Жаулық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаулық — әйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадай немесе ақ жібектен тігеді. Жаулықты кимешектің сыртынан тартады. Ол тарту тәсіліне қарай қарқара, күндік деп аталады. Жаулық тұтас енімен алынған, кейде ен жарма (бір жарым ен) матадан ұзындығын бір жарым-екі метрдей етіп қиып алып, шеттері жіңішке ғана бүгіліп жасалады. Қарқара тартқанда әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарыл қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдыра, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болып келеді. Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады. Күндік жаулық тартқан әйел күнге қарсы жүргенде күндіктің маңдайындағы үш бұрышты қаттаманы еңкейтіл түсіріп қояды. Оның желке тұсында қарқара жаулығынан гөрі ұзындау, етегі әйелдің арқасын жауып тұрады. Күндік жаулықты үш бұрышты қаттама шыққан жерінен және әйелдің желкесіне келетін тұсынан түйреу ішпен түйреп бекітеді. Қазақстанның әр облыстарында жергілікті қалыптасқан дәстүрге қарай жаулықты әр түрлі үлгіде тартады. Жаулықты қазір ескінің кезі—әжелер болмаса, жастар тартпайды. <ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаулық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}