жылдары Сарайшықтағы «Хан моласы» нысанында қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі сағана құрылысы анықталды. Сағаналардың ауыз қуысы оңтүстік-батыс бағытта орналасқан, кіреберіс дәліздері – дромостары бар. Сағаналардың ішкі қабырғалары ақ түсті алебастрмен сыланған, ал кірпіштерді біріктіруге қолданылған құрылыс ерітіндісі де алебастр негізінде дайындалған.

Сағаналардан көптеген адам сүйектері табылды. Сүйектерге жүргізілген радиокөміртектік талдау олардың XV ғасырдың екінші жартысына жататынын көрсетті. Реставратор Т. Крупа мата қалдықтарын тазалау барысында олардың таза жібектен тоқылған, алтын жалатылған күміс түсті жіптермен өрнектелген барқыт мата екенін анықтады. Бұл жәдігер «Хан моласы» сағанасының ерекше мәртебесін айқындап, оның элиталық статусқа тиесілі болғанын көрсетеді.

2021–2023 жылдары «Сарайшық» музей-қорығы «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар» атты ғылыми жоба (жетекшісі – Ұ. Ахметова) аясында №3 қазба орнында көлемді ғимаратты анықтады. Ғимарат құрамынан монша кешені (киім ауыстыратын, жуынатын бөлме және пеш), көптеген бөлмелер мен дәліздер ашылды. Ұзын дәліздерінің болуына байланысты бұл нысан қоғамдық сипаттағы, қонақ қабылдауға арналған ғимарат ретінде бағаланып, керуеншілер мен жолаушыларға қызмет еткен болуы мүмкін деген тұжырым жасалды.

Қазба барысында күміс дирхемдер көмбесі табылды. Табылған барлық тиындардың атрибуциясын П. Петров жүргізіп, нәтижесінде олар ғылыми айналымға енгізілді.

2023–2025 жылдары «Сарайшық» музей-қорығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ–ХVІ ғғ.)» атты ғылыми жобаны (ғылыми жетекшісі – Әбілсейіт Мұқтар) жүзеге асырды. Осы жоба аясында ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №2 қазбада археологиялық зерттеулер жүргізілді. №2 қазбада жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қала көшесінің бір бөлігі мен тұрғын үйлердің орындары анықталды. Қазба барысында көпбөлмелі ғимараттар кешені, көше құрылымдары және кәріз жүйесінің элементтері ашылып, бұл Сарайшықта дамыған қалалық инфрақұрылым болғанын дәлелдеді. Сонымен қатар, №2 қазбадан көптеген археологиялық олжалар (тиындар, керамика, металл бұйымдар) табылып, музей-қорық экспозициясына қойылды.

2024 жылы «Сарайшық» музей-қорығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024–2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ–ХV ғғ.)» атты ғылыми бағдарламаны жүзеге асырды. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ұлжан Ахметова.

Музей-қорық археологтары Сарайшықтағы №6 қазба орнынан ірі сағананы ашып, онда жерленген 12 адамның сүйектеріне антропологиялық зерттеулер жүргізді. Сағана құрылысы қыш кірпіштен алебастр ерітіндісімен қаланған және күмбезді архитектурасымен ерекшеленеді.

Бағдарлама аясында зерттеулер пәнаралық негізде жүргізіліп, археология, антропология, нумизматика, остеология және басқа да ғылым салаларын қамтыды. Қазба барысында Хорезмшах Мұхаммедтің XIII ғасырға жататын тиыны табылып, бұл Сарайшықтан алғаш рет анықталған олжа болды.

Сонымен қатар, №6 қазба орнында ірі сәулеттік құрылыс қалдығы ашылып, оның құрылысында қыш кірпіштен қаланған колонналар негіздері анықталды. Құрылысқа қолданылған тәсілдер қала тұрғындарының жоғары құрылыс мәдениеті мен эстетикалық талғамының болғанын дәлелдейді.

Қазба барысында тұрғын бөлмелер ашылып, олардың құрылыс ерекшеліктері, едендері, қабырғалары мен жылу жүйелері зерттелді. Анықталған бөлмелер тек тұрғын үй қызметін ғана атқармаған, кейбірінде шаруашылық және қоймаға тән элементтер де байқалды.

Сонымен қатар, музей-қорықтың Сарайшық ескерткішіндегі қазба жұмыстары барысында геодезиялық технологиялар мен геоақпараттық жүйелер кеңінен қолданылды. Адам сүйектеріне генетикалық сараптамалар жүргізіліп, табылған мал сүйектеріне археозоологиялық талдаулар жасалды.

Сарайшық қаласы құландысындағы зерттеулер нәтижесінде, Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінен, ортағасырлық Батыс пен Шығыс өркениеті орталықтарымен мәдени байланыстар және сауда-экономикалық дамудың серпіні жөнінде бай материалдар жинақталды. Қала орнында ондаған көп функционалды бөлмелерден тұратын тұрғын үй-шаруашылық кешені қазылды, жергілікті немесе шеттен келген сырлы және сырланбаған қыш бұйымдардың көптеген үлгілері алынды. Оның ішінде алтынмен әшекейленген, зооморфты немесе өсімдік тәріздес оюларымен ерекшеленетін түрлері де кездеседі. Сырлы қыш бұйымдардың сынықтарында діни немесе басқа тақырыптағы жазулар бар. Бұл қыш материалдардан басқа, түрлі тұрмыстық-шаруашылық маңызы бар заттар, қару-жарақ бұйымдары және сансыз көп тиындар табылды. Сарайшық пен оның төңірегінің қалалық мәдениеті Төменгі Поволжьенің, Хорезмнің және Орта Азияның үйлесімді мәдениетімен салыстырғанда, өзіндік ерекшелікке ие, бұл оның терең далалық тамырын соншалықты дәрежеде қамтуында, Дешті-Қыпшақ пен Ұлы Даланың басқа да шеткі аймақтарымен тығыз байланысында көрінеді. Қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалады.

== Жазба деректер ==

== Жазба деректер ==
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы - [[Ибн-Батута]]. Ол өзінің саяхаттарының бірінде [[1334]] ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып ([[Сарай-Берке]] — [[Алтын Орда]]ның бас қаласы), [[Азия]]ға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол,

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы - [[Ибн Баттута|Ибн-Баттута]]. Ол өзінің саяхаттарының бірінде [[1334]] ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып ([[Сарай-Берке]] — [[Алтын Орда]]ның бас қаласы), [[Азия]]ға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол,

Біз Сарай қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «[[Ұлысу]]» деп аталған үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен.

Сарайдан шыққаннан он күн өткен соң, біз Сарайшық қаласына келдік, шық «кішкентай» дегенді білдіреді. Олар осылайша мұның Кіші Сарай екенін білдіргісі келеді. Бұл қала Ұлысу деп аталатын суы мол ірі өзеннің жағасында орналасқан, оның мағынасы «ұлы су». Одан Бағдаттағыдай қайықтардан көпір тартылған. Бұл қалада біздің атпен арба сүйреткен саяхатымыз аяқталды. Сол жерде біз жылқыларымыздың әрқайсысын төрт динардан, бұл қалада олардың әлсіз болуы мен арзан тұруына байланысты оданда төмен бағаға саттық және арбаларымызды сүйреуге түйелер жалдадық. Бұл қалада түркілер «ата» деп атайтын түріктердің абыз қариясының завиясын бар, ата «әке» деген сөз. Ол завиясында бізді қонақ қып, тамақтандырды және батасын берді. Сондай-ақ бізді бұл қаланың қадиы қабылдады, тек оның есімі менің есімде қалған жоқ.

Ол кезде [[Алтын Орда]] үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деген мағынаға байланысты.

Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы [[Иван Грозный]]мен дос болған ағылшын көпесі - [[Антоний Дженкинсон|Энтони Дженкинсон]]. Ол [[1558]]—[[1559|59]] жж. [[Каспий теңізі]]нің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғып былай жазған:

Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы [[Иван Грозный]]мен дос болған ағылшын көпесі - [[Антоний Дженкинсон]]. Ол [[1558]]—[[1559|59]] жж. [[Каспий теңізі]]нің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғып былай жазған:

Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен.

== Зерттеулер ==

ҚКСР ғылым академиясының [[1950]] ж. [[Батыс Қазақстан]]да жүргізген Сарайшықты [[12 ғ.]] араб тарихшылары еңбектерінде аталатын, орта ғасырда археологиялық экспедициясының қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич «өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала. Саксин [[10 ғ.|10]]—[[11 ғ.|11]] ғғ. [[Хорезм]] тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойында салынған еді» дейді де Сарайшықтың өмір дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі:

# [[12 ғ.]] — қала іргесінің қаланып бой көтеруі.

# [[13 ғ.|13]]—[[14 ғ.|14]] ғғ. — [[Алтын Орда]] өмір сүрген кезеңдегі [[Еуропа]]ның, [[Орта Азия]], [[Қазақстан]]ды манғолдар және қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы болу, яғни қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі.

# [[15 ғ.|15]]—[[16 ғ.|16]] ғғ. — [[Ноғай ордасы]]ның орталығы болуы, [[орыс-қазақтар]] шабуылынан күйреп, қирауы.

Қазақ археологиясының атасы [[Марғұлан Әлкей Хақанұлы|Әлкей Марғұлан]] өзінің [[1950]] ж. жүргізген қазба жұмыстары нәтежиесінде «қала [[12 ғ.]] салынған» деп пеш бұлтаңсыз дәл айтады. Бұл пікірді, соңғы жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары да дәлелдеп отыр. Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. [[1968]] ж. бері мұнда Әлкей Марғұлан атындағы Батыс Қазақстан экспедициясы тұрақты қазба жұмыстарын жүргізуде.

Сарайшық қаласының тарихымен танысу үшін арнайы келгендер әуелі мешітке кіріп, аруаққа бағыштап құран оқытып, хандар жерленген қасиетті жер күмбез астындағы алып бәйтерекке ақтығын байлап, сосын мұражайға кіреді. 1999 жылдың 3 қыркүйегі күні Елбасы Атырауға келген сапары барысында Сарайшық мұражайын ашқан болатын. Оған менің жолым алғаш рет 2003 жылы түскен-ді.

1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына ірі қыш құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйірінде жазулар жазылған. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Орал қаласындағы музейге тапсырылады. Құмырадағы жазуды белгілі шығыстанушы [[А.Н. Самойлович]] оқып, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы жазбамен мәндес екенін атап өтеді:
Аққу көлден кеткенде…Биылғы маусым айында тағы бардым. Мұражай қызметкері Орын Сағынтаева көне шаһар тарихы, соның ішінде “Секер көлі” туралы қызықты деректермен таныстырды. Қазақ тарихында терең із қалдырып, заманында қазақ мемлекетін басқарған ұлы хандардың бірі - Әз Жәнібек хан. Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі “Секер көлі” туралы деректі әңгіме көп. Секер көлдің орны қазіргі Сарайшық ауылының орнында қалып қойған. – Теп-тегіс жерде ойпаңдау болған түбінен, кезінде жиектерін қолмен нығыздап, кейбір жерлерінің тас, топырақпен, қызыл қышпен көмкерілгені көлдің заманында қолдан жасалғанын дәлелдейді, - дейді ауыл қарттары. Кезінде Шамполов деген орыс көпесі 1920 жылдары осы жерден кірпіш зауытын салып жүріп, көлден алып жұмыртқа тауып алған көрінеді. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер төктіріп қояды екен. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға батырады екен. Бұл көл “Жәнібек ханның аққу көлі”, “Сарайшықтың аққу көлі”, “Аққу көлі” аталыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге Әкесі жасатып берген аққу мүсінді алтын қайығымен (мұражайда сақталған суреті бар) құстарға жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге Әмір етіпті. “Қызыңыздың осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып, түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда.  Ақша сарайы, ұстахана…Сарайшық қаласы Жайық өзенінің ең бір шұрайлы тұсында әрі ӘжептӘуір биіктеу жерде орналасқан. Бірақ соңғы жүзжылдықта Жайық ежелгі арнасын өзгертіп, Сарайшық орнын қақ тіліп өтуі – көне шаһардың жұртын су астында қалуына әкеліп соқты. Біз де Жайық өзенінің жарынан, су жағасынан қаланың  қалдықтарын айқын көрдік. Тарихи мұра ретінде болат сымды тормен айнала қоршап, кіреберіс есіктің астына қойылған екі көзінің, мұрнының орнына үңірейген тесіктері бар кісінің бас сүйегі көрген жанның жүрегін зірк еткізеді. Соңғы жарты ғасырдағы қазба жұмыстарының  бәрі  ескі  қаланың шет жағындағы су құбырлары мен кейбір шеберхана, бейіт орнына жүргізіліпті. Бұрынғы және қазіргі қазба жұмыстары көрсеткеніндей, қала құрылыстары 24х24х5 см немесе 40х20х5 см көлеміндегі күйдірілген жӘне шикі кірпіштен, түсін жоймайтын керамикалық шаршы тастардан тұрғызылыпты. Оларға қандық үлгідегі жылыту жүйесін пайдаланған және өте жоғары температурада шикі кірпіштерді күйдіретін камералар болған. Сондай үлгіде ұзындығы 4,4 м., биіктігі 1,65 м. болатын ыстық от (ауа) айдау жүйелері бар камера табылған. Қала қыштан күйдірілген тас тұрбалар арқылы ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген археологтар құмығып қалған құдықтардың бірінен араб әрпінде жазылған тұмар тапқан. Арнайы темір қобдишаға салынған, алты-жеті метрлік шыңыраудың түбінде сақталған бұл тұмар сол кездің өзінде діннің кеңінен таралғанын және қатты қадірленгенін көрсетеді. Осы құдықтан өте әдемі жасалған құмыралар, күміс, мыс ақшалар да табылыпты. Сарайшық қаласында темірден құрал-сайман соғатын арнайы ұстахана болыпты. Бір қызығы, осы ұстаханаға қажетті темір рудасын олар қайдан алды, қалай қорытты, оны ешкім білмейді. Қала өз дӘуірінің ықпалды, саяси һәм мәдени, сауда-саттық орталығы болған. Жәнібек хан билеген тұста жаңа пұлдар шығарылған. ХІV ғасырдың қырқыншы жылдары ақша беттерінде ерекше безендірілген екі басты бүркіт, ал елуінші жылдары шешек атқан алты жапырақты гүл шоқтары бейнеленген. Жошы ұлысы тұсында Алтын Орданың 16 шаһарында ақша соғатын сарайлар болған деседі. Оның үш түрі, атап айтқанда, жоғарыда табылған ақшалардың біразы Сарайшық қаласының өзінде соғылған.  Құмыраның құпиясы1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйіріндегі жазуларды ауыл төңірегіндегі сауатты деген адамдардың ешқайсысы да  оқи алмапты. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Оралдағы мұражайға тапсырылған көрінеді. Кейін әлгі құмыраны көрген Орал шекаралық казак әскерінің генералы Н.Дубасов деген офицер жазу көшірмесін Ресей археологиялық қоғамның Шығыс бөліміне 1915 жылдың 16 тамызында жіберіпті. Екі жыл өткен соң мамырдың 12-сі күні генералдың атына жауап хат келсе керек. Онда құмырада көне қыпшақ тілінде 32 сөз өрнектелгені, дәлдеп аударғанда иінінде Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы:

:Адам көркі – жүз,

:Адам көркі – жүз,

:бұл жүз көркі – көз,

:бұл жүз көркі – көз,
Жол нөмірі 39: Жол нөмірі 95:

:Тағы көрік кісіге –

:Тағы көрік кісіге –

:білім мен өнер,

:білім мен өнер,
:Жанын құрбан етер білім үшін ер,

:Жанын құрбан етер
- деген шумақ шыққан. Ал бүйіріндегі “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп жазылған. Құмыра ХІІІ ғасырда күйдіріліп, дайындалған көрінеді. Атырау қаласының солтүстігінен 55 шақырым қашықтықтағы Сарайшық шаһарының тағдыры – бүкіл ел тағдырымен сабақтас. Қаланың іргетасы ХІ ғасырда қаланған. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының шапқыншылығынан қала біржолата қирап, күлге айналды. Кейін Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді. 1999 жылы қала орнына ескерткіш-пантеон, мешіт, мұражай кіретін Сарайшық мұражай-қорығы бой көтерді.

:білім үшін ер, - деген шумақ шыққан. Ал бүйірінде “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп жазылған.

== Сыртқы сілтемелер ==

== Аңыз әңгімелер ==
* http://www.kazneb.kz

Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі “Секер көлі” туралы аңыз әңгіме айтылады. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер төктіріп қояды екен. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға батырады екен. Бұл көл “Аққу көлі” деп те аталатын болған. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге әкесі жасатып берген аққу мүсінді алтын қайығымен құстарға жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге әмір етіпті. “Қызыңыздың осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып, түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда.
* http://www.madenimura.kz

== Қалашық орындары көріністері мен заттар ==

<gallery>

Сарайшық. Жайық өзенінің жағалауындағыXIII–XVI -ғы құрылыс қалдықтары.jpg|Жайық өзені жағалауындағы XIII–XVI ғ-дағы құрылыс қалдықтары.

Сарайшық. Пеш қалдықтары бар бөлме.jpg|Пеш орындары бар бөлмелер.

Сарайшық. Жататын сұпылар (жататын орындар) мен пештердің қалдықтары қалған бөлме.jpg|Бөлмелердегі жатын сұпылар (кісі жататын, отыратын орындар) мен пеш орындары.

Сарайшық. Сарай кешені. XIII–XVI ғасырлар.jpg|Кешенді сарай ғимараты - хан. XIII–XVI ғасырлар.

Сарайшық. Сарай кешеніндегі бөлмелер (хана). XIII–XVI ғғ.jpg|Кешенді сарай ғимаратындағы (хан) бөлмелер . XIII–XVI ғасырлар.

Сарайшық. Сарайшықтың қараусыз қалған аумақтарындағы жерлеу құрылыстары – көрханалар.jpg|Сарайшық аумағындағы жерлеу құрылыстары – көрханалар (сағана).

Сарайшық қалашығы. Аэрофототүсірілім.jpg|Сарайшық қалашығының аэрофототүсірілімі. 1983 жыл.

Сарайшық. Алтын сырғалар. XIV ғ.jpg| Алтын сырғалар.

Сарайшық. Шыны моншақ. XIV ғ.jpg|Шыны моншақ.  .

Сарайшық. Балаларға арналған шыны шүмектер. XIV ғ.jpg|Балаларға арналған шыны шүмектер.

Сарайшық. Қола құлып фрагменті. XIV ғ.jpg|Жылқы бейнесіндегі қола құлып.

Сарайшық. Қоян бейнеленген бояулы қыш ыдыстар сынығы.jpg|Қоян бейнеленген сырлы қыш ыдыс фрагменті.

Сарайшық. Алтын жапсырмалар. XIV ғасыр.jpg|Алтын жапсырмалар.

</gallery>

== Әдебиет ==

* Тасмағамбетов И., Самашев З. [https://saraishyq.kz/images/2001.pdf Сарайшық]. – Алматы: «Берел» қоғамдық қоры, 2001. – 320 б.

* Самашев З., Бурнашева Р., Базылхан Н., Плахов В. [https://archeo.kz/media/library/libraryemployer/SAV4W3PFNZE2HPNCUR6IBVX5LU.pdf Сарайшық тиындары]. – Алматы, 2006. – 184 б.

* Самашев З., Кузнецова О., Плахов В. [https://docs.yandex.kz/docs/view?url=ya-disk-public%3A%2F%2FvUKuH4gpw4lKhP6GxP5Rap9FSOpiD7QcsoDDySlAevRlLZeEchiGiHslzKPw96VxRAX03HPYQxcN%2B1YRYcCtZw%3D%3D&name=2008%20%D0%9A%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%20%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%87%D0%B8%D0%BA%D0%B0.pdf&nosw=1 Сарайшықтың қыш бұйымдары]. – Алматы, 2008. – 264 б.

* Мұқтар Ә., Сыдықов Е. ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығы. Моногрфия: – Алматы: «Мерекенің баспалар үйі», 2015. – 688 б.

* Мұстафин Ж. Ортағасырлық Сарайшық. Монография. – Атырау: «Ағатай» баспасы, 2015. – 177 б.

* Мұқтар Ә., Диярова Ж. «Сарайшық» музей-қорығы тарихы (1963-2019). Монография. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2019. –​ 192 б.

* Мұқтар Ә. Біріншілер (1938-2019 жылдардағы Атырау облысы тарихынан). Монография. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. –​ 328 б.+ 16 б. сурет.

* Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Атығаев Н., Ахмет А., Жұмабаев А. Қазақ Хандығы құрылымындағы билер, батырлар, кожалар, жасауылдар, аталықтар және тархандар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XV - XIX ғғ.). Монография. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. – 248 б.

* Мұқтар Ә., Ахметова Ұ,. Ахмет А. Өлке тұлғалары тарихынан (XVIII-XIX ғғ.). Кітап. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. –​ 112 б.

* Әбдешев Б., Сағынбаева О., Байғалиев Ж. Сарайшық жәдігерлері. Кітап-альбом. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. –​ 96 б. + 8б. сурет.

* Мұқтар Ә., Тұрарұлы А., Диярова Ж., Нұғманова Н. Ортағасырлық Сарайшықтағы тарихи ескерткіштер. Кітап. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. –​ 80 б.+8 б. сурет.

* Ахметова У., Иванова Г., Муктар А., Имашев Э., Исмаилов С., Жумабаев А., Абильсеитулы З. Лагерная  система  в  Прикаспийском регионе Казахстана (1932-1953 гг.): Сборник документов и материалов. –​ Алматы: Издательство «Арыс», 2022. –​ 376 с.

* Ахметова Ұ., Мұқтар Ә., Қасенов М., Тұрарұлы А., Жұмабаев А. Батыс Қазақстандағы Алтынорда қалалары, керуен сарайлары және керуен жолдары (ХІІІ-ХҮІ ғғ.). Монография. – Алматы: «Болат медиа» мекемесі, 2023. – 158 б.

* Ахметова Ұ., Мұқтар Ә., Қасенов М., Тұрарұлы А., Жұмабаев А. Жайық бойы Алтынорда қалалары (ХІІІ-ХҮІ ғғ.). Кітап. –​ Алматы: «Болат медиа» мекемесі, 2023. – 148 б.

* Қожа М. Ортағасырлық Сарайшық. Средневековый Сарайчик. Буклет. – Сарайшық: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2023. – 8 б.

* Мұстафин Ж. Сарайшық тарихындағы аңыздар. Буклет. – Сарайшық: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2023. – 12 б.

* Мұстафин Ж. Тақ. Сарайшықта жерленген тарихи тұлғалар. Буклет. – Сарайшық: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2023. – 8 б.

* Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Мұстафин Ж., Диярова Ж., Тұрарұлы А., Жумабаев А. Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы. –​ Атырау: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ баспаханасы, 2024. –​ 236 б.

* Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Петров П., Тұрарұлы А., Жұмабаев А. Ортағасырлық Сарайшық: тарихи деректері, археологиясы, нумизматикасы, картографиясы. Ұжымдық монография. – ​Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2024. – 368 б.

* Мұстафин Ж. Әбілғазы Баhадүрдің «Түрік шежіресі» қақында (1603-1664 жж.). Монография. –​ Атырау: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ баспаханасы, 2024. –​ 172 б.

* Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет. Халықаралық ғылыми симпозиум жинағы (2025 ж. 17-18 қараша). – Атырау: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі, 2025. – 296 б.

== Дереккөздер ==

{{дереккөздер}}

{{Қазақстанның көне қалалары}}

{{Қазақстанның көне қалалары}}

{{Атырау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері}}

[[Санат:Алтын Орда]]

[[Санат:Алтын Орда]]

[[Санат:Ноғай Ордасы]]

[[Санат:Ноғай Ордасы]]

[[Санат:Қазақ хандығының астаналары]]

[[Санат:Қазақ хандығының астаналары]]

[[Санат:Атырау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]]

{{stub}}

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мағына

Сурет:Сарайшық. Құрылыс қалдықтары қалған XIII–XVI ғ-ғы қалашық орны.jpg
Сарайшық қалашығы. Құрылыс қалдықтары қалған XIII–XVI ғасырлардағы қалашық орны.

Сарайшық — ортағасырлық қала, Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші. Бүгінде ол жерде "Сарайшық" сапар орталығы туристтерге қызмет көрсетіп келеді.

Орналасқан жері

Атырау қаласынан солтүстікке 45 км жерде, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы маңында, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Қала өмірінің кезеңдері

Сарайшық қаласының негізін Әбілғазы Бахадүр ханның деректеріне сүйенсек, Шыңғыс ханның немересі Бату хан қалаған екен. Жошы ұлысы империясындағы ірі қалалардың бірі болды. Мүнда ақсүйектерге арналған салтанатты сарайлар, әкімшілік үйлері салынған, оның айналасында қарапайым қала тұрғындардың, саудагерлер мен қолөнершілердің орамдары пайда болды. Қала Ұлы Жібек жолымен жүрген сауда керуендері тоқтайтын ірі орталықтардың біріне айналды.
Қала өмірін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең

Біріншісі – XIII ғасыр ортасынан Өзбек хан билігіне, яғни 1312 жылға дейін қаланың салына бастаған кезеңі. Сарайшық бейберекет емес, бірыңғай жоспар бойынша салынған қала. Үйлерінің сыртқы сәулеті мен ішкі интерьерінде Төменгі Еділ, Хорезм мен Сырдария бойындағы қалалардың архитектуралық дәстүрлері көрініс тапты. Үш-төрт бөлмеден тұратын үйлер негізінен шикі кірпіштен өрілген. Тұрғын үйлердің қабырғасының астыңғы жағына пеш түтіні жүретін айналма құбыр жүргізу арқылы жатын орын – сұпы жасалған. Археологиялық қазба кездерінде сұпылардың үстінен киіз қалдықтары табылды. Қабырғалары сыланып, ақталған. Үй ішінде әртүрлі заттар сақтайтын бөлмелер болған.
Тұрғындар қала төңірегін де игерген. Бұлақ суларының бойындағы елді мекендерде шығыр арқылы суарылатын егістіктер мен бау-бақшалар болғаны байқалады. Ол жерлерден қызғылт саздан жасалған құмыралар мен шығыр ыдыстары табылды. Үлкен ағаш дөңгелектен тұратын шығырға ыдыстар айналдыра бекітіледі. Оның төменгі бөлігі суға тигенде әлгі ыдысқа су құйылып, жоғары көтерілгенде ыдыстағы су ағаш науаға құйылады да әрі қарай арыққа қосылады.

Екінші кезең

Қала өмірінің екінші хронологиялық кезеңі XIV ғасырдың екінші ширегінде – Өзбек хан (1312–1342) кезіндегі империяның барынша тұрақты және гүлденген кезеңінде басталды. Ол кезде көптеген қалалар бой көтеріп, Сарайшық гүлденді. Бірақ Жайық өзені шектен тыс қатты тасыған шақтарда қала шетін су алып кетті де, қала Жайықтан оңтүстікке қарай шегініп, Сарайшық өзегінің қарсы бетіндегі төбеге қарай жылжыды. Бұрынғы құрылыстарды бұзып, қала тұрғындары сол жерге жаңа үйлер тұрғызды. Сонымен бір мезетте қала жоспары бойынша сол кез үшін кең көшелері (5 м) мен алаңдары бар бірқатар жақсы орамдар бой көтерді. Жаңа құрылыстар бұрынғыдан көп өзгерді. Көп бөлмелі шағындау үйлермен бірге бір шатырдың астында шаруашылық қора-жайлары бар көп бөлмелі түзу үйлер салынды.
Сарайшық пен өзеннің шеткі жарқабағынан монша қалдықтары табылды. Олар әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше бөлмеден тұрады. Қабырғалары шикі кірпіштен қаланғанымен артынан су өтпейтін сылақпен сыланып, сәнді тақталармен қапталған. Күйген кірпіштен қаланған еден астынан жылу жүргізілген. Су құбырлары мен су тұндыратын үлкен ыдыс-хумдар болғаны анықталды. Су үлкен шойын, қола қазандарда ысытылды. Бүкіл Алтын Ордадағы сияқты Сарайшықта да ақсүйектерге арналған және жалпы жұртшылыққа арналға моншалар болды.
Суды аулалардағы құдықтардан алған, кейде құмыраларды арбаға салып өзеннен тасыған.
Қала тұрғындары бұл кезде қала мен далаға қажетті әртүрлі тауарлар өндірді. Әсіресе қыш бұйымдарын шығаратын шеберханалар көп жұмыс істеді.
1950 жылы Ә. Х. Марғұлан басқарған ғылыми археологиялық экспедиция Сарайшықтан кірпіш күйдіретін пештің орнын аршыды.

Үшінші кезең

Қала өмірінің үшінші хронологиялық кезеңі (13601370) Жошы ұлысындағы таққа талас кезеңді қамтиды. Күш-қуаты толысқан ақсүйектер билікке ұмтылды. Қалаларды және солардың иелігіне жататын жерлерді билейтін ірі феодалдар оларды өздеріне қорған қылды. Бұл уақытта Сарайшық Ақ Орда хандарының билігінде болды.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тиындарға қарағанда 1370-ші жылдары Сарайшықта үлкен ғимараттар салынғанын байқауға болады. Олардың бірі 19972000 жылдар аралығында зерттелді. "Хандар" сәулеттік жоспары сарай типіндегі құрылыс болды, ол құрметті қонақтар, көпестер, қажылар мен саяхатшылар үшін салынды. Олар XIV–XVII ғасырларда ислам әлеміне әйгілі болды. Ғимаратта 25 бөлме бар еді. Портал күйген кірпіштен қапталды және ақ алебастр декормен әшекейленді. Кірер есік алдында алаң болды. Осы құрылысты Жошының ұрпағы Орыс хан салдырған деуге болады. Бұл кезде ол өз ұлысын күшейтіп, қаусаған империяны қайта қалпына келтіруге әрекеттенді. Сығанақта резиденциясы бола тұрып, Сарайшықты да астанаға айналдырғысы келді. Өз атасы Ерзеннің үлгісі бойынша Орыс хан "үлкен бөлігін медресе, ханакалар, мешіт секілді басқа да құрылыстар" салып, қаланың орталық бөлігін абаттандырды.
1380 жылы Әмір Темірдің қолдауымен Тоқтамыс Алтын Орда билігіне ие болды. Алайда оның Алтын Орданың мәртебесін көтермек болған талпынысы Темірге жақпай қалып, билік үшін жаңа күрес басталды. Темірдің өмірбаянын жазушы ибн Арабшах бұл жөнінде: "Оның әскерлері Азаққа дейін жетті де Сарай, Сарайшық, Хажытарханды мен осы өлкені түгел талқандады" деп жазды. Алайда жазба деректермен археологиялық материалдар Сарайшықтың өмірі бұдан кейін де тоқтап қалмағанын көрсетеді. Оның бір бөлігі қалпына келтірілді, ХV ғасыр басында қираған үйлердің орнына жаңа үйлер салынды.

Төртінші кезең

Қала өмірінің төртінші кезеңі XV–XVI ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Жайық өзені бойындағы үйлер босап қалды да, халық қаланың оңтүстік жағына, қазіргі Жайықтан бөлініп, қаланы батыс жағынан айнала ағатын Сарайшық өзегі бойына шоғырланды. Ағысы қатты Жайық өзенінің арнасы үнемі ауысып тұрады. Мүмкін, сол кезде де арнасын өзгерткен болар. Мәскеудегі Австрия елшісі Сигизмунд Герберштейн 1549 жылы былай деп жазады: "Қазан татарларының арғы жағынан ноғай (Nagai) деп аталатын татарларды кезіктіреміз. Олардың патшалары жоқ, князьдары ғана бар. Біздің кезімізде ол князьдіктерді үш ағайынды адам теңдей үшке бөліп басқарды. Олардың біріншісі – Шидақ Сарайшық қаласын, Ра өзенінен ары шығысқа қарай Жайық өзеніне жанасып жатқан елдерді биледі…" Герберштейн өз картасында Сарайшықты Жайықтың сол жақ жағасына орналастырды. Оны 1558 жылы осында келген ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон да солай көрсетті. Ноғай Ордасында билік құрған тайпа маңғыттар болатын. Олардан басқа да 20-дан астам найман, қыпшақ, алаш, қаңлы, алшын, қоңырат секілді тағыда басқа рулар мекендеді.
Сарайшық қаласы Жайық өзені арнасы мен одан ағып шыққан Сарайшық өзегінің табиғи жолмен жасап қойған үшбұрышты кеңістігіне орналасты. Қаланы барлық жағынан бекініс-қорғандар қоршап тұрды. Сарайшықтың бұл кезде бой көтерген үйлері көп бөлмелі болды. Бөлмеде дәстүрлі жатын орын - сұпы (суфа), тандыр пеш жағып, ішті кан арналары арқылы жылытатын жылу жүйесі бар. Бөлмелердің еденіне күйдірілген кірпіш төселді, жуынатын орын – ташнауы болды. Мұнда қыштан және тағы да басқа заттардан жасалған бұйымдармен қатар жергілікті және ортаазиялық тиындар, сондай-ақ Қырымнан келген күміс теңгелер табылды.
Қала тұрғындары тастап кеткен орамдар біртіндеп қасиетті қорымдарға айналды. Қаланың бос қалған бөліктерінде мыңдаған қабірлер пайда болды. Қабірлердің бірнешеуін қазған кезде бұл жерді мекендеген ру-тайпалардың салт-дәстүрлеріндегі айырмашылықта көзге түсті.
Отбасылық қабірлерге арналған көрхана (сағана) құрылысына ерекше мән берілгені аңғарылады. Зерттеушілер көрхананың алты түрін бөліп көрсетті. Олар қала мен даланың, ислам мен исламға дейінгі дәстүрлі наным-сенімнің, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік топтары арасындағы өзара қатынастарды байқауға мүмкіндік береді.

Кикілжіңдер мен әскери қақтығыстардан Сарайшық қаласы да құр қалмады. 1570-ші жылдар өте ауыр кезең болды, қаланы қарақшы казактар басып алып, тас-талқанын шығарды. Кезінде дүрілдеген қала уақыт өте шағын елді мекенге айналды. XVIII ғасырдан бастап күйген кірпіштен салынған құрылыстар бұзылып, кірпіштері Гурьев бекінісінің құрылыстарына пайдаланылды.
Сарайшық орны жергілікті халықтың да, зерттеушілердің де ұдайы назарында.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>

Тарихи кезеңдер хронологиясы

Сарайшық үстімен Еуропа елдері мен Төменгі Еділ бойындағы Алтын Орда астаналарынан Хорезм қалаларына, сондай-ақ Үндістан, Қытайға басты құрлықтық керуен жолдары өткен. Бірқатар қолайлы жағдайлар салдарынан Сарайшық, көптеген талантты шеберлердің қолдарымен салынған салтанатты сарайлар, ақша сарайы, керуен-сарай, моншалар, мешіттер, медреселер мен басқа да әсем құрылыстарымен, тез арада Жошы Ұлысы империясының басты саяси, сауда-экономикалық және мәдени орталықтарының біріне айналған. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті. Сарайшық туралы алғашқы естеліктерді, Ұлысу (Жайық) өзеніндегі көпір туралы араб саудагер-саяхатшысы Ибн Баттута қалдырды. Ол бұл аймаққа 1333 (1334) жылы Өзбек ханның (1312-1342 ж.ж.) билігі тұсында келген. Сарайшықтың қарқынды дамуына Берке ханның (1257-1266 ж.ж.) жаңа дін – исламды қабылдауы да септігін тигізді. Кейіннен Өзбек ханның тұсында ислам - Алтын Орданың мемлекеттік дініне айналды, едәуір уақыт алшақтығына қарамастан, бұл екі тарихи оқиға да Сарайшық қаласында орын алған. Бұл Сарайшықтың ерекше маңызын, бүкіл Алтын Орданың рухани-идеялогиялық орталығы болғандығын көрсетеді.
Сарайшықта Алтын Орданың бірнеше хандары мен тарихи тұлғалары жерленген, оның ішінде Меңгі-Темір (1266-1281 ж.ж.), Тоқты (1280-1312 ж.ж.), Жәнібек (1342-1357 ж.ж.), Бердібек (1357-1359 ж.ж.), Тоқтамыс ханның басы (1380-1406 ж.ж.), Барақ (1423-1426 ж.ж.), және қазақ ханы Қасым (1511-1521 ж.ж.) бар.

Алтын Орданың ыдырауынан кейін Сарайшық XVI ғасырдың 40-жылдарына қарай біртұтас Ноғай Ордасы мемлекеті боп қалыптасқан Маңғыт жұртының астанасы болды. Атақты Қасым хан да (1511-1521 ж.ж.) Сарайшықты Қазақ мемлекетінің астанасы етеді. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының аумағы қазіргі Қазақстанның көлемінде кеңейеді, ал тұрғындар саны миллионнан асады. Бірақ, Қазақ хандығы тарихындағы шиеленісті жағдайлар нәтижесінде, Қасым хан мұрагерлері тұсындағы аумақ тұтастығын және ел тәуелсіздігін қорғауға байланысты, сансыз қақтығыстардың кесірінен Сарайшықтан уақытша айырылуға мәжбүр болды. Ақыры 1568 жылы Хақназар хан (1538-1580 ж.ж.) Қазақ хандығы құрамына Сарайшықты қайтарып алды.

Сарайшық қаласы 1580 жылы казактардың қарақшылық шабуылы нәтижесінде қиратылды. Дегенмен, даңқты қала ретінде дамуын жоғалтса да, өмір сүруін тоқтатпады.

Зерттелуі

Ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихын зерттеу бастамасы ХVІІІ ғасырда қаланды деуімізге болады. Оның басында Орынбор әкімшілігінде жұмыс жасаған П.И. Рычков тұрды. Орыс шенеунігінің «Орынбор топографиясы» еңбегінде Сарайшықтың өз заманында ұлы қала болғаны, бүгінде ол қалада орыс казактардың форпосты тұрғаны, осында атақты адамдардың жерленгені анық жазылады. Кейін ол орыс зерттеушілері П.С. Паллас «бұрын халқы көп татар қаласы Сарайшықтың» болғанын, А.И. Левшин: «Сарайшық бекінісінен Хиуаға дейін Арал мен Каспий теңіздерін бөліп тұрған мойнақ арқылы өтетін бірнеше жол бар. Соның ішінде ең жақсысы – ескі Ноғай жолы» дегенін, К.Ф. Гебель ескі Сарайшықта қазба жүргізгенін жазады. Бір ерекшелігі олардың барлығы Сарайшық қаласының құландыларын өз көзімен көрді. ХХ ғасыр басында Сарайшық қаласы туралы жаңалықтар Орынбор Ғылыми Архивтік комиссиясының «Еңбектерінде» жарияланды. Мәселен, жергілікті пірәдар Лоскутовтің Сарайшықтан табылған үлкен құмыра туралы, В. Григорьевтің ескі сауда-саттық жолдары туралы хабарламалары қызықты.

К.Ф. Гебельден кейін қазба жүргізген зерттеуші, әскери топограф Алексей Ермолаевич Алексеев. Ол ескерткішке қазбаны 1861 жылы салды. Ол жергілікті қазақтардан ақылы жұмысшылар жалдап төбе үстіндегі құландыларды, склептерді қопарып, табылған бұйымдарды жинаумен айналысқан. Осы күнгі археологиялық методикамен алып қарағанда, бұл қазба «жабайы» сипатта болса да А.Алексеевтің қалдырған жазба мәліметтері, оның сызған қала орнының сызбасы өте құнды боп табылады. Сол кезде патшалы Ресейдің Сарайшық бекінісінде тұрған казактарда А.Алексеевтің жалдамалы жұмысшыларға жақсы ақша төлеп жатқанына қызығып, оларда қала орнының мәдени қабатын қопарып, тапқан бұйымдарын оған сатып отырған. А.Алексеев топырақ қабаттарын аршу барысында ашылған қыш кірпіштен тұрғызылған жерлеу құрылыстарын сипаттап жазады. Көне құлпытастардағы жазуларды жариялап, Мұхамед пайғамбардың ұрпақтары саналатын қожа-сейіттердің құлпытастарын тапқан. Қала орнынан табылған тиындардың басым көпшілігі Сарай-әл-Жәдид қаласында соғылғандықтан, А.Алексеев Сарайшық құландысын сол тиындардағы жазу бойынша «Сараиль Джадить» қаласы деп қате атаған. А.Алексеевтің сызбасында Сарайшықтың толық аумағы салынған, оңтүстік-батыс жағында орналасқан цитадель орны, көне жерленімдер көрсетілген. Сонымен бірге Жайық өзені мен оның Сарайшық саласы да бейнеленген.

Ортағасырлық Сарайшық қаласына іргелі археологиялық зерттеулер кеңестік заманда басталған. Оның бастамасын кәсіби археолог Н.К. Арзютов салып, 1937 жылы археологиялық қазба жұмысын жүргізеді. 1950 жылы академик Ә.Х. Марғұлан да Сарайшыққа қазба салады. 1996-2008 жылдары Сарайшық қаласы орнына археолог З. Самашевтың жетекшілігімен кең көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүрді. 2019 жылдан бастап «Сарайшық» музей-қорығының археологтары қала орнында тұрақты зерттеу жүргізуде.

«Сарайшық» музей-қорығы қаланы зерттеудің келелі мәселелеріне беделді ғалымдарды тартты. Зерттеу жұмыстарына белгілі археологтар З. Самашев, М. Елеуов, В. Плахов, ноғайтанушы А. Исин, ортағасырлық Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерттеуші маман Н. Атығаев, нумизмат П. Петров, реставратор Т. Крупа және т.б. қатысты.

Музей-қорық археологтары тарих ғылымдарының докторы Ә. Мұқтардың жетекшілігімен Сарайшық қаласы мен оның маңайында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, көптеген жаңа ескерткіштерді анықтады.

Музей-қорық археологтары А. Тұрарұлы, А. Жұмабаев, Ж. Байғалиев 2020–2021 жылдары Сарайшықтағы «Хан моласы» нысанында қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі сағана құрылысы анықталды. Сағаналардың ауыз қуысы оңтүстік-батыс бағытта орналасқан, кіреберіс дәліздері – дромостары бар. Сағаналардың ішкі қабырғалары ақ түсті алебастрмен сыланған, ал кірпіштерді біріктіруге қолданылған құрылыс ерітіндісі де алебастр негізінде дайындалған.

Сағаналардан көптеген адам сүйектері табылды. Сүйектерге жүргізілген радиокөміртектік талдау олардың XV ғасырдың екінші жартысына жататынын көрсетті. Реставратор Т. Крупа мата қалдықтарын тазалау барысында олардың таза жібектен тоқылған, алтын жалатылған күміс түсті жіптермен өрнектелген барқыт мата екенін анықтады. Бұл жәдігер «Хан моласы» сағанасының ерекше мәртебесін айқындап, оның элиталық статусқа тиесілі болғанын көрсетеді.

2021–2023 жылдары «Сарайшық» музей-қорығы «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар» атты ғылыми жоба (жетекшісі – Ұ. Ахметова) аясында №3 қазба орнында көлемді ғимаратты анықтады. Ғимарат құрамынан монша кешені (киім ауыстыратын, жуынатын бөлме және пеш), көптеген бөлмелер мен дәліздер ашылды. Ұзын дәліздерінің болуына байланысты бұл нысан қоғамдық сипаттағы, қонақ қабылдауға арналған ғимарат ретінде бағаланып, керуеншілер мен жолаушыларға қызмет еткен болуы мүмкін деген тұжырым жасалды.

Қазба барысында күміс дирхемдер көмбесі табылды. Табылған барлық тиындардың атрибуциясын П. Петров жүргізіп, нәтижесінде олар ғылыми айналымға енгізілді.

2023–2025 жылдары «Сарайшық» музей-қорығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ–ХVІ ғғ.)» атты ғылыми жобаны (ғылыми жетекшісі – Әбілсейіт Мұқтар) жүзеге асырды. Осы жоба аясында ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №2 қазбада археологиялық зерттеулер жүргізілді. №2 қазбада жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қала көшесінің бір бөлігі мен тұрғын үйлердің орындары анықталды. Қазба барысында көпбөлмелі ғимараттар кешені, көше құрылымдары және кәріз жүйесінің элементтері ашылып, бұл Сарайшықта дамыған қалалық инфрақұрылым болғанын дәлелдеді. Сонымен қатар, №2 қазбадан көптеген археологиялық олжалар (тиындар, керамика, металл бұйымдар) табылып, музей-қорық экспозициясына қойылды.

2024 жылы «Сарайшық» музей-қорығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024–2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ–ХV ғғ.)» атты ғылыми бағдарламаны жүзеге асырды. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ұлжан Ахметова.

Музей-қорық археологтары Сарайшықтағы №6 қазба орнынан ірі сағананы ашып, онда жерленген 12 адамның сүйектеріне антропологиялық зерттеулер жүргізді. Сағана құрылысы қыш кірпіштен алебастр ерітіндісімен қаланған және күмбезді архитектурасымен ерекшеленеді.

Бағдарлама аясында зерттеулер пәнаралық негізде жүргізіліп, археология, антропология, нумизматика, остеология және басқа да ғылым салаларын қамтыды. Қазба барысында Хорезмшах Мұхаммедтің XIII ғасырға жататын тиыны табылып, бұл Сарайшықтан алғаш рет анықталған олжа болды.

Сонымен қатар, №6 қазба орнында ірі сәулеттік құрылыс қалдығы ашылып, оның құрылысында қыш кірпіштен қаланған колонналар негіздері анықталды. Құрылысқа қолданылған тәсілдер қала тұрғындарының жоғары құрылыс мәдениеті мен эстетикалық талғамының болғанын дәлелдейді.

Қазба барысында тұрғын бөлмелер ашылып, олардың құрылыс ерекшеліктері, едендері, қабырғалары мен жылу жүйелері зерттелді. Анықталған бөлмелер тек тұрғын үй қызметін ғана атқармаған, кейбірінде шаруашылық және қоймаға тән элементтер де байқалды.

Сонымен қатар, музей-қорықтың Сарайшық ескерткішіндегі қазба жұмыстары барысында геодезиялық технологиялар мен геоақпараттық жүйелер кеңінен қолданылды. Адам сүйектеріне генетикалық сараптамалар жүргізіліп, табылған мал сүйектеріне археозоологиялық талдаулар жасалды.

Сарайшық қаласы құландысындағы зерттеулер нәтижесінде, Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінен, ортағасырлық Батыс пен Шығыс өркениеті орталықтарымен мәдени байланыстар және сауда-экономикалық дамудың серпіні жөнінде бай материалдар жинақталды. Қала орнында ондаған көп функционалды бөлмелерден тұратын тұрғын үй-шаруашылық кешені қазылды, жергілікті немесе шеттен келген сырлы және сырланбаған қыш бұйымдардың көптеген үлгілері алынды. Оның ішінде алтынмен әшекейленген, зооморфты немесе өсімдік тәріздес оюларымен ерекшеленетін түрлері де кездеседі. Сырлы қыш бұйымдардың сынықтарында діни немесе басқа тақырыптағы жазулар бар. Бұл қыш материалдардан басқа, түрлі тұрмыстық-шаруашылық маңызы бар заттар, қару-жарақ бұйымдары және сансыз көп тиындар табылды. Сарайшық пен оның төңірегінің қалалық мәдениеті Төменгі Поволжьенің, Хорезмнің және Орта Азияның үйлесімді мәдениетімен салыстырғанда, өзіндік ерекшелікке ие, бұл оның терең далалық тамырын соншалықты дәрежеде қамтуында, Дешті-Қыпшақ пен Ұлы Даланың басқа да шеткі аймақтарымен тығыз байланысында көрінеді. Қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалады.

Жазба деректер

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы - Ибн-Баттута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде 1334 ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке — Алтын Орданың бас қаласы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол,

Сарайдан шыққаннан он күн өткен соң, біз Сарайшық қаласына келдік, шық «кішкентай» дегенді білдіреді. Олар осылайша мұның Кіші Сарай екенін білдіргісі келеді. Бұл қала Ұлысу деп аталатын суы мол ірі өзеннің жағасында орналасқан, оның мағынасы «ұлы су». Одан Бағдаттағыдай қайықтардан көпір тартылған. Бұл қалада біздің атпен арба сүйреткен саяхатымыз аяқталды. Сол жерде біз жылқыларымыздың әрқайсысын төрт динардан, бұл қалада олардың әлсіз болуы мен арзан тұруына байланысты оданда төмен бағаға саттық және арбаларымызды сүйреуге түйелер жалдадық. Бұл қалада түркілер «ата» деп атайтын түріктердің абыз қариясының завиясын бар, ата «әке» деген сөз. Ол завиясында бізді қонақ қып, тамақтандырды және батасын берді. Сондай-ақ бізді бұл қаланың қадиы қабылдады, тек оның есімі менің есімде қалған жоқ.

Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі - Энтони Дженкинсон. Ол 155859 жж. Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғып былай жазған:

Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен.

1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына ірі қыш құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйірінде жазулар жазылған. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Орал қаласындағы музейге тапсырылады. Құмырадағы жазуды белгілі шығыстанушы А.Н. Самойлович оқып, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы жазбамен мәндес екенін атап өтеді:

Адам көркі – жүз,
бұл жүз көркі – көз,
Ауыз көркі – тіл,
бұл тіл көркі – сөз.
Тағы көрік кісіге –
білім мен өнер,
Жанын құрбан етер
білім үшін ер, - деген шумақ шыққан. Ал бүйірінде “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп жазылған.

Аңыз әңгімелер

Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі “Секер көлі” туралы аңыз әңгіме айтылады. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер төктіріп қояды екен. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға батырады екен. Бұл көл “Аққу көлі” деп те аталатын болған. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге әкесі жасатып берген аққу мүсінді алтын қайығымен құстарға жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге әмір етіпті. “Қызыңыздың осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып, түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда.

Қалашық орындары көріністері мен заттар

Әдебиет

• Тасмағамбетов И., Самашев З. Сарайшық. – Алматы: «Берел» қоғамдық қоры, 2001. – 320 б.
• Самашев З., Бурнашева Р., Базылхан Н., Плахов В. Сарайшық тиындары. – Алматы, 2006. – 184 б.
• Самашев З., Кузнецова О., Плахов В. Сарайшықтың қыш бұйымдары. – Алматы, 2008. – 264 б.
• Мұқтар Ә., Сыдықов Е. ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығы. Моногрфия: – Алматы: «Мерекенің баспалар үйі», 2015. – 688 б.
• Мұстафин Ж. Ортағасырлық Сарайшық. Монография. – Атырау: «Ағатай» баспасы, 2015. – 177 б.
• Мұқтар Ә., Диярова Ж. «Сарайшық» музей-қорығы тарихы (1963-2019). Монография. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2019. –​ 192 б.
• Мұқтар Ә. Біріншілер (1938-2019 жылдардағы Атырау облысы тарихынан). Монография. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. –​ 328 б.+ 16 б. сурет.
• Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Атығаев Н., Ахмет А., Жұмабаев А. Қазақ Хандығы құрылымындағы билер, батырлар, кожалар, жасауылдар, аталықтар және тархандар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XV - XIX ғғ.). Монография. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. – 248 б.
• Мұқтар Ә., Ахметова Ұ,. Ахмет А. Өлке тұлғалары тарихынан (XVIII-XIX ғғ.). Кітап. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. –​ 112 б.
• Әбдешев Б., Сағынбаева О., Байғалиев Ж. Сарайшық жәдігерлері. Кітап-альбом. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. –​ 96 б. + 8б. сурет.
• Мұқтар Ә., Тұрарұлы А., Диярова Ж., Нұғманова Н. Ортағасырлық Сарайшықтағы тарихи ескерткіштер. Кітап. –​ Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. –​ 80 б.+8 б. сурет.
• Ахметова У., Иванова Г., Муктар А., Имашев Э., Исмаилов С., Жумабаев А., Абильсеитулы З. Лагерная система в Прикаспийском регионе Казахстана (1932-1953 гг.): Сборник документов и материалов. –​ Алматы: Издательство «Арыс», 2022. –​ 376 с.
• Ахметова Ұ., Мұқтар Ә., Қасенов М., Тұрарұлы А., Жұмабаев А. Батыс Қазақстандағы Алтынорда қалалары, керуен сарайлары және керуен жолдары (ХІІІ-ХҮІ ғғ.). Монография. – Алматы: «Болат медиа» мекемесі, 2023. – 158 б.
• Ахметова Ұ., Мұқтар Ә., Қасенов М., Тұрарұлы А., Жұмабаев А. Жайық бойы Алтынорда қалалары (ХІІІ-ХҮІ ғғ.). Кітап. –​ Алматы: «Болат медиа» мекемесі, 2023. – 148 б.
• Қожа М. Ортағасырлық Сарайшық. Средневековый Сарайчик. Буклет. – Сарайшық: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2023. – 8 б.
• Мұстафин Ж. Сарайшық тарихындағы аңыздар. Буклет. – Сарайшық: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2023. – 12 б.
• Мұстафин Ж. Тақ. Сарайшықта жерленген тарихи тұлғалар. Буклет. – Сарайшық: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2023. – 8 б.
• Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Мұстафин Ж., Диярова Ж., Тұрарұлы А., Жумабаев А. Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы. –​ Атырау: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ баспаханасы, 2024. –​ 236 б.
• Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Петров П., Тұрарұлы А., Жұмабаев А. Ортағасырлық Сарайшық: тарихи деректері, археологиясы, нумизматикасы, картографиясы. Ұжымдық монография. – ​Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2024. – 368 б.
• Мұстафин Ж. Әбілғазы Баhадүрдің «Түрік шежіресі» қақында (1603-1664 жж.). Монография. –​ Атырау: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ баспаханасы, 2024. –​ 172 б.
• Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет. Халықаралық ғылыми симпозиум жинағы (2025 ж. 17-18 қараша). – Атырау: «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі, 2025. – 296 б.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Навигациялық кестеҮлгі:Атырау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері