Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бүркіт-би"
ш (clean up, replaced: “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ using [[Project:AWB|AWB]]) |
ш («Қазақ билері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
||
| Жол нөмірі 8: | Жол нөмірі 8: | ||
[[Санат:Өнер]] | [[Санат:Өнер]] | ||
| + | [[Санат:Қазақ билері]] | ||
{{stub}} | {{stub}} | ||
08:55, 2024 ж. қазанның 3 кезіндегі түзету
Бүркіт-би — халық биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Орташа екпінді. Дабылдың сүйемелдеуімен орындалады. Негізінен, Моңғолияда тұратын қазақтар арасында кең тараған. “Бүркіт-би”, “Жорға аю” секілді халық билерін 1956 жылы Баян Өлгий аймағында ұлттық музыкалық драма театры ашылғанда өнер мамандары алғаш жазып алып, зерттеп, сахнаға шығара бастады. “Бүркіт-би” қыран бүркіт пен бүркітшінің қимыл-әрекетін бейнелейді. 1970 жылы жергілікті композитор Мұсайф Құсайынұлы ақын Ақтан Бәбиұлының “Бүркіт” поэмасы бойынша Бүркіт-би Лхамсүрэннің либреттосы негізінде 3 актілі, 6 суретті “Бүркіт” балетін жазды. Онда “Бүркіт-би” элементтері кеңінен пайдаланылған. Баян Өлгий музыкалық драма театры сахнасында қойылған бұл алғашқы балет ұлттық ән-күйлердің өзегін, бояуын сақтай отырып, оны жаңа нақыш-өрнектермен байытқан тартымды туынды. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
<references/>