Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Денис Юрьевич Тен"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:07, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Денис Юрьевич Тен (13 маусым 1993 жыл, Алматы – 19 шілде 2018 жыл, Алматы) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері,<ref name="Kazinform">Үлгі:Cite web</ref> VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудың чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ванкувердегі Олимпиадада Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10-орынға жайғасты. Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (2009 жылғы сәуір), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (2009 жылғы ақпан), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (2009 жылғы наурыз), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (2008 жылғы қазан). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10-орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.<ref>http://kaz.tengrinews.kz/allsports/denis-ten-oz-nagradasyin--kazakstandyiktarga-tartu-ett-971/</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Тен Алматы қаласында туған және корей ұлтының өкілі болып табылады. Денис Корей империясы кезінде даңқты қолбасшысы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Калифорниядағы Лос-Анжелес қаласында жаттықты.
2018 жылғы 19 шілдеде пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды.<ref>Денис Тен қайтыс болды Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/denis-ten-kaytys-boldy_a3325390</ref>
Мансабы
Конькимен мәнерлеп сырғанауды денсаулық тобында үйренеді. Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, Денис басқа спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.
Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан.
2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді.
Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды. 2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді. Бірақ халықаралық деңгейде келесі жылдан бастап көрінеді, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болады. 2010 жылы Нидерланддағы Гран-при жасөспірімдер этапында оныншы болды.2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы.Сочи қысқы олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иегері.
Бағдарламалар
| Маусым | Қысқа бағдарлама | Ерікті бағдарламасы |
|---|---|---|
| 2014—2015 | Карузо Лучо Далла (исп. Джозеф Каллея) |
Ambush from Ten Sides Йо-Йо Ма Silk Road Ensemble Vocussion Ким Дон Вон, Дандеп Дас, Марк Сутер, Джозеф Грэмли, Шейн Шенахан |
| 2013—2014 | Өлім биі Камиль Сен-Санс (Лори Николь қойылымы) |
Ханым және тентек Дмитрий Дмитриевич Шостакович (Лори Николь қойылымы) |
| 2012—2013 | «Әртіс» к/ф-нен саундтрек Людовик Бурсе | |
| 2011—2012 | Элегия ор. 3 Сергей Рахманинов (Лори Николь қойылымы) |
«Adios Nonino» Астор Пьяццола (Лори Николь қойылымы) |
| 2010—2011 | «Primavera Porteno» Астор Пьяццолла (Стефан Ламбьель қойылымы) |
«Өлім биі» Ференц Лист (Лори Николь қойылымы) |
| 2009—2010 | «Sing, Sing, Sing» Луи Прима |
Пасодобль Аранхуэс концертінен Хоакин Родриго |
| 2008—2009 | Фламенко және «Бір жолы Мексикада» к/ф-нен саундтрек Брайан Сетцер |
Фортепиано үшін концерт № 2 Сергей Рахманинов |
| 2007—2008 | Фламенко және «Бір жолы Мексикада» к/ф-нен саундтрек Брайан Сетцер |
Сюита Пер Гюнт Эдвард Григ |
| 2006—2007 | «Фауст» операсының тақырыбына Фантазия Шарль Гуно |
«Маска» к/ф-нен саундтрек Рэнди Эдельман және «Moonlight Serenade» Гленн Миллер «Chatanooga Choo Choo» және «Summertime» Джордж Гершвин |
Спорттағы жетістіктері
2010 жылдан кейінгі нәтижелері
| Сайыс | 2010—2011 | 2011—2012 | 2012—2013 | 2013—2014 | 2014—2015 |
|---|---|---|---|---|---|
| Қысқы Олимпиада ойындары | 3 | ||||
| Әлем чемпионаты | 14 | 7 | 2 | 3 | |
| Төрт құрлық чемпионаттары | 6 | 12 | 4 | 1 | |
| Жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты | 4 | ||||
| Қазақстан чемпионаты | 1 | ||||
| Гран-при кезеңдері: Trophée Eric Bompard | 3 | ||||
| Гран-при кезеңдері: Cup of Russia | 9 | ||||
| Гран-при кезеңдері: Skate Canada | 5 | 6 | |||
| Гран-при кезеңдері: Skate America | 11 | 5 | 4 | ||
| Гран-при кезеңдері: NHK Trophy | 12 | ||||
| Nebelhorn Trophy | 9 | 7 | WD | ||
| Загреб Алтын конькиі | 2 | 1 | |||
| Қысқы Универсиада | WD | ||||
| Қысқы Азиа ойындары | 1 | ||||
| Mentor Nestle Nesquik Cup | 1 | ||||
| Istanbul Cup | 1 |
2010 жылға дейінгі нәтижелері
| Сайыс | 2004—2005 | 2005—2006 | 2006—2007 | 2007—2008 | 2008—2009 | 2009—2010 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Қысқы Олимпиада ойындары | 11 | |||||
| Әлем чемпионаты | 8 | 13 | ||||
| Төрт құрлық чемпионаттары | 9 | 10 | ||||
| Жасөспірімдер мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты | 26 | 16 | 4 | 9 | ||
| Қазақстан чемпионаты | 4 | 1 | 2 | 1 | ||
| Гран-при кезеңдері: Skate Canada | 7 | |||||
| Гран-при кезеңдері: Cup of China | 10 | |||||
| Ондрей Непела мемориалы | WD | |||||
| Загреб Алтын конькиі | 1 | |||||
| Финал | 5 | |||||
| Юниорлар Гран-при кезеңдері, Белоруссия | 1 | |||||
| Юниорлар Гран-при кезеңдері, Франция | 4 | |||||
| Юниорлар Гран-при кезеңдері, Эстония | 10 | |||||
| Юниорлар Гран-при кезеңдері, Румыния | 6 | |||||
| Юниорлар Гран-при кезеңдері, Нидерланд | 10 | |||||
| Hellmut Seibt Memorial | 1J. | |||||
| NRW Trophy | 1J. | 4<ref>Результаты NRW Trophy 2008 Үлгі:Webarchive</ref> | ||||
| Haabersti Cup | 1J. | |||||
| Dragon Trophy | 1J. | |||||
| Coupe Internationale Nice | 1N. |
- N = балалар деңгейі;
- J = жасөспірімдер деңгейі;
- WD = конкурстан шығып қалған
Дереккөздер
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 13 маусымда туғандар
- Алматыда туғандар
- 1993 жылы туғандар
- 19 шілдеде қайтыс болғандар
- 2018 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстанның Олимпиада қола жүлдегерлері
- Қазақстанның Қысқы Олимпиада жүлдегерлері
- Қазақстан мәнерлеп сырғанаушылары
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Төрт құрлық турнирінің чемпиондары
- 2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаушылары
- 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаушылары
- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері
- 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері
- 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаушылары
- Алфавит бойынша мәнерлеп сырғанаушылар