Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарағаш қорықшасы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («1986 жылы құрылғандар» деген санатты аластады; «1986 жылы пайда болғандар» деге...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қарағаш қорықшасы – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан кешенді қорықша.
1986 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 68 км². Бұл алқапта қайың, көк терек, тал, долана, мойыл, шілік және қарағаш ағаштары өседі. Қараағаш қорықшасының жер бедері – аласа таулы алқап. Жалды-қырқалы жазықтар да кездеседі. Тау жоталарының арасындағы аласа жерлерде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктерден бетеге, бидайық, селеу, еркек қоңырбас, жусан, құмсағыз, ши, ойдым-ойдым жерлерде жеміс-жидекті бұталар кездеседі. Топырағы қызғылт, қызғылт қоңыр, құм араласқан. Жануарлардан жабайы шошқа, елік, ақ бөкен, ал құстардан құр, ақ шіл, т.б. кездеседі.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>