Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тоқтамыс хан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
Жол нөмірі 3: Жол нөмірі 3:
 
  | Қазақша есімі        = Тоқтамыс хан
 
  | Қазақша есімі        = Тоқтамыс хан
 
  | Шынайы есімі        =  
 
  | Шынайы есімі        =  
  | Суреті              = Тоқтамыс хан.jpg
+
  | Суреті              = Battle between Timur and Toqtamish Khan in 1391. Zafarnama of 1436 (Toqtamish detail).jpg
  | Атауы                =  
+
  | Атауы                = Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның шайқасы. 1391 жыл. (Зафарнама, 1436 жыл, Тоқтамыс фрагменті)
 
  | Сурет ені            =
 
  | Сурет ені            =
 
  | Титулы              = [[Алтын Орда]]ның 31-ші ханы
 
  | Титулы              = [[Алтын Орда]]ның 31-ші ханы
Жол нөмірі 11: Жол нөмірі 11:
 
  | Ту2                  =  
 
  | Ту2                  =  
 
  | Басқара бастады      = [[1380 жыл|1380]]
 
  | Басқара бастады      = [[1380 жыл|1380]]
  | Басқаруын аяқтады    = [[1399]]
+
  | Басқаруын аяқтады    = [[1395 жыл|1395]]
 
  | Басқарған кезеңі    =  
 
  | Басқарған кезеңі    =  
 
  | Ізашары              = [[Арабшах хан]]
 
  | Ізашары              = [[Арабшах хан]]
  | Ізбасары            = [[Құйыршық хан]]
+
  | Ізбасары            = [[Қойыршақ хан]]
 
  | Тәж кигізу жорасы    =
 
  | Тәж кигізу жорасы    =
 
  | Титулы_2            = [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Орда]]ның 12-ші ханы  
 
  | Титулы_2            = [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Орда]]ның 12-ші ханы  
Жол нөмірі 21: Жол нөмірі 21:
 
  | Реті_2              =  
 
  | Реті_2              =  
 
  | Басқара бастады_2    = [[1378 жыл|1378]]
 
  | Басқара бастады_2    = [[1378 жыл|1378]]
  | Басқаруын аяқтады_2  = [[1399 жыл|1399]]
+
  | Басқаруын аяқтады_2  = [[1395 жыл|1395]]
  | Ізашары_2            = [[Темірмәлік хан]]
+
  | Ізашары_2            = [[Темір Мәлік хан]]
  | Ізбасары_2          = [[Құйыршық хан]]
+
  | Ізбасары_2          = [[Қойыршақ хан]]
 
  | Титулы_3            =  
 
  | Титулы_3            =  
 
  | Ту_3                =  
 
  | Ту_3                =  
Жол нөмірі 34: Жол нөмірі 34:
 
  | Діні                = [[Ислам]]
 
  | Діні                = [[Ислам]]
 
  | Азаматтығы              =  
 
  | Азаматтығы              =  
  | Туған күні        = 1350
+
  | Туған күні        = 1340/1350
 
  | Туған жері        =  
 
  | Туған жері        =  
 
  | Қайтыс болған күні  = 1406  
 
  | Қайтыс болған күні  = 1406  
Жол нөмірі 51: Жол нөмірі 51:
 
  | Басқарды            =  
 
  | Басқарды            =  
 
  | Шайқасы              =
 
  | Шайқасы              =
}}  
+
}}  
'''Тоқтамыс хан''' (шамамен 1350 – 1406) – [[Алтын Орда]] ханы (1380 – 97/98). [[Маңғыстау]]да билеуші болған Тұй Қожа оғланның баласы. [[Жошы хан]] әулетінен.
+
{{мағына|Тоқтамыс (айрық)}} 
 +
'''Тоқтамыс хан''' (шамамен 1340/1350 – 1406) – [[Алтын Орда]] ханы (1380 – 1395). [[Жошы хан|Жошы ханның]] он үшінші ұлы [[Тоқа Темір]] әулетінен.<ref>''Султанов Т. И.'' Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. — <abbr>М.</abbr>: АСТ, 2007. — 446 с. —  <nowiki>ISBN 5-17-035804-0</nowiki>.</ref>
 +
 
 +
== Билікке келуі ==
 +
Тоқтамыс [[Маңғыстау облысы|Маңғыстау өңірінің]] билеушісі [[Түй Қожа|Туй-қожа]] [[Түй Қожа|оғланның]] ұлы. Орда ханы [[Ұрыс хан|Ұрыстың]] бұйрығына бағынбағаны үшін, [[Ұрыс хан]] 1372 жылы [[Түй Қожа|Тұй-Қожаны]] өлім жазасына кеседі. Тоқтамыс өмірі үшін қауіптеніп, [[Самарқан|Самарқанға]], [[Мәуереннаһр|Мауераннахр]] билеушісі [[Әмір Темір|Әмір Темірге]] қашады. Темірлан Тоқтамысқа пана беріп, келешекте оны [[Алтын Орда]] билігі үшін күресте пайдалануды көздейді.
 +
[[Сурет:Tamgha of Tokhtamish.gif|солға|нобай|223x223 нүкте|Тоқтамыс таңбасы]]
 +
1376 жылы Тоқтамыс [[Әмір Темір]] берген әскерді басқарып [[Алтын Орда|Алтын Ордаға]] қарсы үлкен жорық бастайды. [[Сауран]] маңында орын алған алғашқы шайқаста, Ұрыс ханның үлкен ұлы, Ақ Орда ханзадасы [[Құтлұғ Бұға|Құтлұғ-Бұға]] өлгенімен, Тоқтамыс жеңіліп, Темірге қашады. Көп ұзамай Темір берген жаңа әскердің басында ол Алтын Ордаға екінші шабуылын бастайды. Бұл жолы Ұрыс ханның екінші ұлы [[Тоқтақия хан|Тоқтақиядан]] тағы жеңіледі. [[Ұрыс хан]] [[Әмір Темір|Темірланға]] соғыс қаупімен Тоқтамысты өзіне беруді талап етеді, бірақ [[Әмір Темір|Ақсақ Темір]] бұл талапты қабылдамайды.
 +
 
 +
1377 жылы [[Әмір Темір|Әмір Темірдің]] өзі [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Ордаға]] қарсы жорыққа дайындала бастайды, сүйтіп қаңтарда Ақ Ордаға басып кіріп, [[Сығанақ|Сығанақтағы]] Ұрыс хан әскерлеріне қарама-қарсы орналасады. Бірақ қатты аяздан жауынгерлер қолдарына қару ұстай алмай, [[Әмір Темір|Темір]] Орданы жаулап алуды көктемге қалдырады. Алайда, [[Ұрыс хан]] кенеттен қайтыс болғандықтан, шешуші шайқас орын алмай, [[Әмір Темір|Темірлан]] Орданы жаулап алуды Тоқтамысқа қалдырады. Әкесі [[Ұрыс хан|Ұрыстың]] орнын [[Тоқтақия хан|Тоқтақия]] басқанымен, екі айдан кейін ол да қайтыс болады. Оның орнына билікке Ұрыс ханның келесі ұлы [[Темір Мәлік хан|Темір-Мәлік]] келеді. 1377 жылы орын алған қақтығыста [[Темір Мәлік хан|Темірмәлік]] жеңіске жетіп, Тоқтамыс өлімнен әрең құтылып, қайтадан қашады. Көптеген кемшіліктері мен әлсіздіктерінің салдарынан [[Темір Мәлік хан|Темір-Мәлік]] көп ұзамай биліктен айырыла бастайды. 1378 жылы, ағайынды Иса мен [[Едіге]] қолбасшыларының нұсқауымен, [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Орда]] әмірлері мен әскербасылары сатқындық жасап, Ақ Орда астанасы [[Сығанақ|Сығанақты]] Тоқтамысқа соғыссыз береді. Сүйтіп Тоқтамыс – хан тағайындалып, [[Темір Мәлік хан|Темірмәлік]] пен беклербегі [[Балтышақ]] (Иса мен Едігенің әкесі) екеуін өлім жазасына кеседі.
 +
 
 +
[[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Орда]] астанасы [[Сығанақ]] берілгеннен кейін, 1378 жылы Тоқтамыс, [[Мамай (беклербек)|Мамай]] [[Мамай (беклербек)|әмір]] басқарған [[Алтын Орда|Алтын Орданың]] батыс бөлігіне басып кіреді. 1380 жылдың сәуіріне қарай Тоқтамыс астана [[Сарай-Берке|Сарай-Беркені]] қосып, [[Азов теңізі|Азовқа]] дейінгі бүкіл [[Алтын Орда|Алтын Орданы]] басып алады. Таққа отырысымен [[Шыңғыс хан]] әулетінің тақ үшін 20 жыл бойғы қырқысуларын тоқтатып, ақша реформасын жүргізеді. [[Еділ]] бойындағы [[Алтын Орда]] қалаларының жандануы басталады. Сонымен қатар [[Көк Орда]], [[Хорезм]], [[Қажы-Тархан]], [[Қырым]] иеліктері мен тағы басқа ұсақ ордалардың басын қосып, [[Алтын Орда|Жошы ұлысының]] бірлігін қалпына келтіреді.<ref>''Пачкалов А. В.'' Золотоордынские города Нижнего Поволжья в конце XIV века // Золотоордынское наследие. Материалы Международной научной конференции «Политическая и социально-экономическая история Золотой Орды (XIII—XV вв.)». 17 марта 2009 г. Сб. статей. Вып. 1. — Казань: ФЭН, 2009. — ISBN 978-5-9690-0073-5</ref>
  
== Биографиясы ==
 
Әкесі Орыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін, [[Ақ Орда]]дан [[Әмір Темір]]ге қашып барды. 1378 – 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен [[Сығанақ]]ты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол [[Мамай]]дың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен [[Шыңғыс хан]] әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар [[Көк Орда]], [[Хорезм]], [[Қажы-Тархан]], [[Қырым]] иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды.
 
 
== Мәскеуге жорық ==
 
== Мәскеуге жорық ==
Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 жылы [[Мәскеу]]ді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 жылы туған [[Кавказ]]дағы Кура өзеніннде [[Әмір Темір]]ден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты.
+
[[Сурет:Оборона Москвы в 1382 году.jpg|солға|нобай|340x340 нүкте|1382 жылғы Мәскеу қорғанысы]]
 +
1380 жылы 8 қыркүйекте [[Куликов шайқасы|Куликов шайқасында]] Орда әмірі [[Мамай (беклербек)|Мамай]] орыс княздіктерінен ойсырата жеңіледі. 1380 жылы Калка шайқасында Тоқтамыс Мамай әскерінің қалдықтарын талқандайды. Мамай жасақтарының едәуір бөлігі Тоқтамыс жағына, оны заңды хан ретінде мойындап, соғыссыз өтеді. Мамайдың тағайындаған "қуыршақ ханы" [[Арабшах хан|Арабшах]] өлтіріліп, Мамайдың өзі [[Қырым|Қырымдағы]] Кафа қаласына қашып, сол жерде Тоқтамыс жіберген жасақтардың қолынан қаза табады. Осыдан кейін Тоқтамыс [[Алтын Орда|Алтын Орданы]] біріктіріп, орыс княздарына өзінің таққа отырғаны туралы елшілерін жіберіп, алым-салық төлеуді жаңартуларын талап етеді. Князьдер, хан елшілерін құрметпен қабылдап, ханға сыйлықтары мен алым-салықтарын жібереді. Алайда [[Мәскеу|Мәскеудің]] Ұлы Князі [[Дмитрий Донской]], жаңа билеушінің рұқсат белгісін алу үшін бармай, Алтын Орданың билігін мойындамайтынын көрсетеді.
 +
 
 +
1382 жылы Тоқтамыс үлкен әскермен [[Мәскеу|Мәскеуге]] аттанады. Мәскеуліктерге көмекке [[Литва]] князі [[Остей]] келеді. 1382 жылы 24 тамызда Тоқтамыс Мәскеуге жетеді, бірақ екі күн бойы қала қорғанын ала алмайды. Содан кейін қулыққа барады: [[Төменгі Новгород]] княздары [[Василий Кирдяпа]] мен [[Семён Дмитриевич|Семён Дмитриевичті]] жіберіп, олар қала тұрғындары бағынса, Тоқтамыс оларға еш жамандық жасамайды, деп ант береді. 26 тамызда Мәскеу беріледі, алайда уәде орындалмайды: 20-24 мыңдай адам өлтіріліп, қала тоналып, тұтастай өртеледі. [[Дмитрий Донской]] Ордаға төлемеген екі жылдық қарызы мен жаңа алым салықтың барлығын төлеп береді. Осыдан кейін ордалықтар Мәскеу түбіндегі Переславль, Владимир, Юрьев, Звенигород, Можайск және басқа қалаларды қиратып, тонап кетеді.<ref>''Полубояринова М. Д.'' Русь и Волжская Болгария в X—XV вв. — <abbr>М.</abbr>: Наука, 1993. — С. 10.</ref>
 +
 
 +
== Әмір Темірге қарсы күрес ==
 +
Мәскеуді бағындырғаннан кейін, Тоқтамыс, өз күшін бұрынғы қамқоршысы [[Әмір Темір|Әмір Темірге]] қарсы шығуға жеткілікті деп санады. Тоқтамыс оны таққа отырғызған Темірге қарыздар болғанымен, сауда жолдары мен ықпал ету аясы мәселелері [[Алтын Орда]] мен [[Темір әулеті|Темір империясын]] қақтығысқа әкелетіні сөзсіз болды.[[Сурет:The Karsakpay inscription.jpg|солға|нобай|340x340 нүкте|1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шыққан Әмір Темірдің Ұлытауда қалдырған [[Темір жазуы|құлыптас жазуы]]]]Даулы аймақтардың бірі [[Кавказ]] және [[Хорезм]] еді. 1385 жылы Темір әскерлері Орталық Иранға жорығын бастайды. Темірланды [[Әзербайжан|Әзірбайжанға]] өткізгісі келмеген Тоқтамыс сол жаққа 90 мыңдық әскерін жібереді. [[Тебриз|Тебризді]] басып алып, оны тонап алған хан, бай олжамен шегінеді.<ref>История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. — <abbr>Л.</abbr>: Изд-во ЛГУ, 1958. — С. 232. — 2250 экз.</ref> Бұл жерлер Темір империясының бөлігі болмаса да, Темірлан бұл жорықты өзіне бағытталған арандату ретінде қабылдайды. Сондықтан 1386 жылы Темірлан [[Кавказ|Кавказды]] жаулап алып, Тоқтамыс үшін [[Иран|Иранға]] баратын барлық жолдарды жауып тастайды.[[Сурет:Timur Golden Horde campaign.jpg|нобай|340x340 нүкте|1392-1396 жылғы Темірдің Алтын Ордаға жорығы]]Бұған жауап ретінде, 1388 жылы Тоқтамыс Темірлан иеліктерінің орталығына соққы жасайды. Алтын Орда әскерлері [[Сығанақ|Сығанақты]] басып өтіп, [[Мәуереннаһр|Мауераннахрға]] кіріп, [[Бұхара|Бұхараны]] қоршайды. Осы жағдайды пайдаланған Темірдің [[Моғолстан]] мен [[Хорезм|Хорезмдегі]] ескі қарсыластары көтеріліс бастайды. 1388 жылдың күзінде [[Самарқан|Самарқанға]] оралған Темір, ең алдымен жан жақтағы көтерілістерді басады. Хорезм астанасы [[Көнеүргеніш|Үргеніш]] жер бетінен жойылып, қала қалдықтарының үстінен арпа егіледі. Алайда Темір әскерлері қыстауға тараған соң, Тоқтамыс қайтадан [[Мәуереннаһр|Мауераннахрға]] басып кіреді. Бұған жауап ретінде Темір өзінің кеңесшілерін тыңдамай, қыс болғанына қарамастан, [[Самарқан]] мен [[Шахрисабз|Шахрисабзда]] әскер жинап, солтүстікке қарай аттанады. Темірдің әскері Тоқтамысты [[Сырдария|Сырдан]] әрі қарай ығыстырса да, басталған қарлы бораннан соғысты одан әрі жалғастыру мүмкін болмай, тараптар кері шегінеді.
 +
1389 жылы Темір [[Алтын Орда|Жошы Ұлысы жеріне]], солтүстікте Ертіске дейін жойқын жорық жасайды. Осыдан кейін Темір, өз иелігіне жиілеген шабуылдарды тию үшін, әскерін [[Моғолстан|Моғолстанға]] қарсы жібереді (1389-1390). Ал 1391 жылы, Темрілан 300 мыңдық әскерімен [[Алтын Орда]] жеріне үлкен жорық жасайды. Жазда [[Еділ|Еділге]] дейін жетіп, 18 маусымда [[Коңдырша өзеніндегі шайқас|Коңдырша өзеніндегі шайқаста]] Тоқтамыстың 350-400 мыңдық әскерін ойсырата жеңіп, қашқынға айналдырады. Осы жорыққа шығарда, [[Ұлытау таулары|Ұлытау]] маңында, Темір «ұрпаққа ескерту ретінде» [[Темір жазуы|құлыптас]] орнатуды бұйырады.
 +
 
 +
Әмір Темір, ақыры 1395 жылы, [[1395 жылғы Терек шайқасы|Теректе болған шайқаста]] Тоқтамысты біржолата жеңіп, [[Мәскеу]] шекарасына дейін қуады. Темірлан [[Алтын Орда|Алтын Орданың]] негізгі қалаларын қиратып, экономикасын құлдыратады. Тоқтамыстың бұл жеңілісі, орыс елінің татар-моңғол бодандығына қарсы күресіне де үлкен пайда әкеледі. Сонымен қатар соғыс нәтижесінде [[Ұлы Жібек жолы|Ұлы Жібек жолының]] Алтын Орда жерінен өткен [[Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы сілемі|солтүстік тармағы]] жойылып, сауда керуендерінің көбісі [[Темір әулеті|Темір мемлекетінің]] жерінен өте бастайды. Соғыс пен одан кейінгі ашаршылық салдарынан, Алтын Орда мемлекет ретінде жойылуға жақындайды. Орда билігі, орыс жерінде де, көршілес көшпелі ұлыстарда да әлсіреп, Алтын Орда аумағы біртіндеп [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Орда]], [[Қазан хандығы]], [[Қырым хандығы|Қрым хандығы]], [[Ұлы Орда|Үлкен орда]] және [[Сібір хандығы|Сібір хандықтарына]] бөлініп, ыдырай бастайды.<ref>''Martin, Janet.'' Medieval Russia, 980-1584. — Cambridge University Press, 2007-12-06. — <nowiki>ISBN 9780521859165</nowiki>.</ref>
 +
 
 +
Бұл жеңілістерден кейін Тоқтамыс тағынан айырылып, Темірдің тағайындаған қуыршақ хандары мен әмірлерімен үздіксіз күрес жүргізуге мәжбүр болады.
 +
 
 +
== Едігеге қарсы күрес ==
 +
[[Сурет:Golden Horde 1389-ru.svg|нобай|340x340 нүкте|1389 жылғы Алтын Орда жері]]
 +
Сақталып қалған тарихи жарлықта, Тоқтамыстың 1393 жылы [[Польша]] патшасы [[Ягайло|Ягайлоға]] жүгінгені көрсетілген. 1396 жылы Темірланның [[Алтын Орда|Алтын Ордаға]] тағайындаған ханы, [[Ұрыс хан|Ұрыс ханның]] кіші ұлы [[Қойыршақ хан|Қойыршақтан]] тағы бір жеңіліске ұшыраған Тоқтамыс [[Литва]] князі [[Витовт|Витовтке]] қашады. Одан [[Алтын Орда|Орданы]] қайтару үшін көмек сұрайды, есесіне Солтүстік Ресейдің жерлерін Литваға беруге келіседі.<ref>''Ivinskis, Zenonas.'' Lietuvos istorija iki Vytauto Didžiojo mirties : [лит.]. — Rome : Lietuvių katalikų mokslo akademija, 1978. — P. 314–319.</ref> [[Витовт]] Тоқтамысты өз қорғауына алып, [[Лида]] қаласын тұратын ордасы қылып береді (1396-1399). Лидадағы Тоқтамыс тұрған хан сарайы, ұзақ уақыт бойына "Тоқтамыс сарайы" атағын сақтаған.<ref>Старший научный сотрудник Сливкин Валерий Васильевич. Тохтамышев Двор. <nowiki>https://lixmuseum.by/ru/tohtamyshev-dvor-dekanka/</nowiki></ref>
 +
 
 +
1397 жылы Темірдің [[Алтын Орда|Алтын Ордада]] қалдырған қолбасшысы [[Едіге]], [[Қойыршақ хан|Құйыршық ханның]] күшейуінен сескеніп оған қарсы шығады да Орда астанасы [[Сарай-Берке|Сарайды]] басып алады. Едіге, [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Ордаға]] қашқан [[Қойыршақ хан|Қойыршақтың]] орнына, оның ағасы [[Темір Мәлік хан|Темір Мәліктің]] ұлы [[Темір Құтлық хан|Темір Құтлұқты]], өзіне бағынатын "қуыршақ хан" қылып тағайындап, өзі Алтын Орданың [[беклербек|беклербегі]] атанып, бүкіл билікті қолына жинайды.<ref>Seleznëv 174; Počekaev 2010: 181-187; Reva 2016: 704; May 2018: 307-308 considers Tīmūr Qutluq to be a Timurid protégé, but this is unlikely, given his desertion and his opposition to Quyurchuq.</ref>
 +
 
 +
Осы кезде Тоқтамыс пен [[Витовт]] 1397 және 1398 жылдары [[Әмір Темір|Темірлан]] талқандаған [[Алтын Орда|Орда]] аумағына екі сәтті жорық жүргізеді. Бірінші жорығында [[Қара теңіз]] бен [[Қырым|Қырымға]] жетіп, еш қарсылықсыз бірнеше мың тұтқынды алады. Бұл тұтқындардың жартысын [[Тракай тарихи ұлттық саябағы (Литва)|Тракай]] маңына қоныстандырып, оларға өз дінін сақтауға мүмкіндік береді. Олардың ұрпақтары липкалар мен қараиттер деп аталып бүгінгі күнге дейін жетті.<ref>Sužiedėlis, Simas, ed. (1970-1978). Tatars. ''Encyclopedia Lituanica''. Vol. V. Boston, Massachusetts: Juozas Kapočius. p. 377. LCCN 74-114275.</ref> Келесі 1398 жылы Витовт пен Тоқтамыс әскерлері [[Днепр]] бойымен өтіп, солтүстік Қырымға шабуыл жасап, шығыста [[Дон өзені|Дон өзеніне]] дейін жетеді. [[Витовт]] өз шептерін нығайту үшін [[Днепр|Днепрдің]] сағасында қамал салады. Тоқтамыс, Едігенің жоқтығын пайдаланып, уақытша [[Сарай-Берке|Сарайды]] басып алады. Бірақ сол жылдың соңында [[Темір Құтлық хан|Темір Құтлұқ]] пен [[Едіге|Едігеден]] жеңіліп, қайтадан Литваға қашып кетеді. Темір Құтлұқ пен Едіге [[Кафа|Кафаны]] бағындырып, Орданың оңтүстік-батысындағы өз билігін қалпына келтіреді. Ордадағы ішкі қырғын-қақтығыстар [[Витовт]] үшін оң нәтиже әкеліп, ол бүкіл орыс жерлерінің билеушісі болып, [[Алтын Орда|Алтын Орданы]] да өзінің саяси ықпалына бағындыруды жоспарлайды. Ал Тоқтамысты өзінің экспансионистік саясатының құралы ретінде пайдалануды көздейді.<ref>''Lukowski, Jerzy.'' A Concise History of Poland / Jerzy Lukowski, Hubert Zawadzki. — Cambridge University Press, 2001. — P. 38. — <nowiki>ISBN 0-521-55109-9</nowiki>.</ref>
 +
 
 +
[[Темір Құтлық хан|Темір Құтлұқ]] Литваның князі Витовттан Тоқтамысты өзіне беруді талап еткенде, ол бас тартып, былай жауап береді: «Мен Тоқтамысты бермеймін, бірақ мен Темір-Кутлу патшамен жеке кездесуді қалаймын». Алдыңғы табыстарынан шабыттанған Витовт «Татарларға қарсы крест жорығын» жариялап, 1399 жылы мамырда Рим Папасы [[IX Бонифаций|IX Бонифацийдің]] ресми мақұлдауына ие болады.<ref>''Kiaupa, Zigmantas.'' The History of Lithuania Before 1795 / Zigmantas Kiaupa, Jūratė Kiaupienė, Albinas Kuncevičius. — English. — Vilnius : Lithuanian Institute of History, 2000. — P. 135–136. — <nowiki>ISBN 9986-810-13-2</nowiki>.</ref>
 +
 
 +
1399 жылы Ордаға қарсы жорыққа шыққан [[Витовт]], Тоқтамыстың одақтас әскерлерімен бірге Ворскла өзенінде тоқтайды. Жаудың күші мен санын көрген [[Темір Құтлық хан|Темір Құтлұқ]] бастапқыда бейбіт келіссөздерге кірісті (басқа нұсқа бойынша келіссөздер Едіге әскерінің келгенінше уақыт созу үшін жүргізілген). Осы кезде [[Едіге]] жасақтарымен өзен жағасына келіп, келіссөзді тоқтатып, [[Темір Құтлық хан|Темір Құтлұқты]] соғысты жалғастыруға көндіреді. Орда жасақтарын басқарып, Едіге 1399 жылы 12 тамызда [[Ворскла бойындағы шайқас|Ворскла өзені бойындағы шайқаста]] [[Витовт|Витовтты]] талқандайды. Майдан даласынан бірінші болып Тоқтамыстың жасақтары қашады. [[Едіге]] Витовт әскерлерінің қалдықтарын [[Киев]] қаласына дейін қуады. [[Едіге]] мен [[Темір Құтлық хан|Темір Құтлұқ]] Киевтен 3000 рубль күмісті төлем ретінде алып, Литва жерлерін [[Луцк]] қаласына дейін тонап, өз ұлыстарына оралады.
 +
 
 +
Тоқтамыс ақыры бұрынғы саяси ықпалынан айырылып, солтүстікке қашып, өзіне адал қалған жасақтардың арқасында [[Сібір хандығы|Сібірде]] билік құрады.<ref>''Бустанов А. К..'' Западная Сибирь под властью ордынских правителей (династический аспект).</ref> Соңғы жылдарын Едігемен араздасып, тіпті бұрынғы жауы Әмір Темірге елшілік жіберіп, татулыққа ұмтыла бастайды. Осынша жыл күрескеннен кейін [[Едіге]] үлкен жеңісіне қарамастан, Тоқтамысқа тыным бермей, оған қарсы табанды күресін ары-қарай жалғастырады.
 +
 
 +
1405 жылы [[Әмір Темір]] қайтыс болады. Ал 1406 жылы [[Едіге|Едігемен]] болған он алтыншы шайқасында Тоқтамыс ақыры жеңіліп, өлтіріледі.<ref>''Kiaupa, Zigmantas.'' The History of Lithuania Before 1795 / Zigmantas Kiaupa, Jūratė Kiaupienė, Albinas Kuncevičius. — English. — Vilnius : Lithuanian Institute of History, 2000. — P. 135–136. — <nowiki>ISBN 9986-810-13-2</nowiki>.</ref>
 +
 
 +
== Жанұясы ==
 +
[[Сурет:ChufutKale1.JPG|нобай|340x340 нүкте|Тоқтамыстың қызы, Едігенің әйелі - Жанике кесенесі]]
 +
Тоқтамыстың арғы аталары – әкесі [[Түй Қожа|Түй-Қожа]], атасы [[Құтлұғ-Қожа]], Күншек, Сарыш, Ұран-Темір, [[Тоқа Темір|Тоқа-Темір]], [[Жошы хан]].<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
 +
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
 +
 
 +
Тоқтамыстың әйелдері: Тағай-бике; Шүкір-бике – Әмір Темірдің қызы; Ұрын-бике; [[Тұлынбек ханым]].<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
 +
 
 +
Тоқтамыс ханның сегіз ұл, бес қызы болды:
  
Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы [[Едіге]]нің қудалауына ұшырап, [[Литва]]ға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
+
# [[Жәлеләддин хан|Жәлеладдин]]
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
+
# [[Жаппарберді хан|Жаппарберді]]
 +
# Кепек
 +
# [[Керімберді хан|Керімберді]]
 +
# Ескендір
 +
# Әбу-Саид
 +
# Кушік
 +
# [[Қадырберді хан|Қадырберді]]
 +
# Малика-ханша
 +
# Ханике
 +
# Жанике-ханым (Едігенің әйелі)
 +
# Саадат-бике
 +
# Қадиша
  
 
== Дереккөздер ==
 
== Дереккөздер ==
Жол нөмірі 71: Жол нөмірі 126:
 
[[Санат:Алтын Орда хандары]]
 
[[Санат:Алтын Орда хандары]]
 
[[Санат:Тұлғалар]]
 
[[Санат:Тұлғалар]]
 +
[[Санат:Сібір хандығының билеушілері]]
 +
[[Санат:Тоқа Темір әулеті]]

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Үлгі:Мағына Тоқтамыс хан (шамамен 1340/1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 1395). Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темір әулетінен.<ref>Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. — М.: АСТ, 2007. — 446 с. — ISBN 5-17-035804-0.</ref>

Билікке келуі

Тоқтамыс Маңғыстау өңірінің билеушісі Туй-қожа оғланның ұлы. Орда ханы Ұрыстың бұйрығына бағынбағаны үшін, Ұрыс хан 1372 жылы Тұй-Қожаны өлім жазасына кеседі. Тоқтамыс өмірі үшін қауіптеніп, Самарқанға, Мауераннахр билеушісі Әмір Темірге қашады. Темірлан Тоқтамысқа пана беріп, келешекте оны Алтын Орда билігі үшін күресте пайдалануды көздейді.

Сурет:Tamgha of Tokhtamish.gif
Тоқтамыс таңбасы

1376 жылы Тоқтамыс Әмір Темір берген әскерді басқарып Алтын Ордаға қарсы үлкен жорық бастайды. Сауран маңында орын алған алғашқы шайқаста, Ұрыс ханның үлкен ұлы, Ақ Орда ханзадасы Құтлұғ-Бұға өлгенімен, Тоқтамыс жеңіліп, Темірге қашады. Көп ұзамай Темір берген жаңа әскердің басында ол Алтын Ордаға екінші шабуылын бастайды. Бұл жолы Ұрыс ханның екінші ұлы Тоқтақиядан тағы жеңіледі. Ұрыс хан Темірланға соғыс қаупімен Тоқтамысты өзіне беруді талап етеді, бірақ Ақсақ Темір бұл талапты қабылдамайды.

1377 жылы Әмір Темірдің өзі Ақ Ордаға қарсы жорыққа дайындала бастайды, сүйтіп қаңтарда Ақ Ордаға басып кіріп, Сығанақтағы Ұрыс хан әскерлеріне қарама-қарсы орналасады. Бірақ қатты аяздан жауынгерлер қолдарына қару ұстай алмай, Темір Орданы жаулап алуды көктемге қалдырады. Алайда, Ұрыс хан кенеттен қайтыс болғандықтан, шешуші шайқас орын алмай, Темірлан Орданы жаулап алуды Тоқтамысқа қалдырады. Әкесі Ұрыстың орнын Тоқтақия басқанымен, екі айдан кейін ол да қайтыс болады. Оның орнына билікке Ұрыс ханның келесі ұлы Темір-Мәлік келеді. 1377 жылы орын алған қақтығыста Темірмәлік жеңіске жетіп, Тоқтамыс өлімнен әрең құтылып, қайтадан қашады. Көптеген кемшіліктері мен әлсіздіктерінің салдарынан Темір-Мәлік көп ұзамай биліктен айырыла бастайды. 1378 жылы, ағайынды Иса мен Едіге қолбасшыларының нұсқауымен, Ақ Орда әмірлері мен әскербасылары сатқындық жасап, Ақ Орда астанасы Сығанақты Тоқтамысқа соғыссыз береді. Сүйтіп Тоқтамыс – хан тағайындалып, Темірмәлік пен беклербегі Балтышақ (Иса мен Едігенің әкесі) екеуін өлім жазасына кеседі.

Ақ Орда астанасы Сығанақ берілгеннен кейін, 1378 жылы Тоқтамыс, Мамай әмір басқарған Алтын Орданың батыс бөлігіне басып кіреді. 1380 жылдың сәуіріне қарай Тоқтамыс астана Сарай-Беркені қосып, Азовқа дейінгі бүкіл Алтын Орданы басып алады. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 20 жыл бойғы қырқысуларын тоқтатып, ақша реформасын жүргізеді. Еділ бойындағы Алтын Орда қалаларының жандануы басталады. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен тағы басқа ұсақ ордалардың басын қосып, Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіреді.<ref>Пачкалов А. В. Золотоордынские города Нижнего Поволжья в конце XIV века // Золотоордынское наследие. Материалы Международной научной конференции «Политическая и социально-экономическая история Золотой Орды (XIII—XV вв.)». 17 марта 2009 г. Сб. статей. Вып. 1. — Казань: ФЭН, 2009. — ISBN 978-5-9690-0073-5</ref>

Мәскеуге жорық

Сурет:Оборона Москвы в 1382 году.jpg
1382 жылғы Мәскеу қорғанысы

1380 жылы 8 қыркүйекте Куликов шайқасында Орда әмірі Мамай орыс княздіктерінен ойсырата жеңіледі. 1380 жылы Калка шайқасында Тоқтамыс Мамай әскерінің қалдықтарын талқандайды. Мамай жасақтарының едәуір бөлігі Тоқтамыс жағына, оны заңды хан ретінде мойындап, соғыссыз өтеді. Мамайдың тағайындаған "қуыршақ ханы" Арабшах өлтіріліп, Мамайдың өзі Қырымдағы Кафа қаласына қашып, сол жерде Тоқтамыс жіберген жасақтардың қолынан қаза табады. Осыдан кейін Тоқтамыс Алтын Орданы біріктіріп, орыс княздарына өзінің таққа отырғаны туралы елшілерін жіберіп, алым-салық төлеуді жаңартуларын талап етеді. Князьдер, хан елшілерін құрметпен қабылдап, ханға сыйлықтары мен алым-салықтарын жібереді. Алайда Мәскеудің Ұлы Князі Дмитрий Донской, жаңа билеушінің рұқсат белгісін алу үшін бармай, Алтын Орданың билігін мойындамайтынын көрсетеді.

1382 жылы Тоқтамыс үлкен әскермен Мәскеуге аттанады. Мәскеуліктерге көмекке Литва князі Остей келеді. 1382 жылы 24 тамызда Тоқтамыс Мәскеуге жетеді, бірақ екі күн бойы қала қорғанын ала алмайды. Содан кейін қулыққа барады: Төменгі Новгород княздары Василий Кирдяпа мен Семён Дмитриевичті жіберіп, олар қала тұрғындары бағынса, Тоқтамыс оларға еш жамандық жасамайды, деп ант береді. 26 тамызда Мәскеу беріледі, алайда уәде орындалмайды: 20-24 мыңдай адам өлтіріліп, қала тоналып, тұтастай өртеледі. Дмитрий Донской Ордаға төлемеген екі жылдық қарызы мен жаңа алым салықтың барлығын төлеп береді. Осыдан кейін ордалықтар Мәскеу түбіндегі Переславль, Владимир, Юрьев, Звенигород, Можайск және басқа қалаларды қиратып, тонап кетеді.<ref>Полубояринова М. Д. Русь и Волжская Болгария в X—XV вв. — М.: Наука, 1993. — С. 10.</ref>

Әмір Темірге қарсы күрес

Мәскеуді бағындырғаннан кейін, Тоқтамыс, өз күшін бұрынғы қамқоршысы Әмір Темірге қарсы шығуға жеткілікті деп санады. Тоқтамыс оны таққа отырғызған Темірге қарыздар болғанымен, сауда жолдары мен ықпал ету аясы мәселелері Алтын Орда мен Темір империясын қақтығысқа әкелетіні сөзсіз болды.
Сурет:The Karsakpay inscription.jpg
1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шыққан Әмір Темірдің Ұлытауда қалдырған құлыптас жазуы
Даулы аймақтардың бірі Кавказ және Хорезм еді. 1385 жылы Темір әскерлері Орталық Иранға жорығын бастайды. Темірланды Әзірбайжанға өткізгісі келмеген Тоқтамыс сол жаққа 90 мыңдық әскерін жібереді. Тебризді басып алып, оны тонап алған хан, бай олжамен шегінеді.<ref>История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. — Л.: Изд-во ЛГУ, 1958. — С. 232. — 2250 экз.</ref> Бұл жерлер Темір империясының бөлігі болмаса да, Темірлан бұл жорықты өзіне бағытталған арандату ретінде қабылдайды. Сондықтан 1386 жылы Темірлан Кавказды жаулап алып, Тоқтамыс үшін Иранға баратын барлық жолдарды жауып тастайды.
Сурет:Timur Golden Horde campaign.jpg
1392-1396 жылғы Темірдің Алтын Ордаға жорығы
Бұған жауап ретінде, 1388 жылы Тоқтамыс Темірлан иеліктерінің орталығына соққы жасайды. Алтын Орда әскерлері Сығанақты басып өтіп, Мауераннахрға кіріп, Бұхараны қоршайды. Осы жағдайды пайдаланған Темірдің Моғолстан мен Хорезмдегі ескі қарсыластары көтеріліс бастайды. 1388 жылдың күзінде Самарқанға оралған Темір, ең алдымен жан жақтағы көтерілістерді басады. Хорезм астанасы Үргеніш жер бетінен жойылып, қала қалдықтарының үстінен арпа егіледі. Алайда Темір әскерлері қыстауға тараған соң, Тоқтамыс қайтадан Мауераннахрға басып кіреді. Бұған жауап ретінде Темір өзінің кеңесшілерін тыңдамай, қыс болғанына қарамастан, Самарқан мен Шахрисабзда әскер жинап, солтүстікке қарай аттанады. Темірдің әскері Тоқтамысты Сырдан әрі қарай ығыстырса да, басталған қарлы бораннан соғысты одан әрі жалғастыру мүмкін болмай, тараптар кері шегінеді.

1389 жылы Темір Жошы Ұлысы жеріне, солтүстікте Ертіске дейін жойқын жорық жасайды. Осыдан кейін Темір, өз иелігіне жиілеген шабуылдарды тию үшін, әскерін Моғолстанға қарсы жібереді (1389-1390). Ал 1391 жылы, Темрілан 300 мыңдық әскерімен Алтын Орда жеріне үлкен жорық жасайды. Жазда Еділге дейін жетіп, 18 маусымда Коңдырша өзеніндегі шайқаста Тоқтамыстың 350-400 мыңдық әскерін ойсырата жеңіп, қашқынға айналдырады. Осы жорыққа шығарда, Ұлытау маңында, Темір «ұрпаққа ескерту ретінде» құлыптас орнатуды бұйырады.

Әмір Темір, ақыры 1395 жылы, Теректе болған шайқаста Тоқтамысты біржолата жеңіп, Мәскеу шекарасына дейін қуады. Темірлан Алтын Орданың негізгі қалаларын қиратып, экономикасын құлдыратады. Тоқтамыстың бұл жеңілісі, орыс елінің татар-моңғол бодандығына қарсы күресіне де үлкен пайда әкеледі. Сонымен қатар соғыс нәтижесінде Ұлы Жібек жолының Алтын Орда жерінен өткен солтүстік тармағы жойылып, сауда керуендерінің көбісі Темір мемлекетінің жерінен өте бастайды. Соғыс пен одан кейінгі ашаршылық салдарынан, Алтын Орда мемлекет ретінде жойылуға жақындайды. Орда билігі, орыс жерінде де, көршілес көшпелі ұлыстарда да әлсіреп, Алтын Орда аумағы біртіндеп Ақ Орда, Қазан хандығы, Қрым хандығы, Үлкен орда және Сібір хандықтарына бөлініп, ыдырай бастайды.<ref>Martin, Janet. Medieval Russia, 980-1584. — Cambridge University Press, 2007-12-06. — ISBN 9780521859165.</ref>

Бұл жеңілістерден кейін Тоқтамыс тағынан айырылып, Темірдің тағайындаған қуыршақ хандары мен әмірлерімен үздіксіз күрес жүргізуге мәжбүр болады.

Едігеге қарсы күрес

Сурет:Golden Horde 1389-ru.svg
1389 жылғы Алтын Орда жері

Сақталып қалған тарихи жарлықта, Тоқтамыстың 1393 жылы Польша патшасы Ягайлоға жүгінгені көрсетілген. 1396 жылы Темірланның Алтын Ордаға тағайындаған ханы, Ұрыс ханның кіші ұлы Қойыршақтан тағы бір жеңіліске ұшыраған Тоқтамыс Литва князі Витовтке қашады. Одан Орданы қайтару үшін көмек сұрайды, есесіне Солтүстік Ресейдің жерлерін Литваға беруге келіседі.<ref>Ivinskis, Zenonas. Lietuvos istorija iki Vytauto Didžiojo mirties : [лит.]. — Rome : Lietuvių katalikų mokslo akademija, 1978. — P. 314–319.</ref> Витовт Тоқтамысты өз қорғауына алып, Лида қаласын тұратын ордасы қылып береді (1396-1399). Лидадағы Тоқтамыс тұрған хан сарайы, ұзақ уақыт бойына "Тоқтамыс сарайы" атағын сақтаған.<ref>Старший научный сотрудник Сливкин Валерий Васильевич. Тохтамышев Двор. https://lixmuseum.by/ru/tohtamyshev-dvor-dekanka/</ref>

1397 жылы Темірдің Алтын Ордада қалдырған қолбасшысы Едіге, Құйыршық ханның күшейуінен сескеніп оған қарсы шығады да Орда астанасы Сарайды басып алады. Едіге, Ақ Ордаға қашқан Қойыршақтың орнына, оның ағасы Темір Мәліктің ұлы Темір Құтлұқты, өзіне бағынатын "қуыршақ хан" қылып тағайындап, өзі Алтын Орданың беклербегі атанып, бүкіл билікті қолына жинайды.<ref>Seleznëv 174; Počekaev 2010: 181-187; Reva 2016: 704; May 2018: 307-308 considers Tīmūr Qutluq to be a Timurid protégé, but this is unlikely, given his desertion and his opposition to Quyurchuq.</ref>

Осы кезде Тоқтамыс пен Витовт 1397 және 1398 жылдары Темірлан талқандаған Орда аумағына екі сәтті жорық жүргізеді. Бірінші жорығында Қара теңіз бен Қырымға жетіп, еш қарсылықсыз бірнеше мың тұтқынды алады. Бұл тұтқындардың жартысын Тракай маңына қоныстандырып, оларға өз дінін сақтауға мүмкіндік береді. Олардың ұрпақтары липкалар мен қараиттер деп аталып бүгінгі күнге дейін жетті.<ref>Sužiedėlis, Simas, ed. (1970-1978). Tatars. Encyclopedia Lituanica. Vol. V. Boston, Massachusetts: Juozas Kapočius. p. 377. LCCN 74-114275.</ref> Келесі 1398 жылы Витовт пен Тоқтамыс әскерлері Днепр бойымен өтіп, солтүстік Қырымға шабуыл жасап, шығыста Дон өзеніне дейін жетеді. Витовт өз шептерін нығайту үшін Днепрдің сағасында қамал салады. Тоқтамыс, Едігенің жоқтығын пайдаланып, уақытша Сарайды басып алады. Бірақ сол жылдың соңында Темір Құтлұқ пен Едігеден жеңіліп, қайтадан Литваға қашып кетеді. Темір Құтлұқ пен Едіге Кафаны бағындырып, Орданың оңтүстік-батысындағы өз билігін қалпына келтіреді. Ордадағы ішкі қырғын-қақтығыстар Витовт үшін оң нәтиже әкеліп, ол бүкіл орыс жерлерінің билеушісі болып, Алтын Орданы да өзінің саяси ықпалына бағындыруды жоспарлайды. Ал Тоқтамысты өзінің экспансионистік саясатының құралы ретінде пайдалануды көздейді.<ref>Lukowski, Jerzy. A Concise History of Poland / Jerzy Lukowski, Hubert Zawadzki. — Cambridge University Press, 2001. — P. 38. — ISBN 0-521-55109-9.</ref>

Темір Құтлұқ Литваның князі Витовттан Тоқтамысты өзіне беруді талап еткенде, ол бас тартып, былай жауап береді: «Мен Тоқтамысты бермеймін, бірақ мен Темір-Кутлу патшамен жеке кездесуді қалаймын». Алдыңғы табыстарынан шабыттанған Витовт «Татарларға қарсы крест жорығын» жариялап, 1399 жылы мамырда Рим Папасы IX Бонифацийдің ресми мақұлдауына ие болады.<ref>Kiaupa, Zigmantas. The History of Lithuania Before 1795 / Zigmantas Kiaupa, Jūratė Kiaupienė, Albinas Kuncevičius. — English. — Vilnius : Lithuanian Institute of History, 2000. — P. 135–136. — ISBN 9986-810-13-2.</ref>

1399 жылы Ордаға қарсы жорыққа шыққан Витовт, Тоқтамыстың одақтас әскерлерімен бірге Ворскла өзенінде тоқтайды. Жаудың күші мен санын көрген Темір Құтлұқ бастапқыда бейбіт келіссөздерге кірісті (басқа нұсқа бойынша келіссөздер Едіге әскерінің келгенінше уақыт созу үшін жүргізілген). Осы кезде Едіге жасақтарымен өзен жағасына келіп, келіссөзді тоқтатып, Темір Құтлұқты соғысты жалғастыруға көндіреді. Орда жасақтарын басқарып, Едіге 1399 жылы 12 тамызда Ворскла өзені бойындағы шайқаста Витовтты талқандайды. Майдан даласынан бірінші болып Тоқтамыстың жасақтары қашады. Едіге Витовт әскерлерінің қалдықтарын Киев қаласына дейін қуады. Едіге мен Темір Құтлұқ Киевтен 3000 рубль күмісті төлем ретінде алып, Литва жерлерін Луцк қаласына дейін тонап, өз ұлыстарына оралады.

Тоқтамыс ақыры бұрынғы саяси ықпалынан айырылып, солтүстікке қашып, өзіне адал қалған жасақтардың арқасында Сібірде билік құрады.<ref>Бустанов А. К.. Западная Сибирь под властью ордынских правителей (династический аспект).</ref> Соңғы жылдарын Едігемен араздасып, тіпті бұрынғы жауы Әмір Темірге елшілік жіберіп, татулыққа ұмтыла бастайды. Осынша жыл күрескеннен кейін Едіге үлкен жеңісіне қарамастан, Тоқтамысқа тыным бермей, оған қарсы табанды күресін ары-қарай жалғастырады.

1405 жылы Әмір Темір қайтыс болады. Ал 1406 жылы Едігемен болған он алтыншы шайқасында Тоқтамыс ақыры жеңіліп, өлтіріледі.<ref>Kiaupa, Zigmantas. The History of Lithuania Before 1795 / Zigmantas Kiaupa, Jūratė Kiaupienė, Albinas Kuncevičius. — English. — Vilnius : Lithuanian Institute of History, 2000. — P. 135–136. — ISBN 9986-810-13-2.</ref>

Жанұясы

Сурет:ChufutKale1.JPG
Тоқтамыстың қызы, Едігенің әйелі - Жанике кесенесі

Тоқтамыстың арғы аталары – әкесі Түй-Қожа, атасы Құтлұғ-Қожа, Күншек, Сарыш, Ұран-Темір, Тоқа-Темір, Жошы хан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref> 

Тоқтамыстың әйелдері: Тағай-бике; Шүкір-бике – Әмір Темірдің қызы; Ұрын-бике; Тұлынбек ханым.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>

Тоқтамыс ханның сегіз ұл, бес қызы болды:

  1. Жәлеладдин
  2. Жаппарберді
  3. Кепек
  4. Керімберді
  5. Ескендір
  6. Әбу-Саид
  7. Кушік
  8. Қадырберді
  9. Малика-ханша
  10. Ханике
  11. Жанике-ханым (Едігенің әйелі)
  12. Саадат-бике
  13. Қадиша

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Алтын Орда хандары Үлгі:Ақ Орда хандары