Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тораңғы қорықшасы"
(Rescuing 0 sources and tagging 1 as dead.) #IABot (v2.0.9.5) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Қорық аймағы Тораңғы қорықшасы – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Ауданы 48,0 га.
Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құзырында.
Флорасы
Қорықшада сирек кездесетін негізгі өсімдік – тораңғы түрлі жапырақты терек. Басқа қорғалатын өсімдік түрлері: жусан, жоңғар талы, вильгельм талы, үшкір жемісті жиде, қызыл жыңғыл, борық жыңғыл, тікенекті жыңғыл, ұзын жыңғыл, ақ шеңгел, құрғақ айрауық, сортаңдық айбатмия, қызылмия, талжапырақ тергүл, гүлшырмауық.
Фаунасы
Қорықша аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген құс түрлері мекен етеді: қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, кіші аққұтан, жалбағай, қарабай, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, алакөз сүңгуір, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, жыланшы бүркіт, дала қыраны, үлкен алақыран, қарақұс, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрықты субүркіт, ителгі, бидайық, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі. Қорғауғы алынған жануарлар мен құстар: далалық күйкентай, жабайы шошқа, борсық, қырғауыл, қасқыр, түлкі, қарсақ, құмқоян, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, сұр қаз, қасқалдақ, ақмаңдайлы қаз.<ref>Сайт "Особо охраняемые природные территории Республики Казахстан" https://oopt.kz/Үлгі:Deadlink</ref>