Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Долматов құламалары"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Долматов құламалары – табиғаттың палеонтологиялық ескерткіші. Солтүстік Қазақстан облысыҚызылжар ауданында, Есіл өзені аңғарының тік жарлы беткейінде орналасқан. Биіктігі 25 – 50 м. Есіл – Ертіс өзендері аралығын құрайтын палеоген-неоген жасындағы түпкі континенттік ашық жыныстары аршылған. Түбі аршылған тау жыныстарының бірі Новопавловка аулынан солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан. Мұндағы тік беткейдің жоғары бөлігі миоцен жасындағы жасыл сұр саз балшықтан түзілген. Құлама сайдың орта тұсы жұқа тасты қабаттан түзілген. Саз балшықтың жазық беткейінен детрит-сағы, жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарынан тұратын түйіршіктер, Торғай қабатының жылу сүйгіш, жалпақ және қылқан жапырақты флорасының ізін көруге болады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub