Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшкір құртшөп"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Үшкір құртшөп<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – қоңыраугүлдер тұқымдасының құртшөп туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 50-70 см.
  • Сабағын қысқа және ұзын тікенекті түк басқан, жоғарғы бөлігі жалаң.
  • Жапырақтары қалың, ұшына қарай кішірейеді, ұзынша жұмыртқа немесе таспа-қандауыр тәрізді, жиегі өткір тісті. Төменгі жапырақтары сағақты, жоғарғылары сағақсыз.
  • Гүлшоғыры қарапайым, көкшіл ұсақ гүлдері көп гүлді шоғырға топтасқан. Тостағаншасының біз тәрізді тісшелері бар, күлтесінің ұзындығы 5-7 мм. Қауашағы қырлы, ортасында саңылаулары болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралуы

Үшкір құртшөптің отаны Солтүстік Африка және Еуразия, сонымен қатар Түркия жерлерінде де таралған. Қазақстанда Қаратау жотасында, Батыс Тянь-Шань жотасында кездеседі. Ұсақ тасты жерлерде және таудың тасты беткейлерінде орта тұсына қарай өседі.

Дереккөздер

<references/>