Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қылышпай Жылқыбайұлы Салмұхаметов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Заң)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Қылышпай Жылқыбайұлы Салмұхаметов 1966 жылы 5 шілдеде РКФСР Челябі облысы Чесмен ауданының Зеленая Долина кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Салмұхаметов Жылқыбай Мұхамадұлы (1937- 1995), кеңшар жұмысшысы болған. Анасы - Салмұхаметова Күләйдархан Тұлыпқызы (1939 жылы туған), зейнеткер. Р.А. Руденко атындағы Свердлов заң институтының криминалдық тергеу факультетін бітірген (1990), құқықтанушы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

  • 1990 жылдан - Қостанай облысы Рудный қалалық ішкі істер бөлімінің тергеушісі.
  • 1993 жылдан - әкімшілік басқару және атқару өндірісі жөніндегі судья;
  • 1994 жылдан - халық судьясы;
  • 1996 жылдан - Рудный қалалық сотының төрағасы.
  • 2002 жылдан - Қостанай облыстық сотының судьясы.
  • 2010 жылдан бері - Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы.

Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталған (2007), ҚР Жоғарғы Сотының алғыс хатын алған (2008).

  • Әскери атағы - запастағы әділет аға лейтенанты.
  • Діни көзқарасы - дүние жүзіндегі діндердің барлық түрлеріне құрметпен қарау.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемнің үздік дамыған 50 елінің қатарына кіреді».
  • Хоббиі - волейбол, су асты саятшылығы.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Салмұхаметова Айнаш Сейілбекқызы, жеке нотариус. Қызы - Салмұхаметова Айсұлу, ҚазМЗА студенті, ұлы - Салмұхаметов Болат, Қостанай қаласы гимназиясының оқушысы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала