Бүркіт-би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркіт-би — халық биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Орташа екпінді. Дабылдың сүйемелдеуімен орындалады. Негізінен, Моңғолияда тұратын қазақтар арасында кең тараған. “Бүркіт-би”, “Жорға аю” секілді халық билерін 1956 жылы Баян Өлгий аймағында ұлттық музыкалық драма театры ашылғанда өнер мамандары алғаш жазып алып, зерттеп, сахнаға шығара бастады. “Бүркіт-би” қыран бүркіт пен бүркітшінің қимыл-әрекетін бейнелейді. 1970 жылы жергілікті композитор Мұсайф Құсайынұлы ақын Ақтан Бәбиұлының “Бүркіт” поэмасы бойынша Бүркіт-би Лхамсүрэннің либреттосы негізінде 3 актілі, 6 суретті “Бүркіт” балетін жазды. Онда “Бүркіт-би” элементтері кеңінен пайдаланылған. Баян Өлгий музыкалық драма театры сахнасында қойылған бұл алғашқы балет ұлттық ән-күйлердің өзегін, бояуын сақтай отырып, оны жаңа нақыш-өрнектермен байытқан тартымды туынды. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүркіт-би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}