Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кавказ таудағаны"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
||
| (басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 17: | Жол нөмірі 17: | ||
|binomial_authority =Willd. | |binomial_authority =Willd. | ||
|}} | |}} | ||
| − | '''Кавказ таудағаны''' (Celtis саuсаsіcа) – [[кенепшөп тұқымдасы]], таудаған туысына жататын көп жылдық [[ағаш]]. [[Орта Азия]], [[Иран]] және [[Кавказ | + | '''Кавказ таудағаны''' (Celtis саuсаsіcа) – [[кенепшөп тұқымдасы]], таудаған туысына жататын көп жылдық [[ағаш]]. [[Орта Азия]], [[Иран]] және [[Кавказ]]дың таулы аймақтарында кездеседі. [[Қазақстан]]да [[Жетісу]] ([[Жоңғар Алатауы]]ның оңтүстік сілемінен [[Батыс Тянь-Шань]]ға дейінгі ([[Жамбыл облысы|Жамбыл]], [[Түркістан облысы|Түркістан]] облыстары) төменгі және орта белдеудегі құрғақ тау беткейлері мен шатқалдарында өседі. Биіктігі 4 – 8 метрдей, тегіс, сұр қабықты, жас [[бұтақ]]тары қызғылт қоңыр түсті, ұшар басы шоқтанып тұрады. Өте қатты, қысқа [[сағақ]]ты, [[талшық]]танған торы айқын көрінетін [[жапырақ]]тары өркенге кезектесе орналасқан. Жапырақ тақташалары ұзынша [[қандауыр]] тәрізді, жиектері үшкір тісті болып келеді. [[Гүл]]дері қос жынысты, олар ұзындығы 2 см-дей болатын [[гүлтабан]]ымен жапырақтың қуысында орналасқан. Гүлсерігі қарапайым ұсак төрт бөліктен тұрады, аталығы төртеу, жатыны бір ұялы. Тұқымынан және [[вегетативті]] жолмен көбейеді. Жапырақ жара бастаған кезде жел арқылы тозаңданады. [[Сәуір]] – [[мамыр]] айларында гүлдеп, [[қыркүйек]]те жемістенеді. [[Жеміс]]і – тәтті, жұмсақ, шар тәрізді сүйекше. Құрғақшылыққа төзімді ағаш. Жетіліп піскен кезінде (қыркүйек) жемісі қызғылт сары түсті әрі көкшіл қатпарлы рең алады. Кавказ таудағаның сүрегі ауыр және мықты болады, [[балта]]мен жарудың өзі қиынға соғады, сондықтан да оны көбіне «[[тас]]» немесе «[[темір]]» ағаш деп атайды. Қабығын [[тері]], [[жүн]] және [[жібек]] бұйымдарын сарғыш қоңыр түске бояу үшін қолданады. [[Халық медицинасында]] жапырағы мен жемісін асқынған [[асқазан]], [[ішек]]тің [[жұқпалы аурулар]]ын емдеуде және терлеу үшін қолданылады. Ал құрамында 48%-ға дейін қою майы бар жемісін тағамға пайдаланады. Жемісі шикі күйінде де жеуге жарамды. Кавказ таудағаны шірнелік және сәндік өсімдік. Табиғи ортада тік беткейлер мен шөгінділерді орнықтырып, [[топырақ]]ты шайылып, тастарды жылжып кетуден сақтайды. Кавказ таудағаны өзінің таралу аймағы бойынша солтүстік-шығыста ең сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, [[Қазақстан]]ның «[[Қызыл кітап|Қызыл кітабына]]» енгізілген. |
<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref> | <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref> | ||
| Жол нөмірі 23: | Жол нөмірі 23: | ||
<references /> | <references /> | ||
| − | |||
{{wikify}} | {{wikify}} | ||
[[Санат:Кенепшөптер]] | [[Санат:Кенепшөптер]] | ||
[[Санат:Қазақстан табиғаты]] | [[Санат:Қазақстан табиғаты]] | ||
| + | |||
| + | |||
| + | {{stub}} | ||
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Кавказ таудағаны (Celtis саuсаsіcа) – кенепшөп тұқымдасы, таудаған туысына жататын көп жылдық ағаш. Орта Азия, Иран және Кавказдың таулы аймақтарында кездеседі. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар Алатауының оңтүстік сілемінен Батыс Тянь-Шаньға дейінгі (Жамбыл, Түркістан облыстары) төменгі және орта белдеудегі құрғақ тау беткейлері мен шатқалдарында өседі. Биіктігі 4 – 8 метрдей, тегіс, сұр қабықты, жас бұтақтары қызғылт қоңыр түсті, ұшар басы шоқтанып тұрады. Өте қатты, қысқа сағақты, талшықтанған торы айқын көрінетін жапырақтары өркенге кезектесе орналасқан. Жапырақ тақташалары ұзынша қандауыр тәрізді, жиектері үшкір тісті болып келеді. Гүлдері қос жынысты, олар ұзындығы 2 см-дей болатын гүлтабанымен жапырақтың қуысында орналасқан. Гүлсерігі қарапайым ұсак төрт бөліктен тұрады, аталығы төртеу, жатыны бір ұялы. Тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді. Жапырақ жара бастаған кезде жел арқылы тозаңданады. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – тәтті, жұмсақ, шар тәрізді сүйекше. Құрғақшылыққа төзімді ағаш. Жетіліп піскен кезінде (қыркүйек) жемісі қызғылт сары түсті әрі көкшіл қатпарлы рең алады. Кавказ таудағаның сүрегі ауыр және мықты болады, балтамен жарудың өзі қиынға соғады, сондықтан да оны көбіне «тас» немесе «темір» ағаш деп атайды. Қабығын тері, жүн және жібек бұйымдарын сарғыш қоңыр түске бояу үшін қолданады. Халық медицинасында жапырағы мен жемісін асқынған асқазан, ішектің жұқпалы ауруларын емдеуде және терлеу үшін қолданылады. Ал құрамында 48%-ға дейін қою майы бар жемісін тағамға пайдаланады. Жемісі шикі күйінде де жеуге жарамды. Кавказ таудағаны шірнелік және сәндік өсімдік. Табиғи ортада тік беткейлер мен шөгінділерді орнықтырып, топырақты шайылып, тастарды жылжып кетуден сақтайды. Кавказ таудағаны өзінің таралу аймағы бойынша солтүстік-шығыста ең сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />