Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Серіккелді Исағұлұлы Әбдірахманов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Әдрірахманов Серіккелді Исағұлұлы 1950 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең ауданының Ворошилов кентінде туған.
Әкесі - Әбдірахманов Исағұл, Анасы - Әбдірахманова Айымхан, зейнеткер.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1982), заңгер.
| Жыл | Оқиға |
|---|---|
| 1968 жылдың қыркүйек айынан | Алматы облысының Есік шарушылық жөндеу-құрылыс учаскесін 2-ші дәрежелі жұмысшы. |
| 1968 жылдың қараша айынан | Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. |
| 1971 жылдың қаңтар айынан | Алматы облысының электр тораптары жүйесінде жұмыс істеген. |
| 1971 жылдың желтоқсан айынан | Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы. |
| 1983 жылдан | Гурьев қалалық сотының судьясы. |
| 1990 жылдан | Алматы облысы Талғар аудандық сотының төрағасы. |
| 2010 жылдың қаңтар айынан | Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы. |
| 2010 жылдың ақпан айынан бері | Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы. |
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
(2005) мерейтой медальдарымен марапатталған.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Әбдірахманова Найля Михайловна (1952 ж. туған), мұғалім. Қыздары - Әбдірахманова Бибігүл (1974 ж. туған), Әбдірахманова Эльмира (1977 ж. туған), Әбдірахманова Гүлмира (1980 ж. туған); ұлы - Әбдірахманов Азамат (1985 ж. туған).<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
Дереккөздер
<references/>