Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мим"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Перемещение 1 интервики на Викиданные, d:q421314)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Мим (Үлгі:Lang-el – еліктеуші, еліктеу) –

  1. Антикалық театрдағы тұрмыстық және сатиралық мазмұндағы қысқа сахналық көріністер. Ежелгі Грекияда (б.з.б. 5 ғасыр) суырыпсалмалық халық драмасы ретінде пайда болды. Әкелі - балалы ақындар Софрон мен Ксенархтың шығармалары гректік Мимге әдеби түр берді. Эллинизм дәуірінде (б.з.б. 4 – 3 ғасырлар) Мим Таяу Шығыстағы атақты грек мимографтары Герод пен Сотадтың шығармаларында көрініс тапты. Мим кейіпкерлері көбінесе құлдар, гетералар болды. Мим ойын - сауығында өлең қара сөзбен алмасып, диалог түрінде келіп, ән мен би де орындалды. Сонымен бірге, Мимнің әсері орта ғасырдағы фарстарда және италиялық дель арте комедиясында байқалды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  2. Мимді орындаушы актер немесе актриса. Олар туралы мағлұматтар ежелгі авторлардың жазбаларында, құмыра кескіндемесінде кездеседі. Қазіргі театрда пантомима орындаушы актерлерді кейде Мим деп атайды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikifyca:Mim cs:Mim en:Mime artist es:Mímica fr:Mime it:Mimo latino pt:Mímica sh:Mim simple:Mime sk:Mím uk:Міми zh:默劇