Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жаулық"
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Үй-тұрмысы) |
ш (Protected "Жаулық" ([Өңдеу=Тек администраторларға рұқсат ету] (мәңгі) [Жылжыту=Тек администраторларға рұқсат ету] (мәңгі))) |
||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | [[Сурет: | + | [[Сурет:Жаулықтың өңірлік түрлері (3).jpg|thumb|right|300px|'''Жаулықтың өңірлік түрлері''': 1 - Шымкент облысы, 2 - Маңғыстау облысы, 3 - Таулы Алтай облысы, 4 - Торғай облысы, 5 - Шығыс Қазақстан облысы, 6 - Ақтөбе облысы, 7 - Жамбыл облысы, 8 - Қызылорда облысы, 9-10 - Алматы облысы, 11 - Қостанай облысы, 12 - Семей облысы <small>(материалдар совет кезеңінде жиналғандықтан облыс атаулары Қазақстанның әкімшілік-территориялық (облыстық) бірліктерінің сол дәуірде қолданыста болған атаулары бойынша беріліп отыр). Қазақ ССР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография Институтының этнографиялық экспедициясы материал-дарынан (ХХ ғ. 70-ші жылдардың аяғы – 80-жылдар)</small>.]] |
| + | '''Жаулық''' – көлемі үлкен ақ [[мата]]ны [[әйел]]дің басына орап тартатын [[баскиім]]нің ерекше түрі. Оның көлемі кейбір өңірлерде, мысалы, Жетісуда, 14 м-ге дейін жеткен. Әдетте, шыт, бәтес, сәтен сияқты матаның ақ түстісінен жасалады. Баскиімнің бұл түрінің "ақ жаулық" деп аталынуы сондықтан". Осыған байланысты ел арасында "ақ жаулық", "ақ жаулықты аналар" деген тіркестер жиі айтылады. Тіпті, әйел адамды "ақ жаулық" деп атау да қалыптасқан. Жаулықтың үй және шаруа жұмыстарында бастарына салатын күнделікті және той-жиында салатын қымбат бағалысы да болады. | ||
| − | + | == Жаулық түрлері == | |
| − | + | [[Сурет:Жаулық салу түрлері.jpg|thumb|right|150px|Жаулық салу түрлері. <small>(Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области (Оренбург: тип. Жаринова, 1895) атты еңбектен)</small>.]] | |
| + | Қазақ әйелдері жас ерекшелігіне қарай баскиімнің әртүрлілерін пайдаланды: а) күйеуге шығарға дейін [[тақия]] және үкілі тақия; ә) үйлену үрдісі барысында [[сәукеле]]; б) некесі қиылып, "жат жұртқа" келін болуының символы ретінде [[желек (бас киім)|желек]]; в) алғашқы баласы дүниеге келгенде [[кимешек]]; д) балалары ер жетіп, "сары қарын" әйел болғанда (шамамен 25 жастан әрі) жаулық киді. Демек, аталмыш баскиімнің түрлері әйел адамның ғұмырының тиісті кезеңдерінің символдары болып табылады. Ал жаулықты әйел адамның жоғарыда айтылған жастан бастап пайдалануы оның үй шаруашылығын "дөңгелетіп" алып кететіндей тәжірибесі мол отбасының ардақты анасы деген мәртебеге ие болғандығын білдіреді. Жаулықты кимешексіз де, кимешектің үстінен бастырып та пайдаланды. | ||
| − | == | + | == Жаулық түрлерінің аймақтық ерекшеліктері == |
| − | + | [[Сурет:Жаулық (2).jpg|thumb|right|150px|Жаулық. <small>(Типы народностей туркестанского края. Киргиз-казачка. Туркестанский альбом по распоряжению Туркестанского генерал-губернатора К.П. фон Кауфмана 1-го 1871-1872 гг. Части этнографическая, историческая, промысловая, археологическая (СПб., 1871) атты еңбектен)</small>.]] | |
| − | + | Жаулық пішіміне, киілу тәсіліне, көлеміне, материалына байланысты алуан түрлі болып келеді және әр өңірде әртүрлi атауларға ие болған. [[Жетісу|Жетiсу]], Алтай өңiрлерiнде – шылауыш, [[Орталық Қазақстан|Орталық]], [[Шығыс Қазақстан]]да матаның пішіміне байланысты – шаршы, ал жаулықтың кең тараған өлкесі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде – [[Қарқара (бас киім)|қарқара]], [[күндік (бас киім)|күндік]] деп аталатын түрлері бар.<br> | |
| − | + | Жаулықты киюдің аймақтық ерекшелiктерi де болды. Мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде сәндік үшін жаулықты кимешектің үстінен киді. Егер сол кимешек қызыл жіппен (шым) кестеленсе отағасының барлығын, ал жай ақ жіппен "су тарту" өрнегімен кестеленген болса әйелдің жесір екендігін білдірді. | |
| − | == | + | == Жаулық тарту тәсілдері == |
| − | < | + | [[Сурет:Жаулық (1).jpg|thumb|right|150px|Жаулық. <small>(Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области (Оренбург: тип. Жаринова, 1895) атты еңбектен)</small>.]] |
| + | [[Сурет:Жаулық салған әйелдер.jpg|thumb|right|150px|Жаулық салған әйелдер.]] | ||
| + | Дәстүрлі қазақы ортада жаулықты күннiң аптабы мен суығынан, желдiң өтiнен қорғау үшін жамылғы ретінде де пайдаланылатындай көлемді пішімде жасалған. Осындай жаулықты ортасынан үшбұрыштай бүктеп, бүктелген жағын маңдай тұсына келтіре басқа жауып, бір ұшы арқадан төмен жіберіп, ал қалған екі ұшы кеуде тұсына айқастырыла жамылған. Жаулықты тартудың жолдары да әртүрлі болып келеді. [[Батыс Қазақстан]] өңірінде жаулықты тартар алдында шаршыны екі қабаттап үшбұрыштап, маңдай тұсына келетін бүктелген жағын тағы да қабаттап бүктеп, маңдайынан бастап тартқанда, үшбұрышты етегі желке тұсына келіп, екі ұшын да желке тұсына қарай қайтара байлағанда, төбесі дөңгеленіп тұрады. | ||
| + | Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулықты тартқан. Мұндай күрделi оралатын жаулықтарды түйреуiштер арқылы бекiтiп, [[Бөрік|бөрiк]] сияқты оралған күйiнде шешiп киген. Жаулықты тартудың ең күрделісі және ең ауқымдысы Жетісу өңірінде қолданылды.<br> | ||
| + | Жаулықты сипаттауда қосымша атауы қатар айтылады. Мәселен, бұрама жаулық, сәукеле жаулық, сұлама жаулық деген атаулар да кездеседі. Жаулықты тек басқа ғана емес, иыққа да жамылғыш ретінде пайдаланған.<br> | ||
| + | Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдап, басқа біреуге бермеген.<ref>ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref> | ||
| − | {{ | + | == Дереккөздер == |
| + | {{дереккөздер}} | ||
| + | == Әдебиеттер == | ||
| + | * П. Обычай киргизов Семипалатинской области // РВ. No9. М., 1878; | ||
| + | * Этнографические очерки киргизов Перовского и Казалинского уездов. Сочинение Х.Кустанаева воспитанника IV класса Туркестанской учительской семинарии под ред. Н.А. Воскресенского. Ташкент, 1894; | ||
| + | * Добросмыслов А.И. Указатель киргизских слов и выражений // Суд у киргиз Тургайской области в ХVІІІ и ХІХ веках. Казань, 1904. С.99; | ||
| + | * Есімболова М.Қ. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Эверо, 2004; | ||
| + | * Ибрагимов И.И. Қазақ халқының этнографиялық очерктері // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Алматы: Арыс, 2006; | ||
| + | * Қазақ ССР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этно-графия Институтының этнографиялық экспедициялар материалдарынан (ХХ ғ. 60-80-жылдар). | ||
| + | [[Санат:Қазақ мәдениеті]] | ||
| + | [[Санат:Қазақ салт-дәстүрлері]] | ||
[[Санат:Тұрмыс]] | [[Санат:Тұрмыс]] | ||
| − | |||
| − | |||
| − | |||
09:13, 2023 ж. маусымның 25 кезіндегі түзету
Жаулық – көлемі үлкен ақ матаны әйелдің басына орап тартатын баскиімнің ерекше түрі. Оның көлемі кейбір өңірлерде, мысалы, Жетісуда, 14 м-ге дейін жеткен. Әдетте, шыт, бәтес, сәтен сияқты матаның ақ түстісінен жасалады. Баскиімнің бұл түрінің "ақ жаулық" деп аталынуы сондықтан". Осыған байланысты ел арасында "ақ жаулық", "ақ жаулықты аналар" деген тіркестер жиі айтылады. Тіпті, әйел адамды "ақ жаулық" деп атау да қалыптасқан. Жаулықтың үй және шаруа жұмыстарында бастарына салатын күнделікті және той-жиында салатын қымбат бағалысы да болады.
Мазмұны
Жаулық түрлері
Қазақ әйелдері жас ерекшелігіне қарай баскиімнің әртүрлілерін пайдаланды: а) күйеуге шығарға дейін тақия және үкілі тақия; ә) үйлену үрдісі барысында сәукеле; б) некесі қиылып, "жат жұртқа" келін болуының символы ретінде желек; в) алғашқы баласы дүниеге келгенде кимешек; д) балалары ер жетіп, "сары қарын" әйел болғанда (шамамен 25 жастан әрі) жаулық киді. Демек, аталмыш баскиімнің түрлері әйел адамның ғұмырының тиісті кезеңдерінің символдары болып табылады. Ал жаулықты әйел адамның жоғарыда айтылған жастан бастап пайдалануы оның үй шаруашылығын "дөңгелетіп" алып кететіндей тәжірибесі мол отбасының ардақты анасы деген мәртебеге ие болғандығын білдіреді. Жаулықты кимешексіз де, кимешектің үстінен бастырып та пайдаланды.
Жаулық түрлерінің аймақтық ерекшеліктері
Жаулық пішіміне, киілу тәсіліне, көлеміне, материалына байланысты алуан түрлі болып келеді және әр өңірде әртүрлi атауларға ие болған. Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде – шылауыш, Орталық, Шығыс Қазақстанда матаның пішіміне байланысты – шаршы, ал жаулықтың кең тараған өлкесі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде – қарқара, күндік деп аталатын түрлері бар.
Жаулықты киюдің аймақтық ерекшелiктерi де болды. Мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде сәндік үшін жаулықты кимешектің үстінен киді. Егер сол кимешек қызыл жіппен (шым) кестеленсе отағасының барлығын, ал жай ақ жіппен "су тарту" өрнегімен кестеленген болса әйелдің жесір екендігін білдірді.
Жаулық тарту тәсілдері
Дәстүрлі қазақы ортада жаулықты күннiң аптабы мен суығынан, желдiң өтiнен қорғау үшін жамылғы ретінде де пайдаланылатындай көлемді пішімде жасалған. Осындай жаулықты ортасынан үшбұрыштай бүктеп, бүктелген жағын маңдай тұсына келтіре басқа жауып, бір ұшы арқадан төмен жіберіп, ал қалған екі ұшы кеуде тұсына айқастырыла жамылған. Жаулықты тартудың жолдары да әртүрлі болып келеді. Батыс Қазақстан өңірінде жаулықты тартар алдында шаршыны екі қабаттап үшбұрыштап, маңдай тұсына келетін бүктелген жағын тағы да қабаттап бүктеп, маңдайынан бастап тартқанда, үшбұрышты етегі желке тұсына келіп, екі ұшын да желке тұсына қарай қайтара байлағанда, төбесі дөңгеленіп тұрады.
Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулықты тартқан. Мұндай күрделi оралатын жаулықтарды түйреуiштер арқылы бекiтiп, бөрiк сияқты оралған күйiнде шешiп киген. Жаулықты тартудың ең күрделісі және ең ауқымдысы Жетісу өңірінде қолданылды.
Жаулықты сипаттауда қосымша атауы қатар айтылады. Мәселен, бұрама жаулық, сәукеле жаулық, сұлама жаулық деген атаулар да кездеседі. Жаулықты тек басқа ғана емес, иыққа да жамылғыш ретінде пайдаланған.
Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдап, басқа біреуге бермеген.<ref>ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref>
Дереккөздер
Әдебиеттер
- П. Обычай киргизов Семипалатинской области // РВ. No9. М., 1878;
- Этнографические очерки киргизов Перовского и Казалинского уездов. Сочинение Х.Кустанаева воспитанника IV класса Туркестанской учительской семинарии под ред. Н.А. Воскресенского. Ташкент, 1894;
- Добросмыслов А.И. Указатель киргизских слов и выражений // Суд у киргиз Тургайской области в ХVІІІ и ХІХ веках. Казань, 1904. С.99;
- Есімболова М.Қ. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Эверо, 2004;
- Ибрагимов И.И. Қазақ халқының этнографиялық очерктері // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Алматы: Арыс, 2006;
- Қазақ ССР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этно-графия Институтының этнографиялық экспедициялар материалдарынан (ХХ ғ. 60-80-жылдар).