Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жарынқұдық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ЖАРЫНҚҰДЫҚ– Сам құмының батысы мен оңтүстігінде жатқан сор. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында. Ендік бағытта созылып жатқан сордың ұзындығы 110 км, енді жері шығысында (12 км). Батыс бөлігінің жағалауы ашық, жайпақ. Сам құмымен шектесетін бөлігінің жағалауы биіктеу келген. Сор жағалауында бұйырғын, баялыш, жусан, күйреуік, солтүстігі мен батысында бұталар өседі. Құмға жақын жерінде Төлеш, Тасқабақ, т.б. қыстаулар орналасқан. Оңтүстік-батысынан мұнай, газ құбырлары және т. ж. өтеді. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>