Долматов құламалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Долматов құламалары – табиғаттың палеонтологиялық ескерткіші. Солтүстік Қазақстан облысыҚызылжар ауданында, Есіл өзені аңғарының тік жарлы беткейінде орналасқан. Биіктігі 25 – 50 м. Есіл – Ертіс өзендері аралығын құрайтын палеоген-неоген жасындағы түпкі континенттік ашық жыныстары аршылған. Түбі аршылған тау жыныстарының бірі Новопавловка аулынан солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан. Мұндағы тік беткейдің жоғары бөлігі миоцен жасындағы жасыл сұр саз балшықтан түзілген. Құлама сайдың орта тұсы жұқа тасты қабаттан түзілген. Саз балшықтың жазық беткейінен детрит-сағы, жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарынан тұратын түйіршіктер, Торғай қабатының жылу сүйгіш, жалпақ және қылқан жапырақты флорасының ізін көруге болады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Долматов құламалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}