Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мүбәрәк Қожа хан"
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мүбәрәк Қожа хан (т.ж.б. – 1343) – Ақ Орда ханы (1337 – 1340). Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Орда Еженнің ұрпағы, Ерзен ханның ұлы.<ref>Сабитов Ж. М. Генеалогия Джучидов в 13-18 веках // Генеалогия Торе. — Алма-Ата, 2008. — 326 с. — 1000 экз. — ISBN 9965-9416-2-9</ref>
Басқаруы
1337 жылы Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында хан көтерілді. Мүбәрәк Қожа жайлы деректер Муин әд-Дин Натанзи шығармаларында кездеседі. Ол Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1337–38 жылы Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырды. Мүбәрәк Қожаның дербестікке ұмтылуы Алтын Орда билеушілері тарапынан қатты қарсылыққа ұшыраса да 2 жыл бойы ешқандай іс әрекет жасалмады. Тек 1340 жылы Алтын Орда ханы Өзбек, Ақ Орданы қайтадан өзіне қарату үшін үлкен ұлы Тыныбекті әскермен жорыққа жібереді. Нәтижесінде Мүбәрәк Қожа ордадан қашуға мәжбүр болады, ал Ақ Ордадағы билік уақытша Тыныбектің қолына өтеді. Мұсылман авторларының айтуынша Мүбәрәк Қожа алтай мен қырғыздар арасында қашып жүріп, екі жарым жылдан соң қаза тапты. 1341 жылы Алтын Орда ханы Өзбек қайтыс болып, мұрагері Тыныбек Сарай тағын иемдену үшін Алтын Ордаға аттанады. Барар жолында, Сарайшық маңында, інісі Жәнібектің жақтастыры Тыныбекті өлтіріледі. Сүйтіп Алтын Ордадағы билік Жәнібектің қолына өтіп, ол 1344 жылғы жарлығымен Мүбәрәк Қожаның інісі Шымтайды Ақ Ордада хан қылып тағайындайды.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>
Үлгі:Start Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:End
Дереккөздер
<references/>